Қоғамдық өндіріс – бұл адамдардың бірлескен қызметі, олар оған материалдық игіліктер үшін қажет процестер өндіріледі, бөлінеді, айырбасталады және тұтынылады.
Материалдық игіліктер өндірісі – бұл ең алдымен, еңбек процесі. Еңбек процесі үш элементтен тұрады: еңбектің өзі, еңбек құралдары және еңбек заты. Еңбек дегеніміз, бірден, табиғатты игеруге бағытталған адам қызметі, адам қажет- тіліктерін қанағаттандыру үшін қажет құбылыс, екіншіден, ол адамдық жұмыс күшінің шығындалуы. Жұмыс күші – адамның физикалық және рухани мүмкіндіктерінің жиынтығы. Ал, еңбек
- бұл адамның өндірістік мақсатта физикалық, жүйкелік және ақыл-ой энергиясының шығындалуы. Кез келген өндірістің бірінші және маңызды факторы еңбек болып табылады.
Еңбек құралдары бұл материалдық игіліктерді өндіру үшін құралдардың көмегімен еңбектенетін құралдар кешені. Бұл – машиналар, станоктар, жабдықтар. Еңбек заттары – бұл материалдық игіліктер өндірілетін адам еңбегі бағытталатын заттар. Бұл шикізат, материалдар, қосымша көмекші материалдар, отын. Еңбек құралдары мен заттары бірге өндіріс құралдарын құрайды. Өндірістік ресурстары батыс экономикалық ғылымда капитал деп аталады.
Еңбектің өзі, еңбек құралдары және еңбек заттары табиғатсыз, оның ресурссыз болуы мүмкін емес. Жер, географиялық фактор ретінде, әрі басты еңбек құралы, әрі басты еңбек заты болып қызмет атқарады. Өндіріс процесінде жердің пайдалы қазбалары пайдаланылады. Жерсіз қандай да бір өндірісті ұйымдастыру мүмкін емес, сондықтан өндірістің үшінші факторы жер болып саналады (табиғат ресурстары). Сонымен, өндірістің үш факторы анықталды: жер, еңбек, капитал.
Жұмыс күші мен өндіріс құралдары бірге қоғамның өндіргіш күштерін құрайды. Өндіргіш күштері – бұлматериалдық (заттың) қоғамдық өндірістің мазмұны, оның қозғаушы күші. Дәл осы өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне қарай қоғамдық өндірістің даму дәрежесі сипатталады. Өндіргіш күштерінің даму көрсеткіші болып еңбек өнімділігі табылады. Еңбек өнімділігінің өсуіне әсер еткен ғылыми-техникалық прогресс жетістігіндей (ҒТП) жетістік жоқ.
1.2-сурет. Экономикалық теория түсінігінің түбірі
Бірақ өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің бір жағы ғана. Оның екінші жағы – өндірістік қатынастар. Өндірістік қатынастар адамдар арасындағы өндіріс процесі кезінде пайда болады, яғни жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыс күші арасында.
Өндірістік қатынастардың түбіріндегі мәні – меншік қатынастары жатады. Өндіргіш күштер қоғамдық өндірістің мазмұны болса, ал өндірістік қатынастар қоғамдық формасы және онда өндіріс жүзеге асырылады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жеке-жеке болмайды, тек бірге қатар жүреді. Сондықтан, қоғамдық даму заңдарының маңыздысы болып өндірістік қатынастар сипатына сәйкес және өндіргіш күштердің даму деңгейіне сай заң болып табылады. Ғылымда бұлардың ажырамас бірлігін диалектикалық деп атайды, себебі өндіріс тәсілдерінің екі жағы да адамға байланысты. Адам,өндіргіш күштердің элементі бола тұра, өндіріс қатынастарының субъектісі болады.
Қай жағынан алмасақ та, бір-бірінсіз бұл қоғамдық өндірістің екі жағы жүзеге аспайды. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар қоғамның экономикалық қатарын (өндірістің белгілі бір тәсілі) құрайды – олар қоғамның экономикалық базисі болып табылады.
Адамдар арасындағы қатынастар тек өндірістік немесе экономикалық қатынастармен шектелмейді. Қоғам қатынастардың барлық бағытттарына қатысады: заңдық, ұлттық, мәдени, діни, саяси, т.б. Қоғам базисі оның үйлесімін, оның даму бағытын көрсетеді. Олардың бірлігі базиске әсерімен және оның даму және жетілу параметрлерін анықтайды.
Адамзат тарихы – бір қоғамдық экономикалық формациядан басқасына тарихи ауысуы: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік. Адамзат тарих баспалдағымен бір қадамнан екіншісіне ақырындап көтеріледі, яғни өзінің тарихи миссиясын, адам қоғамының даму тізбегін қамтамасыз етті.