АЛЛЕРГОЛОГИЯ

АЛЛЕРГОЛОГИЯ (грек. allergia — аллергия және logos — ілім) — аллергиялық аурулардың пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін зерттейтін және олардан алдын ала сақтану мен емдеу әдістерін жетілдіретін иммунблогия мен клиникалық медицинаның бір саласы. Ғыл.-тех. ізденістер мен өндірістің дамуы қоршаған ортада көптеген аллергия туындататын заттардың (жасанды бұйымдар, дәрі-дәрмектер, бояулар, тағамға қосатын қоспалар, хим. және радий белсенді заттармен атмосфераның ластануы, т.б.) пайда болуы адамдар арасында жылдан-жылға түрлі аллергиялық аурулар тудырып отыр. Елімізде А-лық жәрдем көрсету үшін Алматы қ-нда республикалық арнайы орталық, ал облыс орталықтарында бөлімшелер мен кабинеттер жұмыс істейді. Оларда бронхиалдық демікпемен, полинозбенКвинке ісінуімен, есекжеммен ауыратын адамдарды емдеу және алдын ала сақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазақстанда балалар аллергиясын емдеу де жолға қойылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *