АЛҚАТЕРЕК

АЛҚАТЕРЕК — Солтүстік Қазақстан обл-ның Ақжар ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. 1996 жылға дейін Чистяковское а. аталып келді. А. ауд. орталығы — Талшық стансасынан оңт.-батысқа қарай 35- км-дей жерде, жусан, бетеге, т.б. өскен далалық белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,3 мың адам (1997). Ауылда мектеп, емхана, фельдш.-акушерлік пункт, клуб бар. Тұрғындары облыс, ауд. орталықтарымен және елді мекендермен т. ж., автомоб. жолы арқылы қатынасады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *