АЛҚАМЕРГЕН — Павлодар обл. Май ауд-ның батысында, Ертіс алабына орналасқан тұзды көл. Су жиналатын алабы 1475 км2. Аум. 20,4 км2. Жағалауы, негізінен, жазық. Көлге батысынан Ащысу өз. құяды. Алабұға, шортан, табан балық бар. Қарашаның алғашқы жартысында мұзы қатып, сәуірдің аяғында ериді.