АЛЛАЯР СОПЫ 

АЛЛАЯР СОПЫ (т.ө ж. б.) — ақын. 18 ғ-дың орта тұсыңда өмір сүрген. 4 кітап жазған. Олардың ең бастысы “Ғазизиға бағыштау” (“Рисалан Еазизи” немесе “Шархи Суһбатул Ғазизи”) 1893 ж. Қазан ун-тінде басылған. Мұнда Құдайдың пайғамбарларға (Мұса, Дәуіт, Иса және Мұхаммед) жіберген 4 кітабының аттары аталған (“Таурат”, “Забур”, “Інжіл; “Құран”). “Аллаяр Сопы” кітабы 1889 ж. Стамбұлда арабша, түрікше, парсыша басылған. Қазанда шыққан “Рисалан Ғазизидің” 3-бетінде А. с. “Бұхара халқы ғибадатқа жалқау екен. Қауын-қарбыз сатып жүреді екен” дейді. Бұған қарағанда оның Орта Азияға дін уағыздап барғаны аңғарылады. Абай 38-қара сөзінде А. с-ны есіне алған. Қазақ даласында мұсылманша сауат ашқан шәкірттер «Аллаяр сопы” кітабын міндетті түрде оқитын болған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *