АЛМАЛЫ

АЛМАЛЫ — Алматы обл— ның Панфилов ауд-ндағы ауыл, Басқыншы ауылдық әкімш. округіне қарайды. Ауд. орталығы — Жаркент қ-ның солт.-шығысында 30 км жерде, ҚХР шекарасынан 5 км жерде орналасқан. Тұрғыны 2,9 мың адам (1997). Ауыл Іле аңғарының қуаң агроклиматтық белдемінде жатыр. Мұнда орта мектеп, клуб, кітапхана, т.б. мәдени орындар бар. А. жанынан ауд. 2,5 км2 болатын ежелгі Алмалы қ-ның орны табылған. Тұрғындары ауд. орталығы — Жаркент қ-мен, елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *