АЛҚАКӨЛҚҰМ

АЛҚАКӨЛҚҰМ — Оңт. Қазақстан обл-ның Арыс ауд. жеріндегі, Сырдария өз-нің оң жағын ала теңіз деңгейінен 220 — 280 м жоғары жатқан құмды алқап. Ұз. 65 км, ені 8 — 18 км. Жер бедері қырқалы-төбелі келеді. Төрттік кезеңнің жыныстарынан түзілген. А-ның шалғынды-сұр және кәдімгі құмдақты сұр топырағында жүзгін, қоянсүйек, жусан, еркекшөп, ал сортаң жерінде алабота өседі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *