Меншіктің экономикалық мазмұны

Меншіктің экономикалық мәні келесі жағдайлар арқылы сипатталады:

  • екі қос категорияның өзара байланысы: иемдену- жатсыну;
  • қос категорияларының өзара байланысы: оқшауландыру

(жекелену)- қоғамдастыру;

  • заттық және жеке өндіріс факторларын қосу тәсілі: тікелей және үзілісті;
  • табыстарды бөлу тәсілі;
  • субъектілі-объектілік талдау.
  • Ең алдымен, меншіктің экономикалық мәнін екі жағдайды талдау негізінде түсіндіруге болады. Бір жағынан – белгілі қауымның (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызметі және оның нәтижесі механизмі мен иемдену нысаны, ал, екінші жағынан – олардың басқа шаруашылық бірліктері мен тұтастай қоғамнан жатсыну сәйкес формалары.

Иемдену – қандай да бір қатынастар объектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы. Ал меншіктен жатсыну деген бұл адамның өмір сүру  игіліктері  мен ресурстарды өзінің тіршілік ету мүмкіншілігіне айналдыра алмауы.

  • Оқшауландыру дегеніміз әрбір тауар өндірушінің белгілі бір тауар өндірісіне мамандануын білдіреді. Қоғамдық еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуекелділікте соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушінің қоғамдық еңбек жүйесіне қосылуы қызмет нәтижелерінің айырбасы арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық дамуының сипатын білдіреді.

Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына деген жекеменшік салдарынан кәсіпорындар жеке тауар   өндірушілер    секілді    оқшауланады.    Екінші жағынан,

еңбектің қоғамдық сипатына байланысты олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы – ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.

  • Меншік қатынастарының тереңдетілген негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілдері құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылады: тікелей және үзілісті.

Айналым сферасын қоспағанда, өндіріс процесінде жүзеге асырылатын өндіріс құралдары мен тікелей өндірушілердің бірігуін өндіріс факторларының тікелей бірігу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам екі түрлі қызметті іске асырады: өндіріс құралдарын иеленуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндірушінің қызметі.

Кейде басқа да нұсқалары болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі; бірінде — өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, екіншісінде — жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан оқшауланады. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеуші еңбек нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және өзіндік факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату- сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақшалы қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бір нұсқасы үзілісті деп аталады.

  • Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүдделі үшін жүзеге асырылады.
  • Меншік субъектілері жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, бағалы қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмысшы күші.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *