Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі

 

Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбие ерекше орын алады. Жеке адамды қалыптастыруда осы үрдістің мәнін мына құрылым арқылы анықтауға болады.

            Тәрбие жеке адамды мақсатты түрде қалыптастыру болып табылады.

            Тәрбие үрдісі дегеніміз — мақсатты орындауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің ынтымақтастығы.

            Тәрбие үрдісінің бірқатар ерекшеліктері бар. Ең алдымен ол мақсатқа бағытталған мақсаты, ынтымақтастығы бірыңғай жағдайда ғана қазіргі тәрбие үрдісі дұрысталады. Тәрбие үрдісі – көп факторлы, онда объективтік және субъективтік факторлар орын алады. Егер де субъективтік фактор адамның ішкі қажеттілігінен көрініс берсе оған сәйкес объективтік жағдайда адам өмір сүреді және қалыптасады, белгіленген  тәрбие міндеттері толық орындалады.

            Тәрбие үрдісі қозғалмалы, үнемі өзгерісте болады.

            Тәрбие үрдісі – узақтылығымен сипатталады. Ол өз мәнінде өмір бойы болуы мүмкін. К. Гельвеций жазған «… Менің барлық өмірім, ұзынан-ұзақ тәрбие». Мектептегі тәрбие адамдның өмірінде үлкен із қалдырады, себебі нерв жүйесі жас кезінде жоғары қабылдағыш және иілгіш келеді. Тәрбие үрдісі мектепте жақсы ұйымдастырылғанның өзінде тез жетістікке жетуге болмайды, себебі тәрбие үрдісіне тән нақтылы тәрбиенің әсерінен нәтиженің алшақтығы байқалады.

            Тәрбие үрдісінің тағы бір ерекшелігі – үздіксіздігі.

         Мектептегі тәрбие үрдісі ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің жүйелі, үздіксіз өзара әрекеті оқушының тәртібін бір ғана қызық жұмыс шара өзгертеді   деп   ойлайтын   тәрбиешілер    қателеседі.  Белгілі   мақсатқа негізделген жүйеге жұмыс қажет. Егерде тәрбие үрдісі кездейсоқ үнемі болмай отырса онда тәрбиешіге тұрақты әдет қалыптастыру үшін оқушының санасына жаңа із салып отыруға тура келеді,

            Тәрбие  үрдісі  кешенді үрдіс кешенділік дегеніміз-мақсаты, міндеті, кешенділік нысанасы және әдістері бірыңғай адамды қалыптастыруға бағытталған біртұтас идея болып табылады.

            Тәрбие үрдісінің  кешенді   сипаттамасы бірталай   педагогикалық талаптарды орындауды, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс әрекетінің ұйымдастырылуының ұқыптылығын қажет етеді.

            Тәрбие үрдісіне тән ерекшелік бұл мағынасыздық және нәтиженің белгісіздігі. Бір жағдайда олардың бір-бірінен айырмашылығы болуы мүмкін. Ол   субъективтік   факторға байланысты: тәрбиешілердің  жеке басты өзгешеліктеріне, олардың әлеуметтік тәрбиесіне, тәрбиеге қатынасы.

            Тәрбиешілердің кәсіби  дайындық   деңгейі, олардың   шеберлігі, үрдісті басқару іскерлігі де үлкен әсер етеді және нәтижелігі жоғары болады.

            Тәрбие үрдісі екі жақтылы. Оның ағымы екі бағытта жүреді: тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байланыс). Басқару үрдісі кері байланыстан пайда болады немесе тәрбиешіден   түсетін   хабарламадан   туындайды. Тәрбиешінің қарамағында неғұрлым көбірек болса, соғұрлым тәрбиенің әсерлігі жоғары болады.

            Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуы, өркендеуі мүмкін емес.

            Еліміздің  әлеуметтік — экономикалық  дамуын жеделдету кезеңінде    адам факторы жаңа негізде қаралып   жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір жас өспірімнің субъективтік   талап-тілегін, бейім-қабілетін және тіршілік өмір сферасында белсенді саналы творчестволық қасиетін одан әрі дамытады.  Өйткені, жеке  адамның   әлеуметтік  белсенділігі артқан сайын, оның терең  мағыналы  қоғамдық  мәселелерді  шеше білуге құшына кірісіп, айналасын қоршаған адамдармен адамгершілік-психологиялық байланыстары күрделеніп, қоғамның саяси-экономикалық қарым-қатынастары  жүйесінде  әлеуметтік   творчестволық көлемдері өрбіп, оның мәні  арта түспек.

            Жас ұрпақтарға аға буынның жинақтап берген әлеуметтік бай тәжірибесін беруде, қайта құру идеологиясын сана — сезімдеріне  сіңіруге, мағыналы  мінез-құлық нормалары мен жүріс-тұрыс, әдет-дағдыларын қалыптастыруда  кешенді тәрбиені– қоғамдық функция атқарады. Осы орайда, тәрбиеге жүктелетін  ең басты мақсат — қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасуы үстіндегі, эстетикалық талғам – сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік позициясы айқындалған жас өспірімді дамытып қалыптастыру.

            Тәрбие үрдісінің  мәнін ашуда П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, А.С.Макаренко, В.А. Сухомлинский және т.б.  өз  үлестерін   қосты. Мысалы, А.С. Макаренко тәрбие үрдісінің мақсаты біздің қоғамдық қажетімізден туындайтынын дәлелдеген.

            Тәрбие үрдісі  арқылы жас өспірімдер халықтың материалдық және рухани  байлықтарын, адамзат   қауымының  бай тәжірибесін игереді. Соның барысында жеке адамның және оқушылар ұжымының  өмір тәжірибелерінен білім алуы, еңбектенуі  мен   бір-бірімен қарым-қатынас жасау  салалары   жүйесі  молая  береді.

            Бұл проблеманың әлеуметтік-педагогикалық аспектісі Г.Л. Смирнов, Ю. Бабанский, Э.И. Моносзон, Г.И. Филонов, И.С. Марьенко, Ю.П. Сокольников т.б. педагогтардың жарық көрген еңбктерінде жан-жақты сөз болады.

            Сонымен тәрбие үрдісі  дегеніміз — жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік   тұрғыдан   қалыптастыруда, оларды  өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір   әрек етімен, қызметімен  қоғамға  пайда келтіруден,  өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.

            Тәрбие үрдісінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына  айқын   мақсаттар қойып, тәрбие мазмұнын соған  негіздеп оларды іс жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін, сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктердің қорытындысын белгілейді.

            Мектеп жағдайында тәрбие үрдісінің ұстайтын бағыттары мыналар:

  • тәрбиенің мақсат-міндеттеріне орай жеке адам тұлғасын жан-жақты үйлесімді дамыту;
  • оқыту үрдісі барысында оқушыларды қоғамдық мәдениеттер мен рухани байлықтарды (идеология, мораль, ғылым, еңбек, өнер, мәдениет) игеруге қатыстыру;
  • жас өспірімдердің еңбексүйгіштік қасиеттерін еңбек үрдісінде қалыптастыруда және адамның шығармашылық  қабілеттерін дамытуға ынталандыру және әлеуметтік мәні бар әр түрлі іс-әрекеттерін, қызметтерін ұйымдастыру;
  • әр саладағы қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде ұжымдық қарым-қатынаста болып, бір-бірін  сыйлау,  құрметтеу,   қол  үшін беру сияқты  адамгершілікті – эмоциялық жағдай туғызып жеке адамның функциясын дамыту;
  • оқушылардың танымдық қызметтерін ұтымды ұйымдастырып, олардың қоғамдық сапасын дамыту;
  • әрбір оқушылардың айналасын қоршаған қоғамдық ортасына, ұжымына, жора — жолдастары мен  достарына, өзінің жеке басына деген адамгершілікті – эмоциялық қарым-қатынастарын туғызу, олардың   өздерінің  болашақ  атқаратын істері мен қызметтеріне қойған  дәлелді  мақсаттары мен  бағыт-бағдарына байланысты белсенді  өмірлік   позициясын   қалыптастыру;
  • жекелеген балалардың адамгершілікті сипаттарын және қоғамдық маңызды дәлелді  мақсаттарын, ақыл-ой парасатын, эмоциялық және ерік   күй  сфераларын   жан-жақты   үйлесімді   қалыптастыру;
  • кейбір жекеленген оқушылардың жағымсыз қылықтары мен әрекеттеріне  тежеу немесе   тиым  салу. Егерде құқық нормасын бұзатын  балалар болса олардың бағыт-бағдарын қайта құруда арнайы педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру.

