АЛИМЕНТ (лат. Alimentum — асырау, бағу) — қалыптасқан некелік және басқалай туыстық қарым-қатынастарға байланысты бір адамның заң бойынша екінші адамды асырауына жұмсалатын қаржысы. Қолданыстағы заңда көзделген жағдайларда кәмелетке толмаған, кей реттерде кәмелетке толған, бірақ еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелері А. алуға құқылы. ҚР-да А-тік міндеттемелер арнаулы заң белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады.