Табылды Досым
***
…Дарын болсаң ажалмен қол ұстасып,
Əдетпе еді басқадан бұрын құлау?
Жарты тұтам тірлікте шалыс басып,
Сүріндің-ау,қайтейін,жығылдың-ау.
Кесті ме əлде,жолыңды қара мысық,
Сүттей таза едің ғой күріштей ақ…
Жұрт жығылып жатқанда шарап ішіп,
Жығылдың-ау,қайтейін,дым ішпей-ақ…
***
…Азаптан арыла алмай тірісінде,
Қалып қойып қаптаған мұң ішінде.
Қолынан құзғындардың қаза болған,
Аяулы арыстардың бірісің бе?
***
Алынбай асуларым алсам деген,
Күндерім өтіп жатыр сарсаңменен.
Ерен болып,мөп-мөлдір өлең болып,
Жүрегінде жұртымның қалсам деп ем.
Ақиқатсыз көңілді басардай мұң,
Ар-ожданды ойлаудан бас алмаймын.
Сайтан айдап,сар дала саяқ кетіп,
Үйірінен адасқан асаудаймын.
Босана алмай бұлқынып торда қыстай,
Қыран құсым қажыды самғап ұшпай.
Салқар құмда сүргін сап жүріс мынау,
Жаралы жолбарыстай…
***
Заманым,заман емес,перісің бе?
Қоймадың сары даланың серісін де…
Япырау,қазақ деген ел едік қой,
Бір ерке жүрмей ме екен ел ішінде?..
«Адасқан асау» микропоэмасынан үзінді.
Табылды Досымов