Ендігі кезекте тәрбие  үрдісінің  екі  жақтылық  функциясының мәні – педагогтің  белгілі  мақсатпен  жасаған  педагогикалық ықпалы, табиғи   түрде  оқушының өмірі мен іс-әрекеттерінің үйлесуі қажет. Былайша айтқанда, педагогикалық ықпал баланың дара табиғи ерекшеліктерімен   ұштасса, соғұрлым оның  ішкі  белсенділігін  оятып,  дара қасиеттерін өрбітіп, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттінің мұқтаждығын туғызып тәрбиелейді. Оқушы — ол   тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі. Сол себептен, мектеп практикасында өзін-өзі тәрбиелеуге  оқушыларды  дайындап, болашақ  жоспарын жасап өзін-өзі ұзақ уақыт бойы басқара білуіне объективтік жағдайлар туғызу керек.

Дәріс 17 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі.

 

         Дүниетаным дегеніміз-адамның санасының арнайы формасы, қоршаған ортаға оның көзқарасы, сенімі, мұраты және іс-әрекеттері.

         Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша дүние танымның төрт түрі бар, олар ғылыми білім жүйесі, дүниетану, сенім, адам мұраты.

         Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғынады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетанымы дамуының үлкен тірегі. Сондықтан жеке адамның көзқарасында білім сеніміне айналады.

Сенім-терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізі, шындықты терең танудың негізі, соны берік ұстау болып табылады.

         Мұрат – идеал – гректің – Ideal — түр, бейне, ұғым деген сөзінен келіп шықан. Ол бір нәрсенің жетілген үлгісі, биік мақсат …Көркем, үйлесімді дамыған адам (фил.словарь, М. 1966 – ауд.).

         Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.

         Ұлттық мұрат, ұлттық мүддемен жеке мүддеге де қызмет етуі керек, басқаша айтсақ, әрбір жеке адамның күнделік өміріне қызмет етуі керек.

         Дүние танымның қалыптасуы ұзақ күрделі үрдіс, оның барысында жеке көзғарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі факторлар орта, тәрбие, ақпарат құралдар, оқыту т.б. әсер етеді.

         Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолы — жас және дербес ерекшеліктерін ескеру.

         Бастауыш сынып оқушыларды дүние, табиғаттың құбылыстары, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі қоғам өмірінен олардың алатын орны туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Олар Отан, халықтар достығы т.б.  мәселелерді түсінеді.

         V-IX сынып оқушыларының ғылыми дүние танымы жаратылыстану, математика, физика және гумнитарлық пәндерді оқу үрдісінде  дамиды.

         Оқушылардың өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтәк тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың практикалық іс-әрекетіне үлкен ықпал жасайды. Оқытудың өмірмен байланысы қалыптасады.

         Жоғары сынып оқушыларының табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңейіп, тереңдейді, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын  дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады.

         Оқушылардың дүниеге көзғарасын қалыптастыратын екінші бір жолы -жеке пәндерді белгілі бір жүйемен оқулықтар мен оқу құралдары арқылы оқытатын, сол арқылы табиғат пен қоғамның даму заңдарын ашатын және дәлелдейтін мүмкіндіктері болып табылады.

         Мысалы Ч. Дарвиннің табиғи сұрыптау заңы. Д. Менделеевтің периодтық заңы, Алтынсариннің шығармашылығында дүниені тануда адамның ақыл-ой парасатымен қатар түсініктер де, әсіресе көру түйсігі қатысуы тиіс «Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмылдырыңыз. Сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп жөнін тауып, мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз» (Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары авт. С. Қалиев).

         Оқушыларды белсенді еңбекке қатыстыру, оқытуды өмірмен байланыстыру. Сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді.

         Оқушылардың дүниеге көзғарасын қалыптастыруда мұғалімнің жеке тұлға ретінде маңызы өте зор.

         Сабақтан және сабақтан тыс уақытта оқушылардың дербес және танымдылық белсенділігін арттыру.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *