АЛКАЛОИДТАР

АЛКАЛОИДТАР (араб. әл-қала — сілті және грекше eidos — түр) — құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер. Алкалоид молекуласында С, Н, N атомдарынан басқа S, Cl және Вr атомдары болуы мүмкін. А. алынатын зат атауының түбіріне “ин” жалғауы жалғанып аталады. Мыс., атропин (Аtropа belladonna өсімдігінен алынған), стрихнин (Strychnos nux Vomicа өсімдігінен алынған). Көбінесе, А. жіктелімі молекуланың көміртек-азотты құрылымына негізделеді. А- дың өсімдіктердегі мөлш. өте аз (0,001 — 2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлш. 10 — 18%-ке дейін жетеді. А., негізінен, өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағында, дәнінде, сабағында, тамырында) жинақталады. Олар өсімдіктердегі биохим. процестерде де маңызды рөл атқарады. А-дың хим. құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Олардың ең көп түрі — гетероциклді қосылыстар. Кейбір А. (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді. А. туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылады (мыс., морфинэфедрин, атропин, папаверин, т.б.). 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *