Икемділік түсінігі. Сұраныстың табыс және баға бойынша икемділігі

Сұраныстың бағалық икемділігінің өлшемі, бағаның 1% өзгерту салдарынан тауарлардың сатылу көлемі қанша пайызға өзгергенін анықтау үшін жүргізіледі.

 

Баға бойынша сатылу    =       сатылу көлемінің өзгеруі, % икемділігі                                   бағаның өзгеруі, %

 

 

 

бар:

Сұраныстың бағалық икемділігінің үш әртүрлі варианттары

 

  • сұраныс икемді, қашан баға аздап өзгерсе, сатылу көлемі

 

едәуір өзгереді;

  • сұраныс икемсіз, егер, баға әжептеуір өзгерсе сатылу көлемі аздап өзгереді;
  • сұраныс бірыңғай икемді, егер баға 1% өзгерсе, тауар сатылуының 1% өзгерісіне әкеледі;

 

Сұраныстың бағалық икемділігінің үш әртүрлі суретін көрсетейік:

 

 

Р

5

Икемді К =—- = 2,5

2

 

 

 

Р1                                   А

2%                                                    В

Р2

 

D

Q

Q1       5%          Q2

 

1.8-сурет. Сұраныс икемді

 

 

Р

 

 

А

Р1

 

5%

 

Р2                                                                  В

2

Икемсіз К =       = 0,4

5

 

 

D

Q

 

Q1   2%    Q2

 

1.9-сурет. Сұраныс икемсіз

 

 

Р

5

Бірыңғай икемді К =—- = 1

5

 

 

Р1                                        А

5%

В

Р2

 

D

Q

Q1   5%    Q2

 

1.10-сурет. Сұраныс бірыңғай икемді

 

Икемділіктің әрбір вариантына өз коэффициенті сәйкес:

К икемді > 1 К икемсіз < 1

К бірыңғай икемді = 1

Табыс    бойынша   икемділік:   ол    тауар    сұранысының тұтынушылар  табысының  өзгеруіне ықпалы  деңгейін өлшейді, сұраныстың өзгеру пайызының табыстың өзгеру пайызына қатынасы. Мысалы, егер табыс 8%-ға өссе, ал автомобильге сұраныс 24%-ға көбейсе, онда бұл тауарға табыс бойынша сұраныстың икемділігі 3-ке тең (сұраныс өсуі табыстың өсуінен үш есе асып отыр).

Тауарлардың жоғарғы категориясына сұраныс табыс сияқты осы бағытта өзгереді: табыс жоғарыласа сұраныс та жоғарылайды. Төменгі категориялық тауарлар бойынша (нан, картоп, маргарин, автобилеттер) табыстың және сұраныстың өзгеруі кері бағытта болуы мүмкін. Табыс бойынша сұраныстың икемділігін білу экономиканың әртүрлі салаларындағы дамудың бағдарын анықтауға мүмкіндік береді: Салалардың біреуінің кеңеюі басқасының қысқаруына әкеледі.

Икемділік түсінігі тауарлардың ұсынысына да қолданбалы. Бұнда келесі жағдайлар орын алады: ұсыныс икемді, ұсыныс икемсіз, ұсыныс бірыңғай икемді.

Ұсыныс икемді болғанда тауарлар бағасының 1%-ға көбеюі сатылатын тауарлардың көлемінің ұсынысы 1%-дан едәуір көп болады. Бұнда икемділік коэффициенті бірден көп болады. Икемсіз ұсыныс кезінде бағаның жоғарылауы ұсыныс көлемінің көбеюіне әсерін көп тигізе қоймайды. Бұнда икемділік коэффициенті бірден аз болады. Ұсыныс икемділігі мына факторлардан тәуелді болады:

  • өндірістік қуаттардың нақты резервтерінен;
  • тауар қорларының деңгейінен;
  • өндірушілер бағаның өзгеруін сезіну үшін қажетті уақыт мөлшерінен.

Бос қуаттар, қорлар және уақыт көп болса, соғұрым бағаның жоғарылауын ынталандыратын ұсыныстың көбеюінің мүмкіндігі көп.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *