Таратудың және тауар қозғалысының ұйымдастырылуы

  1. Өнімді өткізудің мәні
  2. Тарату арналары  және оның қызметтері
  3. Делдалдарды таңдау.

 

Маркетинг алдына қойылатын талаптары тұтынушылардың қажеттерін қанағаттандыратын жоғары сапалы тауар өндірумен және сол тауарды тұтынушыға жеткізіп, оған оны өткізу қажет. өндірілген тауарды тиімді өткізуді қамтамасыз ету үшін фирма шаралар кешенін жүргізеді. өткізудің негізгі түрлерін және әдістерін зерттеп жетілдіру барысында түпкі тұтынушыға тауарды болашағы мол жылжыту әдістерін табуға және тиімді бөлшек сауда ұйымдастыруға көмектеседі.

Тауарды өткізу арналарын дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделі шешімді қабылдауды талап етеді, өйткені ол маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру үшін тікелей әсер етеді.

Тарату арналары дегеніміз – ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту үдерісінде қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы. Өткізу арналарының жұмысы өзінің атқаратын қызметтерімен сипатталады. Өткізу арналары көптеген қызметтер атқарады: өндірілген өнімді тарату және өткізу қызметтің өндіріс үдерісіне қажет шикізат және материалдар сатып алу қызметін, маркетингті зерттеулер жүргізу, тауарды сорттау және орау жұмыстарын, тауарды қоймалау және сақтау жұмыстарын, тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін, тауарды тұтынушыға қарай тезірек және тиімді жылжытуды ынталандыру саясатын жүргізу қызметін, тауар сатылғаннан кейін тұтынушыға кейін тұтынушыға қызмет көрсету жұмыстарын және т.б.

Тауарды өткізу стратегиялары:

  • Қарқынды өткізу
  • Іріктеу стратегиясы
  • Эксклюзивті өткізу.

Өткізу стратегиясын жетілдіру және жүзеге асыру үшін мына сұрақтарды шешуді қажет етеді:

өткізку арнасын дәл таңдап белгілеу

оңтайлы өткізу әдісін таңдау

делдалдарды дұрыс таңдау және олармен ұтымды жұмыс жасау түрін анықтау

сервис қызметін тартымды және тиімді ұйымдастыру.

 

Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.
  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *