Нарықты экономика – бұл өзі бір үлкен нарық. Бұл макронарық – басқа микронарыққа әсерін тигізеді. Сатыпалушы мен сатушының арақатынасы микроэкономика деңгейінде де күрделі, ал барлық нарықты экономика ауқымында арақатынас бірнеше рет күрделенеді. Макроэкономика, талдаудың ерекше әдісін талап етеді, себебі оған тиісті тәуелділік микроэкономикада белгісіз. Экономистер макроэкономикалық модельдер жасай отырып, қандай мақсаттар қойып отырғанын қараймыз.
Экономикалық теорияның түпкілікті түсінігі болатын категория экономикалық тепе-теңдік. Экономикалық тепе- теңдік – бұл ұлттық экономиканың, барлық нарықта бір уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік болу жағдайы. Экономикалық тепе-теңдік макроэкономикалық теорияда орталық орын алады, неге десе ол экономиканың оптималды жағдайын көрсетеді. Бұл қоғамдық өндірістің жоғарғы деңгейі мен экономикалық өсу қарқынын, толық жұмысбастылық, инфляцияны төмендету қамтамасыз етудің қажетті жағдайы.
Нарықты экономика жағдайын бір уақытта болатын екі жағдайдағы – тепе-теңдікте және теңсіздікте, тепе-теңдік және динамика ретінде сипаттауға болады. Нарықты экономикада барлық өндірілген өнімдер (жиынтық өндіріс) тауарға айналады (жиынтық ұсыныс) және сатылуы қажет (жиынтық сатылу көлемі). Ал барлық табыс (жиынтық табыс) жұмсалуы қажет (жиынтық сұраныс) және өткерілу керек (жиынтық тұтыну). Тек сонда ғана, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың мөлшері тең болады (AS=AD). Осындай идеалды, нарықты экономиканың жағдайы, экономикалық тепе-теңдікте болады. Өмірде оған жету мүмкін емес. Бірақ оған ұмтылу қажет.
Макроэкономика деңгейінде, барлық өндірілген тауарлар мен қызметтерді біріктірсе, онда ол жиынтық ұсыныс, ал қоғамның осы тауарлар мен қызметтерді тұтыну мүмкіндігі болса, ол жиынтық сұраныс болып табылады.
Нарықты экономика тұрақты қозғалыста болады, және ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдігін бұзып отырады. Тек сондай ауытқулар арқылы «экономикалық динамика» болады. Бұл нарықты экономиканың дамуы деп айтамыз.
Сондықтан, экономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдігін талап етеді (AD=AS), ал экономикалық динамика теңсіздікке итереді. Соған қарамай осы екі қойылатын міндетке: теңдікке және теңсіздікке нарықтық экономика жауап бере алады.
Макроэкономиканың негізгі көрсеткіштерін санды өлшеуге болады. Макроэкономикалық модельдер математикалық теңдеулер түрінде болады. Макроэкономикалық модельдер теңдескен мінездеме болады. Ол баланстыққа жеткізетін сәйкестік дейміз. Бұл теңдіктер шамалайды:
- өндіріс пен тұтыну арасында;
- табыс пен шығынның;
– ресурстар және оны пайдалану арасында;
- сұраныс пен ұсыныс арасында.
Тепе-теңдікке жету белгілі қиыншылықты туғызады. Бұл экономикадағы тепе-теңділікті бұзатын нақты құлдырау мен дағдарыс, жұмыссыздық және инфляциямен расталады. Тепе- теңділік экономиканың механизмін экономистер өздері жасап отырған макроэкономикалық модельдерінде көрсетуге талпынуда.
18 ғасырдағы Франция экономикасының мысалындағы жәй ұдайы өндірісті сипаттауы Ф. Кенә (1694-1774) кестесі. К. Маркстің моделі капиталистік жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен айналымының моделі. Еркін бәсеке заңы жағдайындағы жалпы экономикалық тепе-теңділік Л. Вальрас моделі (Австрия). Шығындар – шығару (В. Леонтьев) моделі. Дж. М. Кейнстің қысқа мерзімді экономикалық тепе-теңдік моделі. Бұл модельдер экономика тек өндіріс сферасына ғана қатысты болған кезге сәйкес келетін. Қазіргі экономикада өндірістен тыс сфералар (бөлу, қайта бөлу, айырбас) үлкен мәнге ие.
Макроэкономикалық модельдер нарықтық сипаттама қабылдады:
- жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс (AS=AD) моделі;
- елдің ұлттық есеп моделі; мұнда жиынтық ұлттық шығынның көлемі (AE) ұлттық табысқа (NІ) тең болуы;
- инвестиция жинақтарға тең (S=І) моделі.
Сонымен, нарықты экономиканың макроэкономикалық модельдері қазіргі экономикалық саясаттың теориялық негізін құрастырады. Бұл макроэкономикалық процестердің объективті логикасы және оның проблемаларын реттеу түсінігі болады.