Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты. Өндірістік функция

Өндіріс факторларының нарығы – бұл негізгі ресурстардың нарығы – ол жер, табиғи пайдалы қазбалар, әртүрлі мамандардың еңбек нарығы. Дамыған нарықты экономикада тағы осыған жатады мәлімет, білім, интеллект. Осыларға қызмет жасау үшін, қазіргі жағдайда нарықтың инфрақұрылымы құрылды, ол:

  • коммерциялық банктер;
  • қор биржалар;
  • жылжымайтын мүліктің биржасы;
  • шикізат биржалары;
  • инвестициялық қорлар;
  • еңбек биржалары пайда болды.

Өндіріс факторларына табысты алу үшін меншік негіз болады. Мәселен, жерге, шикізат ресурстарына және жылжымайтын мүлікке меншік рента және жалақы түрінде табыстарды алуға құқық береді.

Жұмысшы еңбегі, оның жұмыс күші, интеллектуалдық меншікке құқық, білім, кәсіпкерлік қабілеттіліктер әртүрлі сфераларда және экономика салаларында келесідей қызметтерге құқық береді:

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
  • не жұмысқа жалдау нысанында;
  • не дарынына сәйкес еркін интеллектуалдық меншікпен айналысуға.

Жұмысқа жалдау түріндегі жұмыс еңбекке, біліктілікке және дарынға сәйкес жалақы түрінде табыс алып келеді. Кәсіпкерлік қызмет алынатын пайдадан табыс береді. Ерекше дарыны және қабілеттіліктері бар адамдар өнер, ғылым және спорт әлемінде ерекше жоғары табыстар алады. Машиналар, техника, жабдықтар экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылады және өнім өндіруден табыс алып келеді. Осы ресурстардың меншік иесі пайда немесе пайыз түрінде табыс алады. Ақша ссудалық капитал нысанында қолданылған жағдайда өзінің меншік иелеріне пайыз түрінде табыс алып келеді. Бағалы қағаздар (акциялар) өзінің  иесіне дивиденд түрінде табыс береді.

Өндірістің факторларына сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері бар. Сонымен, өндіріс процесін жүргізу үшін оған өндіріс факторлары керек. Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшелігі мынада.

Біріншіден, өндіріс факторларына сұраныс және олардың баға деңгейі тұтынушылардың сұранысынан туынды болады. Мысалы, тоқымашы еңбегіне сұраныс, матаның сұранысына тәуелді. Өндіріс факторына сұранысты кәсіпкерлер жасайды.

Екіншіден, барлық өндіріс факторлары экономикалық және технологиялық өзара байланысты және бір-бірінсіз бөлек пайдаланыла алмайды. Өндіріс үшін факторларының көбі қажетті: еңбек, жер, техника, шикізат, энергия. Олардың бәрі өзара толықтыратын және өзара ауыстырмалы болу керек. Тірі еңбек – техникамен, табиғи шикізат – жасанды шикізатпен. Еңбек, шикізат және техника бір – бірін тек бірыңғай өндіріс үрдісінде ғана өзара толықтырушы болады. Жекелей олардың әрқайсысының пайдасы жоқ. Алайда олардың біреуіне бағаның өзгеруі екіншісіне сұраныстың өзгеруін тудырады. Мәселен, жоғары жалақы және техникаға төмен бағалар еңбекке сұранысты төмендетуге, машинаға сұраныстың артуын туындатуға қабілетті.

Сұраныс, бағасы төмен факторларға икемді. Ол дегеніміз, өзара ауыстыру жасап, қымбат факторларды шеттетіп, өндіріс шығындарын түсіруге болады.

Жалпы өнім – бірнеше айнымалы факторлар санын пайдаланумен өндірілген игіліктердің саны. Жалпы өнімді пайдаланылған айнымалы факторлардың санына бөлу арқылы орта өнімді алуға болады. Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады.

Өндірістік функция – бұл жоғары өнім шығарумен және өндіріс факторларының жиынтық шығындарының арасындағы өзара байланысты анықтайтын техникалық арақатынас.

Өнім шығару көлемін қамтамасыз ететін өндіріс факторларының әр түрлі бірігуі, альтернативті мүмкіндіктерінің бар болуын көрсетумен өндірістік функцияның мәні шектеледі.

Капитал мен  еңбек өндірісте негізгі фактор  болып  саналады.

Сондықтан, өндірістік функция мына түрде жаза аламыз:

Y = F(K,L) .

мұндағы

Y – өнім шығару көлемі; K – капитал шығыны;

L – еңбек шығыны.

Бұл функцияның графигі изокванта деп аталады. Изокванта өзімен өнім шығару көлемін біркелкі алуға мүмкіндік беретін К және L факторларының жиынтық комбинациясын ұсынады.

Изокоста – бұл өзімен шығын құнының бірдей жиынтығын қамтамасыз ететін, капитал мен еңбектің барлық мүмкін байланысын ұсынатын сызық.

Изокоста мен изоквантаның қиылысқан нүктесінде – нақты өнім шығару қөлемін қамтамасыз ететін шығын ең төменгі деңгейге жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *