АЛЛЕГОРЛАУ

АЛЛЕГОРЛАУ, а л л е г о р и я (грек. allegoria — пернелеп айту), пернелеу — оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, бейне жасаудың көркемдеуші құралы, көркемдік тәсіл. А. көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі — қулық, арыстан — зорлық, қасқыр — қастық, қоян — сужүректік, есек — ақымақтық, аққу — адалдық, махаббат, т.б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типол. ортақ бейнелер А. арқылы беріледі. Алайда ұлттық ұғым- сана, дәстүр-салтқа байланысты мұндай бейнелер барлық халықта бірдей әсер тудырмайтын кездері де болады. А. ауыз әдебиетінің барлық жанрларында, оның ішінде жануарлар туралы ертегілерде, халық мысалдарында, өтірік өлеңде, жазба әдебиетте сатиралық жанрларда жиі қолданылады. Ол пернелеп айтуға, дерексіз ұғымды деректі нәрсеге ауыстырып бейнелеуге икемді тәсіл болғандықтан мысал жанрында ерекше дамыған. ЭзопЛафонтен, Крылов, Абай, Байтұрсынов, т.б. шығармаларында А. айрықша орын алған. Абайдың “Қарға мен түлкі” мысалындағы Түлкі мен Қарға бейнесі арқылы адам баласының бойындағы қулық пен аңқаулық, даңғазалық сияқты мінез табиғаты пернелей өткір мысқылмен шебер берілген. А. көркем прозада да кездеседі. Әсіресе, орта ғасыр сөз өнері н е , қайта өркендеу дәуірінебароккоға, классицизмге тән көркемдік тәсіл (А. Франц, К. Чапек, М.Е. Салтыков-Щедрин, Г. Ибсен, т.б.). 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *