Әрбір кәсіпорын өз капиталдарының барынша тиімді пайдалануға қызығушылық танытады. Өндірістік қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыруында үш басты бағыттарды атап көрсетуге болады.
Бірінші бағыт негізгі капиталға қатысты. Ол келесідей негізгі шаралар көмегімен қор қайтарымдылығының артуын (немесе қор сыйымдылығының төмендеуін) болжайды:
- орнатылмаған жабдықтарды, жұмыс жасамайтын жабдықтарды барынша қысқарту;
- белсенді қор үлесін ұлғайту, бәсең қорға шығындарды азайту;
- жабдық жұмысының ауысымдылығының коэффициентін арттыру (тұрып қалуларды еңсеру, техниканы пайдалануын және жөндеу жұмыстарын жақсарту, 2 және 3 – ауысымдағы еңбекті ынталандыру және т.б.);
- ескірген қорларды жаңа өнімділігі жоғары техникамен алмастыру;
- салымдарды және жаңа қуаттарды іске қосуды жеделдету. Екінші бағыт айналмалы капиталға қатысты. Бастысы өнімнің материал сыйымдылығын төмендету, яғни өнім бірлігін шығаруға кеткен материалды ресурстар (металл, ағаш, отын, энергия және т.б.) шығынын азайту. Бұл осы ресурстардың
үнемдеуін болжайды. Жеке алғанда:
- жаңа үнемді материалдарды және бұйымдардың прогрессивті конструкциясын қолдану;
- ресурстарды сақтайтын технологияларды ендіру және еңбекті рационалды ұйымдастыру;
- ресурстарды үнемдеуге және өнім сапасын жақсартуға ынталандыру.
Үшінші бағыт – капитал айналымының уақытын қысқарту. Мұндай қысқарту сол ресурстармен сол кезеңде көбірек өнім шығаруға мүмкіндік береді, бұл ресурстарды үнемдеумен тең келеді. Айналымның жылдамдатуының нақты жолдарын айқындау үшін капитал айналымының уақыт құрылымын білу қажет. Капитал айналымының уақыты – авансталған барлық құнының өндіріс аясы мен айналыс аясын өтуге кеткен уақыт.
Қор айналымының уақытын қысқарту жолдары өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіруден, ресурстарды үнемдеуден, жұмыс уақытын жоғалтуын жоюдан, ауысымдылық коэффициентін арттыру, шикізатты жеткізу ырғақтылығын қамтамасыз ету және өндірістік қорларды минималдаудан, жабдықтау жүйесін жақсартудан, өткізуден және т.б. тұрады.
Өндіріс уақыты — бұл өндірістік өрісте капиталдың болу кезеңі.
Капитал айналымының ұзақтылығы айналыс уақытының азаю есебінен қысқарады. Ол тауарларды сатып алу уақытынан (Д – Т) және дайын өнімді өткерілу уақытынан (Д’ – Т’) құрылады. Капитал айналымының жалпы уақыты өндірістік капиталдың құрамын жақсартуға байланысты азаяды.
Капиталдың әртүрлі бөліктері бизнес жасайтын адамға бір уақытта қайтып келмейді.