Мұғалім мамандығын меңгерудің өзіндік ерекшелігі

 

 

            Мұғалім мамандығын өзіндік ерекшелігі үнемі оқуда, творчестволық ізденіс жасауда, баланың ынтасын, тілегін, қабілетін үнемі зерттеуге ат салысуда болып табылады.

            Балалардың белсенділігі мына формаларда көрініс береді: қарым-қатынас жасағанда, еңбекте, ойын ойнағанда, спорттық іс-әрекетте. Мына бір жағдаятқа тоқталайық. Сайлаудың атасы қайтыс болды. Бала бір апта мектепке келе алмады. Атасын жерлеп Сайлау сыныпқа келген кезде оның жаны қатты жаралы еді: атасы бұдан кейін ешқашан оған ертегі айтпайды, еркелетпейді… Сайлау үн-түнсіз, қалың ойда отырды. Сыныпқа мұғалім кірді, стол үстіне журнал мен кітаптарын қойып, ол үйге берілген тапсырманы тексере бастады. Мұғалім Сайлаудың қасына келген кезде, бала ақырын ғана «Мен бүгін тапсырманы орындағаным жоқ…» деді. Мұғалім баланың басынан қолымен сипады. «Бірақ мен ертең бәрін де жасап келемін… жақсы жасап келерсің» – деді мұғалім ақырын ғана. Осы бір өмірден алынған шағын суретте  тәрбиеленушінің  эмоциялық  жағдайын педагогтық нәзік сезімімен сезе  білетіндігі  айқын  көрінген. Сезімталдық ұжым   мен  мұғалімнің  жүрегінде, көзқарасында, көңіл күйінде  орын алуы тиіс.  Мұғалімнің  тағы  бір  ерекше  қасиеті  мұғалім балаларға өзінің сезімін ашық  білдіруіне, екі жүзділіктен аулақ болуына өзін-өзі тәрбиелейді. Мектеп  өмірінің   алғашқы  қадамынан  бастап-ақ әрбір баланы тәрбиелегенде, ол өзінің жұмысы мен жолдастарына қарым-қатынасымен, адамдармен араласуы мен  өз күш жігері арқылы адамгершілік қасиетін «қолымнан келеді-келмейді», «жарамды және жарамсыз» деген  ұғымдарға  қатысты  барлық  нәрсеге сергектік қасиетін орнықтыр  атындай  етіп  тәрбиелеуі  қажет. Тағы бір жағдайға көңіл бөлейік ол да өмірден алынған.

            7 сыныпта оқитын Серік деген оқушы шетел тілінен үлгере алмай жүрген оқушылардың бірі болатын. Жаңадан келген мұғалім осы пәнге оқушыны қызықтыра алды. Бірақ білмегені көп болғандықтан ол тақтаға шығып жауабын толық айта алмай «үш» деген баға алды. Күнделігіндегі бағаны көріп Серік: «Мен сондай тырыстым»! Ендеше оқымаймын деп айғай салды.

            Оқушының  дайындығының  толық  емес екендігін  оқуға қойылған талаптар арасында қарама қайшылық пайда болды. Енді не істеу керек? Сонда мұғалім балаларға қарап: мүмкін мен қателескен шығармын, Серіктің білімін сендер сынап көріңдер! Мен тақтаға шығарайын, сұрақты өздерің қоясыңдар. Егерде жауабы дұрыс болса мен сендермен бірге қуанамын» – деп сөзін аяқтады. Осы жағдаяттың шешімі мұғалімнің оқушыларға деген көз-қарасы дұрыс екендігін, оқушының шетел тілін оқуға онан әрі қызығушылығы түскенін және мұғалімге деген сенім арта түскенін көрсетеді.

            Мұғалімнің бойында тағы бір ерекшелік ол – творчество, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек. Творчествосыз  адамның өзінің күшін, қабілетін, бейімділігін білу көкейге қонбайтын нәрсе: онсыз өзін-өзі құрметтеушілікті бекіту ұжымның моральдық ықпалына жеке адамның сергек көзқараспен қарауы мүмкін емес. Творчестволық өмірсіз жеке адам тәрбиелі адам бола алмайды. Творчество – бұл  іс-әрекет жеке адамның рухани дүниесі осында ашылады, бұл адамды адамға тарататын өзіндік ерекше магниті.

            Гумандылық – латынның – «гуманус» – адамсүйгіштік адам, мен адамдық қасиеттерге құрметпен қарау – деген сөзін білдіреді (Словарь иностранных языков, М, 1986, 145 б) қысқасы – адамгершілік.

Педагогика әлемінде «баланың кемшілігін өзіне білдірмей жөнге салу керек» — деген пікір кең тараған. Әрине бұл озбырлықты, әдепсіздікті, арсыздықты тек қатаң, кескін жолдар мен ғана тыю мүмкін екендігі педагогика практикасында дәлелденіп келеді. Ал оны дер кезінде кез-келген әдіспен бас тартпай тоқтата алсақ ондай ұстаз өз шәкіртіне үлкен жақсылық, адамгершілік жасаған болар еді. Олай болса шәкіртін кез келген жаман жолдан сақтап қалу ұстазының үлкен адал жүректі екендігінің дәлелі болар еді.

            Ал гумандылық деген ұғымның түп негізіне үңілсек кез келген педагогикалық жағдайлармен күрделі педагогикалық мәселелерді баланың бас пайдасына қарата шешіп отыру, және мұнда оның болашағын көздеп ұстау екендігін ұғынамыз.

            А.С. Макаренко өзінің «Ұстаздық дастан» атты еңбегінде былай деп жазады: «Бір күні тәңертең мен балаларға келіп асханаға отын керек деп айтқанымда Задоров деген оқушы бар да өзің жарып әкел» деп жауап берді. Шыдай алмай қатты ашу қысып тұрғаннан болу керек, мен оны шапалақпен жағынан тартып жібердім, қатты ұрған болуым  керек, ол аяғынан тік тұра алмай пешке қарай құлады. Жағасынан ұстап алып тағы ұрдым. Қатты шошып кеткен болар, ақырын ғана, «Антон Семенович кешіріңіз…» деді. Қалған бесеуі үн-түнсіз қарап тұрды… осы жағдайда А.С.Макаренко педагогикалық әдеп сақтаймын деп Задоровты ұрмаса не болар еді? Тағыда осындай балаларға өзінің адам, педагог, шын жүректен жан ашуы екендігін Антон Семенович осылай ғана түсіндіре алды.

            Демек ұстаздың адамгершілігі көпшілік ойлағандай тек баланың көзіне өзінің шынайы сезімін көрсетпей, жасыру немесе оларға «сіз», «біз» – деп не істесе де «мен әдептімін» ден үндемей қою екен деп түсінбеу керек, оның тамыры терең, адамның ішкі шынайы сезімінде жатыр деген сөз.

            Ұстаздарға  тән  адамгершілік  қасиетінің тағы бір кепілі, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі дегеніміз – шәкіртінің мүддесі  жоғары санау, баланы өзінен жоғары қою,  соның  қызығушылығын  көздеу. Шынайы ұстаздың өмірі балалар арасында өтеді. Демек, сүйіспеншілік дегеніміз – шәкірт  туралы  бір  шешімге  келуден  барып, оған бір сөз  айтудан бұрын, ұстаз өзін сол шәкірттің орнына қойып бір сәт:  «егер мен осы  бала болсам не дер едім», «мен осы баланың  орнында болсам  қайтер едім?» одан  соң «бұл  бала неге бұлай?» – деп ойланады. Педагогиканың  тарихында  аты қалған  ұлы  ұстаздарымызға  қайырылсақ,  олардың  тәрбие  ісінде  игілікке жетуінің сыры да осы шәкірттеріне деген сүйіспеншіліктерінің шексіздігінде.

            Ұстаз шеберлігін  маңызды құралы – сөйлеу шеберлігі мен оның техникасы.

            Біздің   бақылауымызға  қарағанда, оқушылар ең алдымен ұстаздың  сыртқы  көрінісін:  киімін, жалпы   тұлғасын, одан соң бет әлпеті мен пішінін,  одан   кейін дауысын – оның   тембірі, саздылығы,  одан  кейін тіл   ерекшелігі  оның тазалығы,  мүкісінің  жоқтығын  байқап,  ең  соңында ғана «бұл не айтып тұр?» немесе «мұғалім не деп жатыр» – дейтін көрінеді.

Қысқасы сөздің мазмұны – мағынасына түсіну ақырғы орнында тұрады. Егер кейбір дыбыстар қате айтылса, ұстазының тіл мүкістігі болса не сөзі бір сарынды болса ол оқушыларда мазасыздық туғызады.

            Мысалы: А.С. Макаренко «бері кел» деген сөзді бірнеше түрлі саздылықпен   айта  алғанда ғана  өзінің нағыз педагог санаған екен. Мұғалім  сөзді  мынадай  сезім  түрлерімен айтуға жаттығады, сүйіспеншілік, сынақ, күлкі, әзіл, қалжың, ашу, ыза, қуаныш, кекесін, өкініш, зілді, мысқыл, салмақты, қорқыту, ілтипатпен, жайдары, қатал өкініш, жалыныш, зеку және басқалар. Сонымен қорытып  айтсақ, оқушылар  өз  ұстаздарын  тек  жасаған  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқы  ғана емес, сөйлеген   сөзі,   оны   қалай   айтқандығына  қарап бағалайды.

            Сөйтіп  балаң  жастағы  өзіндік  сана ересектердің өнегелі істерімен   қосылып  адамды   өмірден   үлгі-өнеге  мұрат   іздеуге жетелейді.

            Адам өзін-өзі   тәрбиелеуде  асқан  шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық, жылдар бойында қажымай, талмай, ерінбей, жалықпай жұмыс істей білуге машықтану қажет.

            «… Сахнада  мыңдаған  жұрттың  алдында   қимылдамастан  тұру оңай емес», — деп жазды орыс сахнасының майталманы К.С.Станиславский осы жөнінде. – «Мен осы дәрежеге жеттім, өйткені өзіме-өзім бір қалыптан қозғалма деп бұйырдым, осының  салдарынан тәнім бұрынғыдан сіресіп қалатын болды. Бірақ жүре келе бір дайындықтан кейін екіншісіне, бір спектакльден екінші спектакльге көшкен  сайын  бұлшық еттердің сіресуінен арыла бастадым. Бойымдағы жалпылай сіресуді, белгілі бір орталық мүшеге ғана жинайтын болдым; қолымның не аяқтың саусақтарына, не қалың етіне,  анығырақ,  айтқанда, ең мықты жерім осы деп  шамалаған  жеріме жинайтын болдым. Бұл менің  жер  тепсінбей, басы артық қозғалым жасамай еркін тұруына мүмкіндік берді»1.

Сөйтіп  К.С. Станиславский   адам  жаны мен тәнін қосарландырып, бұл  екеуінің органикалық  бірлігін жасауға шамасы келгендігін іс жүзінде көрсетті. Оның бұл жүйесі сол кездің өзінде-ақ көптеген ғалымдарға, әсіресе академик И.П. Павловқа Жоғарғы нерв қызметінің сан қилы құбылысын осы тұрғыдан әрі қарай зерттей түсуге жол сілтеген еді.

Шындығында   адамның  осы  секілді таңғажайып мүмкіндіктерін зерттеудің  болашағы  ұлаңғайыр.

Бұл айтылғаннан басты қорытынды: адамның өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі шексіз және бұл кез келген адамның қолынан келетін тіршілік.

Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинскийдің жастық шағында өзін -өзі тәрбиелеу мақсатында жасаған іс жоспары да көңіл аударарлық. Онда төмендегідей пунктер бар:

  1. Еркше сабырлық ең болмағанда сырттай сабырлы болу.

 

  1. Сөз бен істе сабырлы болу.
  2. Қимыл қозғалымтың ақылға қонымдылығы.
  3. Тез тоқтамға келу.
  4. Өзінің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау.
  5. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу.
  6. Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну, көрсеқызарлыққа салынбау.
  7. Әр кез өзің істеген ісіне мұқият есеп беріп отыру.
  8. Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда болатын ісімен мақтанбау.
  9. Осы қажет журналды ешкімге көрсетпеу1.

 

Жоғарыда  көрсетілген  мысалдардың  бәрі жас адамның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде  оны әр уақытта ісі әрекетке итермелейтін ішкі түрткілер болатындығын аңғартады.

Өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі білім алуда жас мұғалім ең алдымен жеке басының қасиетін толық меңгеру керек. Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері оның әр түрлі жағдайларына байланысты. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді, яғни әрі қоғамдық-әлеуметтік, әрі биологиялық табиғи тұлға.Жеке адам қасиеттеріне, темперамент, мінез, бағыттылық, қабілет жатады.

Темперамент – жеке  адамның  биологиялық  ірге  тасы,  тікелей жүйке  саласынан  туындайтын  тума  қасиеті. Темперамент   төртке бөлінеді.   Холерик   жігерімен, ұшқалақтығымен   көзге   түседі. Сангвинник – көңіл — күй   көтеріңкі  әрі  құбылмалы,  ширақ,  қиыншылық пен  сәтсіздікті  қиналмай  жеңетін  жылы  жүзді,  көпшіл  адам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *