Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы және оның түрлері

Әлемдік тәжірибеде кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайдаланылады. Әдетте кәсіпкерлік ұйымның үш түрін ажыратады: бірыңғай ие болу, серіктестік, акционерлік қоғам.

Меншік формалары және типтерімен бизнестің белгілі ұйымдастыру формалары да байланысты. Осыған байланысты іскерлік кәсіпорындардың келесі түрлерін атауға болады: жеке кәсіпорындар, серіктестіктер және акционерлік қоғамдар мен унитарлық кәсіпорындар.

  1. Жеке кәсіпорындар – бұл бір немесе бір жанұяның бизнесі. Мұндай кәсіпорындар тиімді жұмысқа жоғары ынтасымен, үлкен еркін іс-әрекеттерімен, икемділігімен айрықшаланады. Ол сауда, фермалық және қызмет көрсету салаларында кең қолданылады. Жеке бизнестің кемшілігі болып қаржы тапшылығы және жоғары тәуекел болып табылады, себебі мұнда іскерге шексіз жауапкершілік жүктелген. Осыған байланысты бизнесте экономикалық жауапкершіліктің екі принципі белгіленген: а) шексіз жауапкершілік принципі, мұнда кәсіпкерлер толығымен фирма қарызы мен шығындары жауап береді, және б) шекті жауапкершілік принципі (Лтд принципі), мұнда компания қатысушыларының жауапкершілігі олардың салған салымдарына қарай шектеледі (банкротқа ұшыраған жағдайда әркім өзіне тиесілі салымды жоғалтады).
  2. Серіктестік (жолдастық) – бұл екі немесе одан да көп меншік иелерінің бірлескен бизнес үшін үлесін қосқан кәсіпорын. Мұндай кәсіпорындардың қаржылық мүмкіндіктері үлкен, тәуекелі аз, икемділігі де төмен болады. Экономикалық жауапкершілігіне келсек, олар келесідей түрде болады: а) толық серіктестіктер – жауапкершілігі шектелмеген, б) аралас немесе сенімге негізделген (командитті) серіктестік, в) жауапкершілігі шектеулі қоғамдар. Серіктес кәсіпорындардың қолданылу сфералары – ауылшаруашылығы, сауда және қоғамдық тағамдану, қызмет көрсетулері (заңгерлер, дәрігерлер, бухгалтерлер, оқытушылар) және құрылыс.

Серіктестік жеке кәсіпкерлік фирманың көптеген құндылықтарымен (негізінен, оларды ұйымдастыру оңай және оларды басқару күрделі емес) ортақтасады. Сол уақытта олар жеке кәсіпкерлік фирмаға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. Мұнда еңбек бөлінісін және өндіріс және басқаруда мамандануды көп мөлшерде қолдануға болады, қызметтің бастамасы мен жалғасы үшін қаржылық кедергілерді еңсеру оңайырақ.

Жеке кәсіпкерлік фирма секілді серіктестіктің бірқатар кемшіліктері (қаржылық құралдардың тапшылығы, шектелмеген жауапкершілік және т.б.) бар. Оларға, алайда, жаңа кемшіліктер қосылады. Олардың бастылары функциялардың бөлінуі (оның нәтижесінде әрекеттердің сәйкессіздігі және мүдделердің үйлеспеуі туындауы мүмкін) және серіктестіктің әлеуетті құлдырау қаупі (туындайтын қайшылықтар немесе серіктерінің бірін істен шығару нәтижесінде) болып табылады.

  1. Акционерлік қоғам (АҚ) немесе корпорация – бұл акцияларды сату арқылы көптеген жеке капиталдардың бірігу жолымен құрылған ірі кәсіпорын. Ол жіктеледі 1) акцияларын тек өзінің құрылтайшыларына сата алатын жабық АҚ және 2) акцияларын еркін сата алатын немесе сатып алатын ашық АҚ.

Акционерлік қоғамдардың бірнеше артықшылықтары бар:

  • олар ірі кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыра алады, ресурстарды әртүрлі шаруашылық сфераларға тиімді пайдалана отырып, тез тарата алады;
  • өз кәсіпорынының акцияларын сатып ала отырып, жұмысшылары барлық фирманың жандануына байланысты материалдық және басқару мүдделеріне қатыса алады;
  • АҚ көп адамдар үшін еркін капиталдарды салудың пайдалы сферасы болып табылады, сонымен бірге ол жауапкершілігі шектеулі болады.
  1. Унитарлық кәсіпорын – бұл мемлекеттік немесе муниципалдық кәсіпорын, бөлінбейтін мүлігі қоғамдық меншік болып табылады (яғни мемлекет немесе муниципалитет меншігі). Осылайша,   өз   шаруашылық   қызметін   унитарлық кәсіпорындар өздеріне бекітілген өндірістік қорларды оперативті пайдалану негізінде жүргізеді. Ал олардың жауапкершілігі осы қорлардың шегімен шектеледі.

Акциялар мен облигациялар

Ірі бизнесте көп кездесетін ұйымдардың формалары акционерлік қоғамдар болып табылады. Оларды құру мен дамыту акциялардың сатылуы мен шығарылуын (эмиссиясын) көздейді. Акция – оның ұстаушысы бар екенін куәландыратын бағалы қағаз: 1) берілген АҚ капиталына белгіленген сомада салынған ақша, 2) осы капиталдың иесі болып табылады, 3) АҚ- ның пайдасының бір бөлігін (дивиденд) алуға құқығы бар. Акциялардың әртүрлі белгілері бойынша түрлері көп болады. Шығарылу формасы және сертификаты бойынша акцияларды атаулы (сертификат) деп атайды. Осыған қарама-қарсы қолма- қол емес акциялар қағаз емес формада болады – Ақ-ның есепке алу жазбаларында немесе ЭВМ жадысында болады.

Акциялар жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Осы түрлерінің әрқайсысының өзінше «артықшылығы» мен

«кемшілігі» бар. Қарапайым (жай) акциялар а) дауыс беруге және қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді, б) көп дивидендтер әкеледі (алынған пайдадан пропорционалды түрде), в) оларды төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі болады. Артықшылығы бар акциялар көп кепілдік береді: дивидендтер тұрақты төленіп отырады. Дегенмен, олардың мөлшері тіркеліп отырады, бұл табыстың аздығын білдіреді. Бұл акциялар дауыс беру құқығын бермейді.

Осы акциялармен қатар АҚ облигациялар да шығарады. Облигация – ұзақ мерзімді міндеттеме, осы бойынша АҚ облигация ұстаушыға кепілдік береді: 1) белгіленген ақша сомасын қайтару, 2) пайыз түрінде тұрақты табыс алу. Облигациялардың көмегі арқылы ірі акционерлік қоғамдар инвестиция үшін қосымша ақша қаражаттарын тартады.

Бағалы қағаздар нарығы мен акциялар курсы

Акциялар мен облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды шығару мен сату бағалы қағаздар нарығын құрайды. Осы    нарықтың    негізгі    қатысушылары    болып    табылады:

1)   инвесторлар   –  акциялар   мен   облигацияларды   сатып алушы ұйымдар немесе азаматтар; 2) эмитенттер – осы қағаздарды шығаратын  акционерлік  қоғамдар;  3)  инвестициялық институттар

  • бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыратын және қызмет көрсететін әртүрлі мекемелер: қор биржалары, инвестициялық кеңесшілер, инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар. Солардың ішінде негізгісі қор биржасы болып табылады, ол бағалы қағаздардың сату-сатып алынуын кәсіби дәрежеде ұйымдастырады. Кеңесшілер бағалы қағаздар айналысы мен эмиссияның сұрақтары бойынша нұсқаулар береді. Компаниялар эмитенттердің тапсырысы бойынша бағалы қағаздарды шығарады немесе сатады. Инвестициялық қорлар инвесторларға бос ақшаларын тиімді орналастыруға көмектеседі. Қорлар алынған қаржыларды әртүрлі АҚ-ның бағалы қағаздарына салады.

Эмитент акцияларын сату олардың алғашқы иелеріне номиналды бағасы бойынша сатылады, яғни бағалы қағазда көрсетілген бағамен. Акцияларды еркін сату-сатып алу акциялар курсы деп аталады. Акциялар курсы — сұраныс пен ұсыныс арқылы белгіленген олардың нарықтық бағасы және олар көптеген факторларға тәуелді болады: берілген АҚ-ның шаруашылық табыстары мен болашағынан, оның дивидендтерінің мөлшері мен кепілдендірілуіне байланысты, салымдар бойынша банк  пайызынан және т.б. Жетекші компаниялардың  акциялар курсының тербелісі берілген елде және жалпы әлемде экономикалық конъюнктураға өз әсерін елеулі тигізеді. Сондықтан көптеген елдерде ірі фирмалардың акциялар курсының өзгерісін көрсететін күнделікті арнайы индекстер есептеліп, басылып шығарылады, және іскерлік белсенділіктің деңгейі көрсетіледі. Осындай көрсеткіштердің ішіндегі әйгілісі Доу-Джонс индексі болып табылады – АҚШ-тағы жетекші компаниялардың акциялар курсының орташа көрсеткіші.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *