Орфографияны оқыту әдістемесі. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі

 

 Мақсаты:  Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.

         Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту, пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.

         Жоспар:

  1. Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндттері
  2. Орфографиялық жұмыстың мазмұны.
  3. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі.
  4. Орфографиялық талдау.
  5. Пунктуация және синтаксис.
  6. Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация.
  7. Пунктуациялық ережелерді оқыту, пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.

 

Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор.

Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы еситеріне түсіруге болады.

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың классификациясын таблица түрінде жазып шығуларын талап ету арқылы, төменгі сыныптарда өткен материалдарын еске түсіріп бекітеді.

Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонема, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады.

Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді.

Қазақ орфографиясының принциптері

Фонетикалық принцип

Морфологиялық принцип

Дәстүрлі-тарихи принцип

Бүгін (бұл күн)

Белбеу (белдің бауы)

Жаздыгүні (жаздың күні)

Жұмысшы (жұмашшы)

Түнгі (түңгі)

Хал, хабар, халайық

бейкүнә

 

Орфография мен орфоэпиядан өткен білімдерін бекіту ретінде оқушыларға жеке өздік жұмыстарын жасатқызу оларды өз бетінше жұмыс жасауға төселдіреді

Дәрісті қорытындылау: Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.

          Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері
  2. Пунктуация оқытудың мазмұны, кезеңдерң, ұстанымдары
  3. Орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы орфографиялық сөздіктердің маңызы

Әдебиеттер:

  1. Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А.Мектеп, 1959
  2. Ұйықбаев И.Қ және т.б. Қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1968. – 65 б.
  3. Әлімжанов Д. Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1965. – 66 б.
  4. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. –Алматы: — – 212-260 бб.

 

Один комментарий к “Орфографияны оқыту әдістемесі. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *