АЛМАНИЯЗОВ Ағыбай Алмасұлы (24.9.1914 ж., қазіргі Қызылорда обл. Қазалы ауд. — 14.6.1992 ж., Алматы) — ғалым, биол. ғыл. докт. (1953); проф. (1953), Қазақстан Республикасының еңб. сің. ғыл. қайраткері (1966). Ташкент а.ш. ин-тын бітірген (1936). 1938 — 41 ж. Оңт. Қазақстан обл. жер басқармасының агрономы, Бүкілодақтық мақта өсіру ғыл.-зерт. ин-тының аға ғыл. қызметкері, 1953 — 59 ж. Ташкента.ш. ин-тының, 1959-84 ж. Қазақ а.ш. ин-тының кафедра меңгерушісі болды. А-тың ғыл.-зерт. жұмыстары өсімдік биологиясын, оның ішінде: бидай, жүгері, қызылша, бақша дақылдары, жоңышқа және мақта эмбриологиясын, цитологиясын және селекциясын зерттеуге арналған. Ол сондай-ақ жоңышқа өсімдігіндегі цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты тапқан. Бұл зерттеудің Орта Азия мен Қазақстанда жоңышқаның гетерозистік будандарын алуда маңызы зор болды. Қауынның “Қазақстан — 1”, “Қазақстан — 2” деп аталатын сорттарын шығарды. Қазалы қ-ның орталық көшелерінің біріне А- тың есімі берілген.