Макроэкономиканың бірінші классикалық моделі, ол бағаның жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныс пен өзара әрекеттестік механизмі. Осы классикалық моделінің негізінде
«Сэя заңы» болды. Ол заңға сәйкес, тауарлардың ұсынысы өзінің сұранысын тудырады. Мұнда, еңбектің қоғамдық бөліну жағдайында, әрбір өндіруші өзінің тауарын өзі өндірмейтін басқа тауарды сатып алу үшін сатады. Сондықтан, сұраныс мөлшері ұсыныс мөлшеріне тең болады. Бірақ, нақты нарықты экономика одан күрделі құрылған:
- тұтынушылардың саны өндірушілерден көп;
- тапқан табыс толық шығындалмайды, бір бөлігі сақталады;
- шығындардың бөлігін өндіруші несие арқылы жүргізеді.
Сонымен: сұраныс жинақтың мөлшеріне азаяды, ал ұсыныс несиенің мөлшеріне көбейеді. Осыдан мынадай қорытынды: жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңділігі жинақ пен инвестицияның теңдігін қажет етеді. AD=AS теңдігіне жету үшін S=І теңдігі қажет, ол макроэкономикалық тепе-теңділік механизмін айқындайды.
Табыс бөлігінен жинақтаушы тұлға, және несие есебінен инвестиция жасаушы тұлға – экономикадағы әртүрлі қатысушылар. Сондықтан, макроэкономикалық тепе-теңділігін, ол жинақтау және инвестиция мөлшерінің теңдік арқылы тек арнаулы реттеуімен нәтижесі болуы мүмкін. Қалай ол жетіледі? Сақтаудың мөлшері пайыз нормасымен белгіленеді. Пайыз нормасы жоғары болған сайын, жинақтың да мөлшері көп, немесе керісінше. Кәсіпкерлер инвестицияны несие арқылы жүргізеді, оған пайыз төленуі керек. Пайыз жоғары болған сайын, кәсіпкердің несие алу ынтасы төмендейді. Инвестиция, жинақтау және пайыз нормасымен байланысты төмендегі суретпен көруге болады.
r
S |
А |
i |
r1
r0
0
S0 L0
s, i
жинақ пен инвестиция
1.17-сурет. Инвестиция, жинақ және пайыз нормасының өзара байланысы
Сондықтан, сақтау мен инвестицияның теңдігін қамтамасыз ететін механизм – ол ақша құралдар нарығы, онда ұсыныс сақтаумен көрсетілген, ал сұраныс – инвестициямен, ал бағаның рөлін пайыз орындайды. Басқа сөзбен айтқанда, тепе- теңділік пайыз, бұл жинақ қарызына төлем, ол сақтаушылар мен инвесторларға да жарайды. Нарықты экономика қозғалысының механизмі, ол табыс – сақтау – инвестиция: табыстың өсімі жинақтың өсімін ынталандырады, олардың инвестицияға айналуы өндіріс көлемін және жұмысбастылықты көбейтеді – одан кейін тағы да табыстың мөлшері көбейеді, ал ол жинақтың өсуіне әкеледі және т.с.с. Сонымен, макроэкономика механизмін классикалық моделі ақша нарығында еркін баға құрылуына жеткізілген. Бұнда, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың және сақтау мен инвестицияның арасында сәйкестік жеткізілген AS=AD, S=I. Осыдан, нарықты экономика мемлекеттің реттеуші рөлін қажет етпей-ақ автоматты түрде артық өндіру, тапшылық, инфляция және жұмыссыздық дағдарыстан құтылады.
Классикалық модель экономикалық ғылым тарихында құрметті орынға ие. Ол нарықтық экономиканың тепе-теңдік динамикасында «жинақ – инвестиция» балансының басымдылығын дұрыс көрсетті. Бұл пайыз нормасында нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу механизмінің басты элементтерінің бірін көруге мүмкіндік берді.
ХХ ғасырдың 30 жылдардағы дағдарыс экономикадағы тепе-теңділік еркін бағаландыру арқасында, өзінше автоматты түрде болады деп есептеді. Сол дағдарыс экономикадағы тепе- теңділік еркін бағаландыру механизмі туралы ұғымға өзгеріс еңгізді. Ол ең алдымен жұмыссыздық пен инфляцияға қатысты.