ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР МЕН ӨЗГЕ ДЕ ДЕРЕК КӨЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Мақсаты: Студенттерге құқық және экономика негіздері сабағында аталмыш саладағы құжаттармен жұмыс жасаудың тәсілдерін үйрету.

Жоспар:

  1. Құқықтық және экономикалық бағыттағы мемлекеттік құжаттарды оқыту әдістемесі.
  2. Оқушылардың мәтіндермен өзіндік жұмыстары. Құжаттарды оқудағы оқушылардың танымдық әрекеттерін арттыру.

 

  1. Нормативті құқықтық актілер құқық сабағының ең негізгі көрнекілігінің бірі болып табылады. Құқықтық актілермен жұмыс жүргізу құқықтық білімді нығайтып, оқушылардың алған білімдерін есте сақтауға себебін тигізеді. Нормативті актілермен оқушылардың жұмысын ұйымдастырып, жетекшілік ету үшін мұғалім алдыменен  «нормативті – құқықтық акті» ұғымымен оқушыларды таныстыруы қажет, яғни оқушылардың оны толық түсінуі қажет.

         Нормативті – құқықтық актілер дегеніміз – құқықтың негізгі нысаны, яғни қайнар көзі болып табылады. Нормативті акт  — қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормасынан тұратын құқықтық акт. Оның заңдылық күші бар және ол екі топқа бөлінеді: заңдар , заңдылық актілер болып. Міне, осы бағытта оқушы заңдарды заңдылық актілерден ажырата білуі керек. Мысалы заңдарға Конституциядан бастап барлық заңдар жатса, ал заңдылық актілерге Президенттің жарлығы, үкіметтің қаулылары, жергілікті (локальды) нормативті актілер жатады. Мұғалім сабақ барысында заң, қаулы, жарғы  сияқты атауларды жиі қолдануы мүмкін, сондықтан бұл атаулармен оқушы қанық болуы керек.

         Мұғалім сабақ барысында қолданатын нормативті  актіні алдын – ала даярлап қоюы қажет, әрине нормативті актіні бір сабақта толық қолдануға мүмкіндік болмайды, сондықтан оның қажетті жерлерін қай жерде, қалай қолдану керектігі алдын – ала ойластырған жөн. Нормативті актілердің әсіресе заңдардың бірінші баптары заңда кездесетін ұғымдарға түсінік беруден  басталады. Ол ұғымдармен оқушыларды таныстырып отырған жөн. Бұл орайда үй тапсырмасы ретінде дайындап келуге беріліп, терминдік сөздік алуға болады. Терминдік сөздік біріншіден оқушылардың нормативті актілер бойынша алынған білімдерін бекітеді, екіншіден ол терминдерді оқушылардың практикада қолдана алуына көмегін тигізеді, үшіншіден заңдарды силауға, сақтауға тәрбиелейді.

         Нормативті актілерді қолдану барысында заң тілінің күрделілігін мұғалім естен шығармауы тиіс, яғни сабақта қолданылған актілер талқыланып отыруы керек. Бұл орайда оқушының өзіне қажетті баптарды оқытып, сынып оқушыларының оны қалай ұғынғанын сұрап  барып, толықтыру,  түзетулер жасап, немесе түсіндіру қажет. Нормаларды түсіндіру көбінесе мысалдар келтіру арқылы жүргізіледі. Ситуациялық мысалдар оқушылардың нормативті актілермен жұмыс істеу қабілетін арттыра түседі. Мысалы: Азат өз қатарындағы балаларға қарағанда әлдеқайда үлкен көрінеді. Ол мектепке автобуспен келеді. Бір жолы оның автобустың билет сатушы кезекшісіне көрсеткен  оқушыларға арналған билетіне «Сен оқушы емессің» деп күдіктенген  билет тексерушілер  оны аялдамадағы көлікке баруын талап етеді. Азат өзінің оқушы екендігін дәлелдеу үшін автобустан түсуге мәжбүр болады, сабақтан кешігеді. Бұл жағдайда Азаттың қандай құқықтары бұзылды және ол қандай құқықтық әрекет жасауы керек? Аталмыш мысал өте қарапайым, оқушылар өмірінде жиі кездеседі. Сондықтан олар оқушының көмегімен Азаттың құқықтары жазылған құқықтық актіні тек біліп қана қоймай, оның ішіндегі қажетті норманы іздеуге кіріседі,  тапқан нормаларын талдайды, ұғынады сөйте отырып есте сақтауға тырысады.  /ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы, 9 – тарау, 53 бап, 2 тармақ/.

         Құқық сабағында ең көп қолданылатын нормативті актілердің бірі Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияны оқытуда арнайы сабақ та бар,  бірақ ол жеткіліксіз, себебі құқық сабағының барлығы да Ата Заңмен байланысты, яғни одан бастау алады. Сондықтан оқушы Конституцияға ішкі және сыртқы талдау жасай алғаны дұрыс. Ішкі талдау дегеніміз – Конституцияның тарулары, бөлімдері және олардың қысқаша мазмұны. Ал сыртқы талдау дегеніміз – Конституцияның қашан, қалай қабылданғаны, қабылданған жері. Конституцияны қолдануда мұғалім оқушыларды  Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеп, баулып отыруы керек. Оның Ата Заң деп аталуының мәнісін ұғыну, өзгерістер енгізілу тәртібін білу.  Азаматтық, Қылмыстық Кодекстер, Еңбек туралы Заң, Неке және Отбасы туралы Заң және халықаралық құжаттар: Жалпыға бірдей адам құқықтары туралы Декларация, Бала құқықтары туралы Конвенция сияқты құжаттармен оқушылар мектеп қабырғасында таныс болулары қажет. Мұғалім оны құқықтың жекелеген салаларын өткенде жоғарыда көрсетілген тәртіппен қолданады. Жалпы, құқық сабағында нормативті – құқықтық актілерді қолдануды өзіндік сатылайтын болсақ, мынандай кесте шығады:

  • Нормативті – құқықтық акті ұғымымен танысу;
  • Заң, заңдылық актілерде кездесетін ұғымдармен танысу;
  • Қажетті нормаларды тауып алуға үйрену;
  • Табылған норманы талқылау;
  • Нормаларды қолдана отырып ситуациялық есептер құрастыру, шешімін шығару;
  • Алынған білімді бекіту мақсатында практикамен байланыстыру.

Құқықтық – нормативті актілермен жұмыс істеу оқушылардың қоғамдық мәселелер туралы кең ұғуына, толық сипаттама алуға, қазіргі кезеңнің қарама – қайшылық мәселелерін саралап түсінуге, әлемді барлық түсімен көруге, өмірде кездесетін ахуалдарға сын көзбен қарауға, әр түрлі мәселелерді баламалы шешуге көмектеседі. Орта мектеп бағдарламасы бойынша, оқу жоспарымен мөлшерленген сағат саны  нормативті – құқықтық актілермен толық танысуға мүмкіндік туғызбайды. Сондықтан құқыққа байланысты факультативтік, сыныптан тыс оқу сабақтарын тиімді пайдаланған жөн. Меніңше «Құқық негіздері» курсын оқытуда белгілі бір стандарттың болуы қажет емес.  Қоғамның екінші баспалдағына, яғни нағыз өмірге оқушыларымыз дайын болып келуі керек.

  1. Құқық және экономика пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық әрекеттерін арттыруда құжаттармен жұмыс істеудің маңызы зор. Сабақ барысындағы уақытың тығыздығы оқушылардың құжаттармен жұмыс жасауына мүмкіндік бермейді, ал оқушылар құқық және экономика саласындағы маңызыд құжаттармен таныстығы болуы керек. Оқушыларға  аталмыш құжаттармен жұмыс жасауды өзіндік жұмыс ретінде берілу қажет. Құжаттармен танысудың бір жолы оларға ішкі және сыртқы талдау жасау. Оқушылар алдыменен құжаттың қашан қабылданғанын біліп, көлемімен, яғни қанша бөлімнен, тараудан немесе баптардан тұратынынынан хабардар болуы қажет. Содан кейін құжаттың мазмұнымен танысады. Өз бетімен оқу оқушылардың  есте сақтау қабілетін, білім дәрежесін арттырады. Өздік жұмыстар реферат, баяндама, пікір-талас түрінде болуы мүмкін. Құжаттарды түсіндіруде арнайы презентация жасатуға да болады. Оқушы құжаттың  маңызын анықтауда кемшіліктерін де байқауы мүмкін, немесе құжатты өз тарапынан өзгертіп, толықтырлар беруі  керек, яғни оқушының пікірін білу өте маңызды.

    Өзін — өзі тәрбиелеу барлық құқық субъектілерінің құқықтық санасының құрылуына тиімді әсерін тигізеді. Өзін — өзі тәрбиелеудің астарында құқыққа деген құрметті қалыптастыру жатыр,  яғни  қажеттіліктерін   ұйғарымдарға байланысты өзін — өзі оқыта отырып және қатаң сақтап,  өз тәжірибесінде жәке басының дербестігі арқылы талдау жасап отыруы керек.

 

Талқылау сұрақтары:

  1. Мемлекеттік маңызы бар құжаттарды құқық және экономика саласында оқытудың қандай әдістері бар?
  2. Нормативті-құқықтық актілермен жұмыс істеудің тәсілдері?

Ұсынылған әдебиеттер:

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *