АЛМАТ ТАМЫ, Алмат Тобабергенұлы

АЛМАТ ТАМЫ, Алмат Тобабергенұлы кесен е с і — 19 ғасырдың ақырында салынған сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе обл. Ырғыз кентінен оңт. шығысқа қарай 22 км жерде орналасқан. 1886 — 1888 ж. халық шебері Жыға тұрғызған, көлемі 12,70м х 12,10 м, 7 бөлмелі, комп. жобасы мен архит. шешімі жағынан өте сирек кездесетін құрылыс. Кесененің солт.-батыс, солт.-шығыс және оңт.-шығыс жақтарындағы бөлмелерін дөңгелендіре шығыңқы қалаумен өрген. Солт.-батыс қабырғасының оң жақ бұрышындағы кіретін есік, оңт. қабырғаны бойлай аралық бөлмеден өтіп, орталық дөңгелек залға апаратын дөңестеп жабылған дәлізбен жалғасқан. Осы дөңгелек залдан мүрдеге арналған 5 бөлмеге арқалы ойықтар арқылы өтеді. Сыналай қалап, қосарлай шығарған аркалар өте әсем көрінеді. Құрылыс Алмат Тобабергенұлының отбасылық мемориалы ретінде жобаланған: өзіне және бес ұлына (Төремұрат, Мақмұрат, Қосмұрат, Пірмақан және ең үлкені Самұрат, бірақ ол Қызылорда обл-ның Байғожа ст. маңында жерленген) арналған 6 бөлмеде де сағана бар. Кесене ішкі кірпіштен іргетассыз тұрғызылып, екі жағынан күйдірілген кірпішпен қапталған. Оңт.-батыс бетінен оны үшке бөліп, әсемдеп қалау арқылы құрылысқа айрықша салтанаттылық берілгені байқалады. Осындай салтанат ортаңғы дөңгелек бөлменің ішінен де байқалады. Архивольттардың үстімен әшекейлі белдеулері бар, арасынан бірыңғай өрнекті метопа тақталар қатары бар фриз өтеді. А. т-ның мұншалықты күрделі композициясы мәйіт жерлеудің өте көне ғұрыптарынан хабар береді. Мұнда бұрынғы мәйітті бөлменің бір бұрышына ығыстырады да орнына жаңа мәйітті қояды. Кесене Тобабергенұлының тірі кезінде тұрғызылған. Осында әкесі және жастай өлген бірнеше баласы жерленген. Басына құлпытастар қойылған қоршаулы қорым бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *