Тәрбиенің субъективті факторының маңызды қатарында – тәрбиешінің жеке басы болып табылады. Шәкірт тұлғасын сомдайтын ұстаз жақсы болмай, қоғамның келешегін құрушы азамат тәрбиелеу ісін жолға қою мүмкін емес. Олай болса. «Ел боламыз десек, тәрбиені бесігімізден түзеуден бастауымыз керек. Бесікті түзейтін мектеп пен ұстаздар қауымы екенін ұмытпаған абзал. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы». «Ұстаз қандай болса, шәкірт сондай болмақ» деп халқымыз текке айтпаған.
Бірақ қазіргі мектепте тәрбие жүйесінде көп кемшіліктерін көруге болады. Осыған кінәлі тек қана тәртіпсіз оқушы, қоршаған орта, немесе балаға көңіл бөлмейтін ата-аналар емес, өз мамандығына жауапсыздықпен қарайтын тәрбиеші, ұстаз да кінәлі болып табылады.
Тәрбиешінің тәрбиленушіден алшақтығын авторитарлық педагогикалық туынды, кәсіби төмен деңгейдегі тәрбиеші негізгі себеп болады.
Сондықтан, қазіргі тәрбиешінің негізгі міндеттері: баланы қорғау, оған көрсететін ілтипат қайырымдылық, ең қарапайым адамдық сезім орын алу керек.
Балаға жолдастық қарым – қатынас арқылы әсерін тигізу керек.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тәрбие мен білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Я.А. Коменский, И. Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогиканың орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық үрдістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Қазіргі білім технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше. «Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
- адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
- өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
- іс-жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік ролдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекетінің жиынтығы;
- айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
- қажеттілік жүйесі;
- шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
- сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы (Г.К. Селевко).
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. (В.П. Беспалько, В.М. Шепель, И.П. Волков, М. Чошанов, М.В. Кларин, Г.К. Селевко т.б.).
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. «Педагогикалық технология» – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» – деп жазады М.В. Кларин. Басқа сөзбен айтқанда білімдарлық үрдістің көтеруін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін, бөлім болып табылады. Педагогикалық технология ағылшын тілінен аударғанда білімдарлық технология деп түсіну әлі де дұрыс аударма деп саналмай отыр. Дегенмен, білімдарлық технология оқу үрдісінде іске асырылатын және мұғалім іс-әрекетін жоспарлайтын дидактикалық модельдердің жобасын жасауды көрсетеді. Жаңа технология әр түрлі пәннің оқушыларының өз мамандығының сана деңгейіне, жұмыс істеу ерекшелігіне, әдістемелік тәжірибесіне шығармашылықпен қарауына, жаңашыл тәжірибелерін және әдістемелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда негізгі элементтерінің ішінен оқыту моделінің ерекше схема түрінде, оқыту моделі жоғары саты – дидактикалық жүйе болса, төменгі саты әдіс — тәсіл – педагогикалық техника немесе оқыту моделінің схемасы.
Оқыту моделі |
|
|
әдісі форма – дидактикалық жүйе |
|
тәсіл, әдіс педагогикалық |
Жоғарғы саты педагогиканың дидактика сатысына жатады, ал төменгі саты педагогикалық техника, немесе мұғалімнің жеке басының ерекшелігі (қимыл-қозғалысы, қарым-қатынасы т.б.). Біз осы жаңа білімдарлық технология жүйесінде мұғалімнің жеке тұлғасы және оның педагогикалық шеберлігін қараймыз.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позицияда басқаларына әсер етіп, ең соңында оқушының дамуына әсер еткен жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, В.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, И.Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульды оқыту технологиясы. В.М. Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл мұғалімдерге педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабы: мұғалім оқушыға тек қана жаңа білім беріп қоймайды, оқушыға соны игеріп, ізденіп, талап, пікір таластыру деңгейіне жеткізу арқылы оның даму үстінде болғанын қалайды. Қазіргі білім технологиясында мұғалім оқушыға неғұрлым сенімділік білдіреді, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіндік шығармашылық деңгейіне көтерілуге мүмкіндік жасайды.
Жалпы қазіргі білім технологиясында тұлға ретінде мұғалім педагогикалық шеберліктен және педагогикалық техникадан қалыптасады.
А.С. Макаренко өзінің педагогикалық тәжірибесінде жеке тұлғаның дамуын дұрыс қатынасты құру ретінде анықтады. «Біздің алдымызда әрқашан да екі объект – жеке адам және қоғам». Қарым-қатынас педагогикалық жұмыстың нағыз объектісін құрайтындықтан, барлық уақытта қарым-қатынаста боламыз. Қарым қатынастан тұлғаны бөліп тастау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуын қарым-қатынастың дамуымен елестетуге болады.
Грузин педагогы Ш.А. Амонашвили ұстазға тән мінез-құлық сапасының төрт деңгейін көрсетеді: 1. Ұстаз балаларды аяламай, бәрін бірдей жақсы көру керек. 2. Өз ісіне сенімді болу, қиындықты жеңудің әдістемелік тиімді жолдарын іздестіре білуі керек. 3. Оқушыға оның көңіліне, оиына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім мектептің жүрегі» – деген болатын.
Ағартушы педагог Ы. Алтынсарин мұғалім мен оқушының арасындағы дұрыс қарым-қатынастың болуына ерекше көңіл бөледі. «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың санасына қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы тиіс. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлесе білуі керек».
Ы. Алтынсариннің еңбектеріне талдау жасағанда әрқайсысында белгілі тәрбиелік маңызы бар идеялар, мұғалімге қажетті адамгершілік қасиет-сапалап жан-жақты қамтылғаны айрықша көзге түседі. Мұғалім мен оқушы әр түрлі екі субъект ізгілендірудегі мақсат осы екі түрлі рухани дүниені бірлестіру оқушының оқуға деген қызығушылығы оқулықтағы материалдармен ғана емес, оқытушымен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Егер мұғалім оқушы орындаған тапсырмаға зейін қойып, оны жақсы бағалап отырса, ол оқушының оқуға деген белсенділігі артады. Оқытушы әр оқушыға сенім білдіруі керек. Оқушы сана — сезіміне қандай да болмасын кемшіліктер болғанына қарамастан, оның өзінің мүмкіншілігін көрсете білуіне жағдай туғызу керек. Оқушының жетістіктеріне қуана білу, мадақтау, балаға үлкен қуаныш әкеледі.
А. Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп керектері» еңбегінде былай деп жазды: «… Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы, солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді педагог, методикадан хабардар жақсы оқыта білетін мұғалім».
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни, жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан, ұстаз ізденіс үстінде, оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздегені дұрыс болады. Педагогикалық қызметтің қалыптасуында қарым-қатынас түрлері ерекше орын алады, олар коммуникативтік, либералдық, демократиялық, шабыттандырушы және шығармашылық. Коммуникативтік стиль дегеніміз — тіл табысу, баланың ой-өрісіне ену, еркін сөйлесе білуге жол табу. Либералдық стилінде мұғаліммен оқушылар істерімен қылықтары ойластырылмаған, санасыз іс-әрекеттерге душар болады, пікір бостандықтарының мөлшерсіздігі сондай, оқушылар дөрекі мінез көрсетуге дейін барады. Демократиялық стилінде оқушылар өз пікірлерін ашық айтуға, ынта-жігерін жасырмауға үйренеді, міндетті жұмыстарға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасын тиянақты орындайды. Мұғаліммен де, басқа үлкен адамдармен де, бір-бірімен де теңдік, сыйластық қарым-қатынаста болады.
Шабыттандырушы стиль көбіне интуитивтік және этико-интуитивтік мұғалімдерге тән. Бұл стильдегі сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың әлеуметтік күш-қуатын пайдалануға ұмтылады және олардың перспективтік қабілетін ашуға тырысады. Мұғалім сабақтың қорытындысына емес, материалды түсіндіруге және балалардың пәнге деген тұрақты қызығуына назар аударады. Жақсы жағымды жақтары: мұғалімнің сыныптың көңіл-күйін сезе білуі, оқушылардың жан дүниесін түсінуді, олармен тең қарым-қатынас құра білуі. Мұндай мұғалімдердің негізгі ерекшелігі өз пәнін жетік меңгеруі, әдістемелік әдіс — тәсілдерге байлығы, сөйлеу әрекеттерінің күштілігі болып келеді. Шығармашылық стиль бойынша мұғалім өз бетімен әдіс-тәсілдерді іздеумен ерекшеленеді. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орында сөзсіз, ұстаздық қызметтің қорытындысы – оқушылардың тәрбиелілігі мен дүниеге көзқарас деңгейін алуы керек. Себебі, олар оқушылардың алған білімімен кешендесіп, өмірде бағыт-бағдар алуға көмектеседі. Осы дәрежеге оқушыларды шебер мұғалім жетектейді, ал оның жеке басына қандай қасиеттер тән?
Ең алдымен, ол мұғалімнің жоғары дәрежедегі идеялар мен ділдің иесі есебінде қалыптасуына негізделген идеялық дүниетанымдық дайындығы. Қазақстан мұғалімі жас ұрпақты тек жат жұрттық жақсы дәстүрлер негізінде, отансүйгіштікті Рим патрицияларының, ар намыстылықты француз серілерінің, отбасы берекелігінің герман бюргерлері, туралы әңгімелердің мысалында оқытуға тиіс емес. Ал оқушыларды қазақ халқының таңдаулы дәстүрлері үлгісінде оқыту үшін мұғалімге қазақ ділінің ерекшеліктерін білу қажет. Қазақ ділінің ерекшеліктерінің мәнісін қысқаша тұжырымдаған академик — ұстаз А.П.Сейтешев оның үш құрамды бөлігін атап көрсетеді – олар руханилық, халықтық және мемлекеттілік.
Руханилық қазақтардың қасиетін – мейрімділікті, адамгершілікті және жанқиярлықты біріктірсе, халықтық қауымдықты, дәстүрлікті және ашық жарқындықты, мемлекеттік, отансүйгіштік пен күшті мемлекеттік биліктің қажеттілігін мойындауды білдіреді. Міне, бұл тәрбие мен білім берудің дүниетанымдық негізі болулары тиіс. Ұстаз, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың да бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық жарқындығы мен бауырмалдығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударғаны жөн.
Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Ол ақпараттарды еркін және икемді меңгеріп, оқушыларды өз білімінің аясында тез, әрі жеңіл түрде енгізіп, оларды сол білімдерді меңгертуге жұмылдыра алатындай болуы керек. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы қажет. Бұл қасиет педагогке әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға немесе «екі есе оқу деген» принципі іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің жеке басының үлгісі кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.
Ұстаз кез келген жағдайларда ұстамды, шыдамды, әлсіз сезімтал әрі мейірбанды болу керек, яғни өз қызметі және оқушылармен қарым-қатынас жасау барысындағы мінез-құлқын үнемі бақылап отыратын болуы тиіс.
Жаңаша ойлайтын мұғалім міндетті түрде жаңа бағыттағы идеялар, технологияларды меңгеруді және сол білімдарлық технологияны меңгеруге дайын болу керек.
ҰСТАЗ ТҰЛҒАСЫНЫҢ МОДЕЛІ
|
Коммуникативтік Эрудиция
Қабілеттілік
Либералдық Талап қою
Зиялылық
Демократиялық Жігерлік
Шыдамдылық
Шабыттандырушы Әзілқой Еңбексүйгіштік
Біріккен іс әрекет негізінде Байсалдылық
Шығармашылық
|
- Сөйлеу мәдениеті, сөз қоры.
- Шығармашылық, жаңашылдық.
- Педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі.