Тұтынушылар тәртібі

Тұтынушылар тәртібінің таңдауы теориясы негіздерін қазіргі варианттағы шектеулі пайдалылық категориясының көрінісі құрады.

Пайдалылықты анықтауда негізгі екі ықпалды атап өту керек:

  1. Тұтынушылар таңдауы жағдайында шектеулі пайдалылықтың жалпы өлшемі қажет емес (кардинализм), яғни пайдалылықтың сандық ықпалы. Бұнда тұтынушылар таңдауы туралы болып отыр (сандық теориясы).
  2. Негізіне қатынастық өлшем бірлестігі қойылған (ординализм), яғни сандық тәртіп.

Тұтынушылар тәртібі – бұл әртүрлі тауарлар мен қызметтерге тұтынушылар сұранысын құрайтын процесс. Тұтынушылар тәртібі адамдардың табыстарымен белгіленген, оны олар максималды пайдалы және олжалы сатып алынатын игіліктерге бөледі. Тұтынушылар ретінде адамдардың экономикалық тәртібіне өз заңдылықтары тиісті, олар өнім шығаруда, өндіріс көлемін құруда маңызды болып табылады.

Талғаусыздық кисығы.

Бюджеттік шектелу, тұтынушылық немесе өзіндік бюджет

– бұл тұтынушының ақшалай табысы, бұл мөлшерде  тауарлар мен қызметтерге сұраныс болуы мүмкін. Суретте, тамақтар және киімдер тауарлары бөлігінің арасындағы тұтынушылар таңдауының баламасы көрсетілген. Тұтынушылар бюджетінің қисығы КМ қисығымен көсетілген. Талғаусыздық қисығы А,В,С нүкте сызықпен қөрсетілген. Е нүктесі тұтынудағы тепе- теңділікті көрсетеді. Бұндағы талғаусыздық қисығы С шектеулі бюджеттің сызығымен түйіседі. Сатыпалушылар үшін, екі өнімдерді пайдаланғанда максималды пайдалылық Е нүктесінде болады. Талғаусыздық қисығы, тұтыну жағдайында бірдей жиынтық пайдалылығы бар, тұтынылатын тамақтар мен киімдердің барлық комбинациясын көрсетеді.

Тұтынушылар тәртібінің ережесі. Тұтынушылар тәртібінің теориясында тепе-теңділік Е нүктесі, бұл өзінің жеке бюджетіне алынатын тауарлардың пайдалылығының максимум жететін нүкте. Пайдалылық максимизациясының ережесі келесі түрде көрінеді:

1.11-сурет. Талғаусыздық қисығы

 

Шектелген пайдалылықтың Х жиыны = Шектелген пайдалылықтың У жиыны =

               

Х жиынының бағасына                                             У жиынының бағасына

 

= өзіндік бюджеттік табыстың ақшалай шығындарының бірлігіне келетін шектелген орта пайдалылыққа.

Бұл ережемен тек ақшаны жұмсағанда ғана емес, уақыт бюджетін, басқа да бағалы бағыттарда да пайдалануға болады. Бұнда әр уақытта бір есеп шешіледі – ол шектелген ресурстардың пайдаланылуының альтернативті варианттарының арасындағы бөлінуі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *