Жоспар
1.Жүсіп Баласағұнның өмірі
2.Еңбектері
3.Еңбектерінің мәні
Көне дәуірдегі түркі халықтары мэдинетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені үлан байтақ өлкеден XI ғасырда аты эйгілі Кақын ,философ , қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағүн музыкант отбасында дүниеге келген . Жүсіп жыл қайыру дэстүрі бойынша санағанда барыс жылы , яғни 1021жылы туған. Жүсіптің туған жері-қазіргі Шу өзені бойындағы Баласағүн қаласы кезінде Қараханидтер әулетінің екі рет астанасына айналған ірі мэдени орталығы болатын . Ерте кезде Тянь- Шань мен Алатаудың солтүстік беткейі Баласағүн таулары деп аталғаның М.Қашқари өз еңбегінде баяндайды. Осы Баласағұн тауларынан басталып ағатын Шу бойындағы Баласағұн қаласы-Жүсіптің туып өскен ата мекені.
Қараханидтер билігіне Қытайдан Каспиге дейінгі ұлан-байтақ өлкені жайлаған түркі тайпалары бағынады. Бүларды билеуші бас ханды табғашхан, жеке өлкелері билеушіні илекхан деп атаған. Илекхандардың іштей билікке өзара таласы орталықтанған мемлекетті жегідей жеген қайшылыққа үрындырды. Міне, Жүсіп осы кезеңге түс келді де мемлекетті орталықтандыру идеясын жыр етті. Бүл әсіресе ескі түркі жазу-ында Білге қаған толғайтын мемлекетті орталықтандыру, бір-лік жайлы өсиет сарыны рухани дәстүр ретінде бүл идеяның Қүтадғу білікте жаңаша қойылуынан да көрінеді.
Жүсіп -өз заманынан иығы асқан дана үлдарының бірі. Оның терең білік иесі екендігі дастанда арнайы сөз болатын ғылым салалары жайлы пікірлерінен де сезіледі. Ол өз заманындағы ғылым салаларымен түгелдей хабардар кісі. Баласағұн-философ ретінде жэне тәрбиелік тағылмға толы-педагог ретінде артына өшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, өнеге қалдырған адам. Оның үйретуінше, адамның жетіліп қалыптасуы, оның ішінде жастар тәрбиесі-қоғамдық жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен, оң эсерімен тәрбие арқылы және адам табиғатын туысынан-дүниеге келумен бірге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады. Оның ішінде адамнан өсіп-жетілуінде, оның дүниеге келуі мен іле келетін қажетті кейбір сапалар мен қасиеттердің
болатындығын мойындады. Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы Құдатғу біліктен ғана табамыз. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін хабарлайды.Қүтадғу білік дастаны Бақытқа жеткізуші білік түркі тілді туысқан халықтардың бізге келіп жеткен дүниежүзілік мәнге ие бірден-бір жазба әдебиескерткіші.ХІ ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мүраларының бірі.
Ол философия,астрономия,геометрия ғылымдарына жеке-жеке тоқталып тіпті Эвклид теориясын меңгеруді уағыздайды.Күтадғу білікті жазу үстінде Жүсіп өзі пайдаланған әдебиеттер көзінен де мол хабардар етеді. Жүсіп заманында әдебиеттерді пайдалану жолы көбінесе дана айтады, білген айтады, ябғу сөзі, түрікше сөз, шайыр айтады, мәжік галымы айтады түрінде сілтеме жасауымен нақтылы деректер көзінен мәлімет беріп отырады. Дастанда пайдаланған әдебиеттерге сілтеме жасаудың мүндай түрі екі жүзден асып жатуы жете көңіл қойып, арнайы зерттелген кісі көп шындықтың төркінің аша алады. Жүсіп әсіресе халық ауыз әдебиеті үлгілерін барынша мол пайдаланғаны дастандағы кісі аттары, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздерден де көрінеді. Мысал ретінде алсақ:қазақтың «Сөздің көркі-мақал»,» Ауру қалса да, әдет қалмайды»деген мақал-мәтелдердің арғы төркіні тым алыста жатқандығынан хабар береді.
«Қүдатғу білік»- Қараханидтер дэуіріндегі түркі тілді халықтарқа ортақ мұра болуы себепті, олардың қазіргі үрпақтары өз рухани даму жолдарын іздеп тапса болғандай деректер көзіне аса бай ата мүрасы боп табылмақ. Жүсіп өз заманындағы ғылым салаласымен толық танысып кемелденген шағында Қүдатғу білік тәрізді классикалық шығармасын жазуға бет бүрды. Араб парсы тілдерін жақсы білумен қатар өз ана тілің де терең меңгеріп, бар байлығын бойына дарытқан Жүсіп ана тілің кқркемдік қуатын әлемге таныту бағытын үстанды. Өз тілің менсінбей араб,парсы тілінде сөйлеу,шығармажазуды сырттан таңылған қорлық салты үстем кезде өз ана тілінде көркем шығарма жазу дәстүрін қалыптастырып кетуі-соның тарихи еңбегі.
Қүтадғу білік- XI ғасырға дейінгі түркі тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған рухани қүбылыстарды түтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды. Жүсіп дастанын Баласағүнда бастап, Қашқарда аяқтаған. Табғаш бөрі Қара қаған Әбу Әлі Хасан ибн Сүлеймен Арысланға сыйға тартып, қағаннан ұлы хасхаджив лауазынамын алған.Осы себепті ол Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн аталып кеткен. Құдатғу білік бүкіл Туран, Иран, Қытай елдеріне таралып, даңқы жайылған. Дастанға әр халық өзінше ат қойып, қызыға оқыған. Жүсіптің:
Бу Машриқ елинде камуғ трук ичин,
Менің қытаб иоғ ажунды ыдын-
Шығыс елінде, түрік жерінде,
Бүдан бөлек кітап жоқ білген элемде,-Деп айтуына қарағанда түркі халықтарының классикалық жазба эдебиетінің бірегей ортақ ескерткіші ретінде танылып отыр.
Қүтадғу біліктің бэзге Қайр, Вена, Наманған деп аталатын үш нұсқасы жетті. Қүтадғу білік ғылымға XIX-ғасырдан бастап мэлім бола бастады. Осы нүсқалардың ішінде наманған нүсқасы тэуірі эрі XIII- XIV ғасырда көшірілген көне нүсқасы ретінде қарастырылып жүр.Наманған нүсқасы Өзбекстанға Шығыс Түркістаннан келген деген пікір бар. Қүтты біліктің үш нүсқасы қолымызға тиіп отыр. Веналық нүсқа 1439 ж. Гератта көшірілген, Кайр тізбесі Хурукв кітапханасында 1896ж. сақталған, неғүрлым жетілдірілген Наманға нүсқасы 1913 ж.табылған. Бүл еңбек өзінің дүниеге келген күнінің бастап оқырмандарға күшті эсер етті. Кітаппен танысқан адамдардың эрқайсысы өз талап тілектеріне сай, қай юақта немесе қандай жағынан қарастырылуына орай эр түрлі атады. Баласғүн өзінің философиясында басқа барлық ғылымда да жалпы меншік жоқ деп көрсетті. Ойшыл адамзат болмысының мэселелерін арнайы
зерделегенде үстаз шәкірттің бойынан өзінің бақталасын көре отырып, оның табысқа жетуіне мүлдем мүдделіемес екенін көрсетті.¥лы педагог білікті, парасатты адамдарды қоғам өз дірежесінде бағаламайтынын , бүл дүниеде ашкөз надандардың үтатының, адамзаттық қоғамға көз жүматының айтады.