Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі

 

«Классификациялау» ұғым тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу деген мағынаны білдіреді. Әр әдістің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін классификациялау не үшін қажет? Ол тәрбие әдісінің:

  • жалпы және жеке;
  • негізгі және кездейсоқ;
  • теориялық және практикалық ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;
  • мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;
  • әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгсін және оның ерекшелігін, міндетін бір-бірімен байланысын айқындай түседі.

Бұл жағдай мұғалімнің өз тарапынан ғылыми ойлауын тереңдетіп, оның педагогикалық шығармашылық еңбек етуіне септігін тигізеді.

Бүгінде тәрбиенің әрбір әдісі қайта құру ісіне қызмет ете ме? Қоғамдық сананы оята ма? Жасампаздық күш-жігерді еселе түсу, еңбек, оқу білім алу және жауапкершілік, қазіргі қоғамды шын мәнінде жаңарту жолдарына көмектесе ме?

Тәрбие әдісінің теориясы осы мәселелерге жауап беруі керек.

Педагогика ғылымын зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше классификацияланады.

Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев, Н.К. Гончаров, Ф.Ф. Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А. Ильина, И.Т. Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез-құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қарастырады. Г.И. Щукина өзінің «Мектеп педагогикасы» оқулығында (М., 1977 ж.) тәрбие әдісін классификациялауда қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К. Бабанский, В.А. Сластенин «Педагогика» оқулығында (М., 1988 ж.) тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп  қарастырады (1 кестені көріңіз)

Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеалы).

Екінші топ — іс-әрекетті ұйымдастыру, қарым-қатынас жасау және қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру әдістері.

Үшінші топ — іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері.

Төртінші топ – мінез-құлық, іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері ек жақты тәрбие,- ықпалын сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелері саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан,  тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетте, мінез-құлықта қарым-қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды, педагогика теориясында тәрбие әдістерін классификациялаудың методологиялық және теориялық негізі ретінде адамның қоғамдық мәні мәселесі және жеке адамның қалыптасуында іс-әрекеттің ролі туралы алынған. Бала жеке адам тек іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс-әрекет арқылы ұйымдастырылуы керек. Ол іс-әрекет нақтылы мақсатты шешуге бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы ситуациялық іс-әрекеттер де ұйымдастыруы қажет. Енді тәрбие әдістерінің әрбір тобын жеке-жеке қарастырамыз.

            Тәрбие әдісінің бірінші тобы – оқушылардың санасына, сезіміне, ерік-жігеріне жан-жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер оқушыларға  сенімді қалыптастыруды және сана мен іс-әрекетінің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу үрдісінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.

            Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру, әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, лекциялар, пікірталастар, үлгі-өнеге жатады. Көптеген авторлар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп те атайды.

            Жалпы адамзаттық мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушінің сана-сезіміне, еркіне, мінез-құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады.

 

 

 

1 кесте

ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ

Төртінші топ

Мінез-құлық пен іс-әрекетте бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді жүзеге асыру әдістері

Педагогикалық байқау

Тәрбиелікті анықтауға арналған әңгімелер

Сауал-сұрақ (анкета) жүргізу (ауызша, жазбаша)

Шығармалар жазу, тексеру

Өзін-өзі бақылау

Өзін-өзі сендіру / аутотренинг

Жаттығу

Оқушылардың іс-әрекеттерінің, (оқу, еңбек, көркем өнер, ойын т.б.) нәтижесіне талдау жасау

Үшінші топ

Оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін ынталандыру әдістері

Мадақтау

Жазалау

Жарыс

 

 

 

 

 

Екінші топ

Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері

Педагогикалық талап

Үйрету

Жаттығу

Тапсырма

Тәрбиелеушіліік ситуация туғызу

 

 

 

Бірінші топ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері

Түсіндіру

Әңгімелер

Үлгі-өнеге

Лекциялар

Пікірталас

 

 

 

 

Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан-жақты әсер етуді айтамыз (К.Б. Сейталиев. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986, 32 б.).

            Сенім – тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез-құлық, іс-әрекетінің тұрақты жетекшісі.

            Сенім деген ұғымды анық дифференциялап алу керек. Мұнда сенім, біріншіден: жеке бастың психикалық сапасы – тәрбиенің жемісі, нәтижесі ретінде анықталады; екіншіден, сенім, сендіру жеке бастың санасына, еркіне, сезіміне ықпал жасайтын әдіс, құрал ретінде анықталады.

            Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың сенімі қалыптасады.

            Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміне ықпал жасау ғана емес, әрі оның мінез-құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді.

            Сендіру әдісі жалпыадамзаттық моральдың нормаларын, ережелерін кеңінен түсіндіру, оны іс-әрекетпен байланыстыруды көздейді. Тәрбиеленушілердің белсенді позицияда болуын өз көзқарастарын қорғай білуін, өзінің де, жолдастарының да мінез-құлқына, іс-әрекетіне дұрыс баға беруді, талқылауды қамтитын әдіс.

            Сендіру әдісінің тиімділігі оқушының санасына әрі сезіміне, көңіл-күйіне ықпал етеді бірімен-бірі ұштастырылған жағдайда жоғарылай түседі. Сезімнің, эмоцияның көтеріңкі болуы ескерілмеген жерде мораль ережелеріне терең сенім тумайды.

            Сонымен жеке адамның санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы:

  • қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т.б. күрделі ұғымдарды, түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі;
  • әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды, көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай тұғызады;
  • нақтылы міндеттердің анық мақсаты мен маңызы қоғамдық адамгершілік негізі арқылы айқындайды.

Бұл топтағы әдістерді қолдануда мынадай педагогикалық-психологиялық талаптар ескеріледі:

  • сөз өте күшті сенім қаруы екенін түсіну;
  • оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіруге жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлдеқандай ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта сендіру әдісін қолдану;
  • жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, сезімнің атқаратын рөлін айқындау;
  • оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер қорына, мінез-құлық қасиеттеріне арқа сүйену, оның оң не теріс екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау;
  • мұғалімнің, тәрбиешінің немесе ата-ананың әңгімесіне, пікірлесуіне, түсініктемесіне баланың үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру;
  • әр баланың көңіл-күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің, мінезінің кемшілігіне қысылатындай, өзін-өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау;
  • сендіру әдісінің барлық салаларын бірлікте, жүйелі түрде. Үздіксіз қолданғанда және балалардың сана сезімі, тәжірибесі, білімі, көзқарасы мен сенімі жас ерекшеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбие ісі нәтижелі болады;
  • үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді.

Тәжірибелі педагогтер тәрбие әдістерінің тұтас жүйесін пайдалануға ұмтылады, жеке бір әдісті қолданумен шектелмейді.

Ең көп тараған әдістің бірі – түсіндіру. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту үрдісінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гумманизм, парыз, міндет, ар-намыс, парасаттылық, кішіпейілділік, қайрымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта-ықылас, ерік-жігер т.б. туралы түсіндіріледі.

Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары.

Өткізу әдістемесі тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі – этикалық әңгімелер.

Этикалық әңгімелер – мораль мәселелері туралы кең түрде еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәрбиеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әр түрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған  әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасын, қарым-қатынасын қалыптастыру. Оқушылардың азаматтық, саяси және адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу.

Әңгіменің негізінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік адамгершілік немесе эстетикалық, еңбек т.б. салаларын әр қырынан ашып көрсететін деректер алынуы керек.

Әңгімелесудің тақырыбы, мазмұны танымдық, саяси, эстетикалық, адамгершілік, этикалық мәселелерге арналады.

Бұл әдістің негізгі мәні – теориялық қағидаларды баланың санасына жеткізу, сол арқылы меңгере бастаған мінез-құлық, іс-әрекеттерінің барысын талдау, жинақтау, баға беру.

Әңгімелесу әдісіне қойылатын негізгі педагогикалық-психологиялық талаптар:

  • таңдалған, іріктелініп алынатын тақырыптың актуалдылығы, оның тәрбие үрдісінің міндетіне, оқушылардың мүддесіне сай болуы; таңдаған тақырыптың нақтылы сыныпта, оқушылар тобына қажеттілігін дәлелдеу;
  • оқушылардың өмір тәжірибесіне, біліміне сүйену;
  • оқушылардың жас мөлшеріне қарай әңгімелесу барысын дамытып отыру;
  • әңгіменің мазмұнын өте мұқият іріктеу – оқушылардың сезіміне әсер ететін тың жаңа деректерді, түсінікті, анық әрі қонымды материалды алу;
  • әңгіме тақырыптары мен мазмұны жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және сынып ұжымының, оқушылар тобының ерекшеліктеріне сай болуы керек. Мәселен, жас өспірімдерге арналған әңгімелер, олардың өздерінің көзқарастары мен мінез-құлықтарына сай көзбен қарап, салыстыра алатындай, оның себептерін ашатындай, өзіндік ой туғызатындай мазмұнда құрылуы тиіс;
  • қарастырылатын тақырыптың қызықты болуын, оны оқушылардың ойлауын, өздігінен толғану қабілетін туғызатындай проблемалық сипатта қоя білу, олардың белсенділігін дамыту;
  • әңгімелесу барысында оқушылардың көңіл күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу; тәрбиешілердің оқушыларға сеніммен қарай білуі, олардың жауаптарына зейін қоя білу; дұрыс, ойлы жауаптарына айрықша көңіл бөліп мадақтап, қолдап отыру, кемшіліктерін өте ептілікпен түзетіп, дұрыстығын айту, реті келген кезде орынды әзіл, күлкі, сықақ сөздерді де пайдалана білу т.б.
  • әңгіме және әңгімелесудің тақырыбына байланысты көрнекі құрал және техникалық құралдарды (эпидиаскоп, кинопроектор т.б.) әдеби көркем шығармалармен бейнелеу өнері, музыкалық құралдарды пайдалану;
  • әңгіменің қандай жерде, қай жағдайда өткізілуінің де мәні бар. Мәселен, жоғары идеялық – адамгершілік қасиеттер туралы әңгімені жауынгерлердің, қоғам және қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы айтылғанда, ескерткіштер мен тарихи орындарда өткізілгенде ғана оқушылардың сезіміне ықпалы зор болатыны белгілі;
  • әңгімеге,әсіресе әңгімелесу әдістеріне мұғалім жан-жақты әзірленуі қажет.

Пікірталас дегеніміз – пікір таластырамын, талқылаймын деген мағынаны білдіреді. Оның этикалық әңгімелерге біршама ұқсастау болғанымен өзіндік міндеті бар. Бұл — өте күрделі, сонымен бірге оқушылар санасына тиімді ықпал ететін әдіс.

Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негіздей білуге тәрбиелейді. Көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы оқушылар өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Пікірталас әдісі көбіне жоғары сыныптарда кеңінен қолданылады.

Пікірталас арқылы жастардың саяси және адамгершілік, ізгілік, этикалық, праволық, әлеуметтік, экономикалық экологиялық, әдебиет, көркемөнер, жалпы қоғамдық проблемалар туралы түсініктер мен көзқарастарды қалыптастыруға болады.

Пікірталас әдісіне қойылатын педагогикалық-псхологиялық талаптар:

  • пікірталасқа қойылатын мәселелер проблемалық сипатта болуы керек;
  • жастардың айнала өмір құбылыстарына өздерінің пікірлерін, ойларын білдіруге, оларды теріс пікірлер мен көзқарастарға баға бере білуге, талқыланып отырған мәселенің дұрыс шешімін дәлелді түрде негіздеуге үйрету.

Пікірталас өткізу қоғамдық пікірді айқындау, принциптік, қоғамдық міндет, парыз, жауапкершілікті сезіну, нақтылы іс-әрекеттерді байқай білуге қолайлы жағдай болып табылады. Жастарды ынтасын, белсенділігін арттырады, олардың өз біліміне, өмір тәжірибесіне, мінез-құлық ерекшелігіне сынмен қарауға тәрбиелейді. Сондықтан пікірталасқа оқушылардың неғұрлым көбірек қатысуын көздеу тәрбиенің пәрменді болуына мүмкіндік береді.

Пікірталас шамамен мынандай тақырыптарда өткізіледі: «Демократия дегеніміз не?», «Қоғамды демократияландыру дегенді қалай түсінесің», «Замандасың туралы не ойлайсың?», «Армандау керек пе?», «Қызықты және қызықсыз еңбек туралы не ойлайсың?», «Адам атану оңай, ал нағыз адам болу қиын», «Өз мінезіңді өзгертуге бола ма?», «Интеллектуалдық дегеніміз не, ол не үшін қажет деп есептейсің?».

Тәрбие үрдісіне үлгі-өнеге тәрбиенің ықпалды әдістерінің бірі болатын себебі үлгінің тәрбиелік күші балалардың өзін қоршаған ортадағы үлкендерге, жолдастары мен ең жақсы достарына ұқсауға еліктейді. Сонымен қатар балаларға ұлы адамдардың өмірі мен қызметінің, сол сияқты еңбек, соғыс ардагерлерінің, оқу озаттарының көркем әдебиет, өнер, кинофильм, бейнефильм (видеофильм), театр кейіпкерлерінің өнегесі орасан зор әсер етеді.

Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістерін қолдануға формализм болмауын еске алу – қазіргі кезеңнің маңызды проблемаларының бірі. Мектеп тәжірибесіне зер салсақ, әдетте тәрбие жұмысының кеңінен жүргізілетін салалары: әңгіме, лекция, жиналыс, пікірталас, еңбек озаттарымен кездесу, саяхат, кино-бейнефильм көру т.б. орын алатыны белгілі. Бұл шараларды өткізудегі бұрыннан келе жатқан басты кемшілік – оқушыларды тек қана тәртіпті отыру және тыңдау талап етілетіндігі? Ал жоғарыда айтып дәлелдегеніміздей, адамның жеке басы тек қана іс-әрекет арқылы қалыптасуы деген педагогиканың аксиомасы сендіру әдістерін пайдаланғанда ескерілмейді. Балалар көбіне тәтті сөздің жетегінде қалып қоятынына мән берілмейді.

Сондықтан этикалық әңгімелер азаматтық парыз, қоғамдық жауапкершілік, интеллигенттілік, парасаттылық т.б. зиялы қасиеттер туралы пікірталастар тек жалаң сөз жүзінде қалмай, балалардың күнделікті өмірлік және еңбек істерімен, өзіне айналасындағы жақын-туыс адамдарға, ұжымына, қоғамға қамқорлық жасаумен қалыптаса, жалғасуы керек.

Бүгінгі таңда педагогикалық ұжымның өте-мөте көңіл бөлетін міндеті – қоғамның қазіргі талабына жауап беретін, творчестволықпен еңбек ететін, талапкер, ізденімпаз, жауапты іскер адамдарды тәрбиелеу.

ІІ-тәрбие әдісінің екінші тобына қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру қарастырылады.

Бұл топқа педагогикалық талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, тәрбиелеушілік ситуацияларды туғызу және қоғамдық пікір жатады.

Педагогикада жеке адамның қалыптасуы нақтылы іс-әрекет болғап жағдайда ғана жүзеге асырылатыпы дәлелденген. Іс-әрекет – адамдардың өзін қоршаған ортаға белсене қатытсуының негізгі формасы.

Бұл топтағы әдістің психологиялық тұрғыдан ерекшелігі – адамның їс-әрекеті жеке басының, ішкі жандүниенің көрсеткіші ғана емес, оның дамуының өздігінен жетілуінїң шешуші белгісі екендігі.

Адампың дамуы мен мінез құлқын қалыптастыруға қарым-қатынастың түрлері елеулі ықпал етеді. Себебі іс-әрекеттен тыс нағыз тәрбиенің болуы мүмкін  емес.

Тәрбие әдісінің бұл тобының мазмұны тәрбиешінің ұйымдастырушылық қызметіне А.С. Макаренконың берген бағасымен сипатталады. Бізге мәлім: тұтас педагогикалық үрдісте тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен қарым-қатынасының өзара байланысты болу сипаты – тәрбиенің ең негізгі заңдылықтарының бірі. Осыған орай тәрбие әдісінің бұл тобы тәрбие үрдісіндегі әр салалы іс-әрекеттерді қамтиды. Мұнда, әсіресе таным әрекетінің, сонымен қатар ойын мен еңбек түрлерінің, көркем-өнердің, спортпен шұғылданудың, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың ықпалы зор.

Балалардың жағымды мінез-құлықтары мен қарым-қатынастары ең алдымен олардың әртүрлі іс-әрекеттері педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана қалыптасады.

Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс әрекетті ұйымдастыру әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:

  • әрбір, іс-әрекеттің алдына қойған мақсаты анық, айқын белгіленіп, оның қоғамға, ұжымға пайдалы болуы және сол іске қатысатын жеке адамның өзіне де қажеттілігі, әрбір оқушының ынта-ықыласы, қабілеттілігі мен іскерлігі ескерілуі керек; мұнда оқушылардың ортақ мүдделі істі сезімталдықпен, орындауына қолайлы жағдай орнайды. Себебі, енжарлық, әрекетсіздік — барлық жастағы балалардың табиғатына жат қасиет. Егер олардың бірі салғырттық көрсетсе, оның себебін білу қажет.
  • Баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдық жұмысқа, еңбекке қатыстыру олардың өз еркімен, өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді. Бұл жағдай жастардың біртіндеп белсенді өмірлік позицияға көшуіне ықпал жасайды.
  • Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру әдетте балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру т.б. міндеттерді балалардың өздері шешіп отыруы керек. Сөйтіп бала өзінің талабы мен қабілетін еңбекте көрсете және дамыта алады.
  • Тәрбиешінің басшылығы жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыруға бағытталуы керек. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін. әдістерін жандандыратын материалдық және моральдық жағдайларды ұсынып отыру көзделінеді.
  • Оқушылар коллективінің қатысуымен қоғамдық пікірдің негізінде іс-әрекеттің нәтижесін қорытындылау.

Сонымен бұл топтағы әдістер арқылы тәрбиеленушілердің еңбекке жауапкершілік, қоғамдық мінез-құлық, тәжірибесі, қарым-қатынас жасау дағдысы мен белсенді өмірлік позициясы қалыптасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *