Дулатов Міржақып — ағартушы, ақын, сыншы 1885 жылы 25-қарашада Торғай уезіндеті Майқара болысының 3-інші ауылында туған. 1935-жылы 5-қазанда айдауда, лагерьде жүрген кезінде ауырып қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер, қол шебері етікші болған.
Міржақып 8 жасқа толған кезінен бастап екі жылдай ауыл молдасынан сабақ
алады. Одан соң ауылдағы орыс мектебінде, ал 1897 жылы Торғайдағы орыс-
қазақ мектебінде оқиды.
1907 жылдан бастап оның бірлі-жарым, өлең, мақаласы да –жариялана бастайды.
М. Дулатов бірден-ақ қазақ халқының арман мүддесін терең түсіне білетін
қазақ қоғамында жаңадап өріс алып келе жатқан демократ идеялардъң
жаршысы екенін айқьн танытады.
Міржақыптың Серке газетінің 1907 жылы 2 нөмірінде басылған Біздің мақсатымыз атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын саяси үгітдеп саналып, бүл газет конфискеленсін деген шешім қабылданады. Оның осы мақаладағы пікірлері Оян қазақ! Кітабында эсіресе айқын, эсерлі айтылады.
Оян, қазақ! 1909 жылы түңғыш рет жарық көріп, кітап 1911 жылы екінші рет жарияланады. Осы жылы патша үкіметінің бақылау орны Оян, Қазақ! Елді бүзатын революция үндейтін кітап деп тауып М Дулатовты қамауға алады, кітапты таратуға, оқуға үзілді-кесілді тыйым салынсын деген сот шешімін шама данасын таптырып, жиғызып, жойып жіберуді қатты қадағалайды.
Оян, қазақ! Кітабын оқығанда Міржақыптың халықтың мұң-мүқтажын өз мүңындай көретіні эр сөзінен айқын сезіліп түрады. Ақын өзінің халық алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Ол өз замандастарына, көзі ашық зиялыларға тарих, қоғам, қандай міндет жүктеп отырғанын анық аңғартады, халықты ескіліктен, мешеуліктен, зорлық-зомбылықтан, қанау-езушіліктен қүтқаратын күшті құрал оқу білім, өнер, ғылым, адал, еңбек, әділдік, адамгершілік үшін қүресу екенін ұға білді.
М Дудатов патша үкіметінің қазақ даласын билеу ісін жүргізудеті саясатының кемшіліктерін, кертартпа сипатын айқын аңғарды. 1916 жылғы оқиғаны, 1917жылғы ақпан көтерілісі мен Қазан төңкерісі азамат сотысы кезіндегі саяси-әлеуметтік жағдайды көзімен көріп, дүрыс бағалай алды. Осыпдай үлкен тарихи окиғалар болып жатқап кезеңдерде алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларының қоғам қайраткерлерінің күресі елдің азаттығын сақтап қалуға бағытталды.
1913 жылы Міржақыптың «Азамат», 1915 жылы «Терме» атты өлең жинақтары жарық көрді. «Азамат» жинағындағы: Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі. Пайдалан шаруаңа жараса, алаш, — деген сөздер азамат ақынның алдына қойғам қоғамдық мақсатын қалай түсінетінін айқындай түседі, оның алған бетінен, күрес-керлік жолынан таймай, қажымай, талмай туған халқы үшін еңбек етуге белін буғанын аңдатады. Ақын өлеңдерінің. басты харындары надандық пен топастықты, әділетсіздікті сынап, әшкерелеу, халықты мәдениетке, өнер-білімге, прогреске шақырып, адамгершілік азаматтық идеяларды уағыздау болып келеді. Міржақыптың азаматтық, әлеуметтік лирика тақырыбы, идеясы түрғысынан да, құрылыс-қалпы, айтылу ерекшелігі, жанрлық өзгешелігі жағынан да, түрлі-түрлі. Бірде қазақ халқының тағдырын, күн көрісі, келешеті туралы толғаныстар болып келсе, бірде жастарды өнер-білімге, талапты, адал, өнегелі болуға шақыратын насихат өлеңдер, бірде омірдегі нақтылы, күнделікті жай-жағдайға, көпшілікке тікелей қатысты мэселелерді тілге тиек етіп, адамгершілік «мәселелерді сез қылатын әңгіме-сұхбат түріндегі өлеңдер, кейде патша үкіметінің озбырлығын, жүрт билеушілердің әділетсіздітін әшкерелейтін өткір сынақ өлеңдер түрленіп келе береді. Таға бір назар аударарлық бір нәрсе — қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғайтын туындылары ақынның өз сөзімен ішкі жан дүниесін танытатын кәңіл-күйі лирикасы алатын тұстары да аз емес.
«Сырым», «Мұң», «Қиял», «Көңіліме», «Арманым», «Қажыған көңіл» секілді өлендерді осы топқа жатқызуға болады.
Міржақыптың ақындық шеберлігінің бір қыры деп өлең өрнетін түрлендіріп келтіретінін айтуға болалы. Бұл орайда оның өлшемдерін, ұйқас түрлерін қолдануына қатысты бір-екі ерекшелікке ғана тоқтанамыз. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» атты романы басылып шығады. Бүл шығарма жазушының өз шығармашылығында ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінде елеулі орын алған көркемдік туынды болды. Өйткені ол аса зор әлеуметтік маңызы бар мәселе қозғаған, қазақ әйелінің ауыр жағдайын шынайы бейнелеген, қазақ әдебиетіндеті роман деп аталған тұңғыш. прозалық щығарма болатын. Қазақ эйелінің тағдырын толғайтын алғашқы прозалық туындылар саналатын Т. Жомартбасвтың «Қыз көрелік», С. Көбеевтің «Қалың мал», С. Тәрайғыровтың «Қамар сүлу» атты романдары бір-біріне ілесе жазылып, 1912—1914 жылдарда жарық көргенін, «Бақытсыз Жамал» осы үлкен арнағынға жол ашқан бастау екені айқын болды. «Бақытсыз Жамал» көп үзамай орыс тілінде де жарық көрді. Мұның өзі сол кездің өзінде-ақ М. Дулатовты орыс әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің танып-білуіне, жоғары бағалауына мүмкіндік берді. Міржақып поэзияның шығармаларында да арнайы тақырып етіп, қыздарды малға сатуды, жесір әйелді ерекше айыратып өткір сыншың нысанасыпа алып, махаббат сезімін, адамгершілікті қастерлеуді уағыздаған. Сүйгеніне қосыла алмай, еріксіз мал бертен адамға қосақталған бақытсыз Жамалдың трегедиялық өмірі — жүздеген, қазақ қыздарының, әйелдерінің басындағы жағдай болатын. Сондықтан әйелдің бас бостандығы, еркіндігі, өз сүйгеніне «қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы қазақ өміріндегі ең бір түйінін шешуші қажет мәселе болды. Міржақып әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Жамал бейнесін суреттеудегі жаңалығы да осы түпкі идеясына, озат ой-пікірінс нетізделтен. Міржақып ақындық, жазушылық еңбстін журналистік қызметімен үштастыра білді. 1911жылы «Айқап» журншіында, 1913-1918 жылдарда «Қазақ» газетінде қызмет етті.
Әдебиет пен мәдениет жайын баяндағанда Міржақып Ш. Уәлиханов пен А. Байтұрсыновтың жэне шығыстанушы Ғ. Потанин мен атақты татар акыны Ғ. Тоқайдың еңбетін ауыз толтырып айтады. Оның Шоқанның өмір жолын жақсы білтенін, ғылыми зерттеу еңбектерінің мәнін терең түсінтенін кейбір ағаш, орынсыз айтылған пікірлердің теріс.
Міржақыптың қазақ білімпаздарына қоса, түркі тілдес халықтардың, шығыс елдері ғұламаларының, орыс, европа шығыстанушыларының еңбектерін еркін меңгертені оның қазақ пен қырғыздың шыққан тегі туралы жазған тарихи шолуы секілді жазбаларынан анық байқалады. М. Дулатовтың әдеби шығармалары ерте кезде-ақ сыншы, зерттеушілердің назарына ілікті.