АЛЛОТРОПТЫҚ, аллот р о п и я (грек. allos — басқа, tropos — қасиет) — хим. элементтің құрылымдары мен қасиеттері әр түрлі екі немесе одан да көп жай зат түрінде болуы. А. құбылыс: 1) атомдар саны әр түрлі молекулалар (оттек [02] және озон [03], сондай-ақ екі атомды [Р,] және төрт атомды [Р4] фосфор молекулалары, т.б.) түзілуінен; 2) полиморфтанудың бір түрі болып табылатын әр түрлі кристалдық үлгілер (алмаз және графит түріндегі көміртек; күкірттің ромбтық және моноклиндік үлгілері; сұр және ақ қалайы; а,β,δ темір, т.б.) түзілуінен пайда болады. Ашылған элементтердің саны 100-ден асса, олардың А. түрлері 400-ге жетеді. А. түрлерді атомдардың геом. орналасуына қарай жіктейді. Сондай-ақ кристалдық құрылымы бірдей бола тұра, заттар әр түрлі физ. күйде болады. Мыс., темір 719°С- та (Кюри нүктесі) ферромагниттік күйден ферромагниттік емес күйге ауысқанымен оның кристалдық құрылымы өзгеріссіз қалады.