Н.Г.ЧЕРНЫШЕВСКИЙ –ФИЛОСОФ-МАТЕРИАЛИСТ

 

Жоспары:

  1. I. Кіріспе.
  2. II. Н.Г. Чернышевский — философ — материалист.

2.1. Тәрбиенің ролі мен мәні.

2.2. Тәрбиенің мақсаттары

2.3. Оқудың мазмұны мен әдістері.

2.4. Адамгершілік тәрбиесі.

III. Қорытынды.

  1. IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Н.Г. Чернышевскийдің революцияшыл қызметі мен көзқарасы В.И. Ленин жоғары бағалады . «Чернышевский 50 — жылдардан бастап 88 — жылға дейін тұтас философиялық материализімнің дәрежесінде бола білген, некантшылардың, позитивистердің, махистердің жэне басқа сондай шатастырушылардың өрескел сорақылықтарын лақтырып тастай білген -арыстың бірден-бір шын үлы жазушы,» — деп жазады В.И. Ленин.

Өзінің философиялық көзқарасы бойынша Н.Г. Чернышивский заманының материалисі болды, ол дүние материалдық жэне объектвті деп таныды. Нақты мтериалдық жэне объективті дүние адам білімдерінің негізі, сондықтан ол — бірінші, ол біздің ойлауымыз материалдық дүниенің желісі, сондықтан ол екінші деп есептеген.

Қоғам өмірінің оқиғаларының түсіндіруде Чернышевский тарихын материализімге қарай өрлеп отырды, бірақ ол идеализмнен де түпкілікті арыла алмады. Сатциализмге ескі шаруалар қауымдары арқылы өтуді арман етті, өйткені ол социализім орнататын күш пролетариат екенін білмеді жэне ол кезже білуі де мүмкін емес еді. Бірақ Чернышевский өзінің теориясымен ғылыми социализімге барлық утопистерден әлдеқайда жақын келді, өйткені ол өзінің үмітін революциялық утопиялық социализм оның революциялық демократизіммен тығыз байланысты болды.

Орыстың үлы сыншысы, философ — материалист, жалынды революция-тныл — демократ, жазушы және публицист Никалай Гаврилович Чернышевский 1828 жылы 24 шілдеде Саратов қаласында священниктің семьясында туды. Бастауыш білімді үйінде алған, одан кейін жергілікті семинарияда оқып, кейін Петербург университетінде оқыды. Университетте оқыған кезінің өзінде крепостнойлық бүғаудың езгісінде жүрген қарапайым халақтың өміріне зер сала көңіл аударды. Оның дүниеге  көзқарасы крепостнойлық қүрлысқа қарсы шаруалар қозғалысының баған сайын қүлаш жайған жылдарында қалыптасты.

Н.Г.Чернышевский 1851 — 1853 жылдың аралығында Саратов гимназиясында оқытушылық қызмет атқарады. Чернышевскийдің үстаздық қызметі оның педагогикалық еңбекті сүйетіндігін көрсетті.

Оның сабақтарынан жастар алгаш рет Белинскийдің, Гогльдің және басқа алдыңғы жазушылардың тамаша шығармалар жэнінен мәліметтер .естиді.

1853 жылы Н.Г.Чернышевский магистрлік ғылыми атақ алу үшіі Петербургке барады, онда ол «Онердің шындыққа эстетикалық қатынасы) деген тақырыпта диссертация қорғайды.

Чернышевский Петербургте негізінен жазушылық және әдеби сын жұмысына     ауысады,          бастапқы     «Отечественные     записки»     және

«Современник» журналында, ал 1885 жылдан қызмет істейді.

Үдеп келе жатқан шаруалар толқыны кезіндегі ревалюцияшы қызметіне байланысты, 1862 жылы 7 шілдеде Н.Г.Чернышевский тұтқыш алынып, Петропавловск қаласына   отырғызылды, кейін Сибирьге мәңгі жер аударылды.  Тек  1883  жылы    алдымен Астраханьда,  кейіннен Саратовта тұруға рұқсат алған еді.

Чернышевский айдауда 20 жылдан астам жүрді. Бірақ осынша азып жылдарынан басынан кешірсе де, бұл тамаша ревалюционер өзінің ревалюцияшыл жолынан қайтпады. Ол Петраповловск қаласында «Не істеу керек?» романын жазды, айдауда 20 жылдан жүріп «Пролог» романын жазды. Өзінің түрған қаласына келгеннен кейін Н.Г.Чернышевский зор творчествалық жүмыспен айналысып, халқы жэне жас ұрпақ үшін жаңа еңбектер беруді арман етті, бірақ бүл арманы орындалмады. Жолында патриот, еңбекші халықтың бостандығы мен бақыты жолында күрескер, үлы ойшыл, ревалюционер Н.Г.Чернышевский 1889 жылы 17 октябрьде қайтыс болды.

Чернышевский өз заманында кең талқыланып жатқан қоғамдық -педагогикалық мәселелерге араласты, соның бірі — адамның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар жөнінен айтқан ойлары. Бүл мәселеге ол саяси мэн берді, себебі үстем тап ойшылдары адамның қалыптасуын алдын ала туғаннан белгілеп, адамның кім болары баланың нәсіліне байланысты деген теріс сол кездегі орыс крепостный шаруаларының ауыр халінің, сауатсыздығының,      мэдениетсіздігінің     шын      себептерін          жасырып

бүркемелеуге бағытталған еді.

Чернышевскийдің көрсетуінше, адамның рухани бейнесін сипаттайтын мінез — қүлқының, адамгершілігінің, басқа да қасиеттерінің өзгешелігі оның түқымынан емес, адамның еңбегі мен өнер жағдайлары және тәрбиенің әсерінен болады. Оның «Гылыми үғымдар очерктері» еңбегіңде әр мамандықтағы адамдардың мысалы: жер өңдеушілердің, ақсүйектердің, қолөнершілердің түсінігіндегі, мінез — қүлқындағы жэне эдетіндегі өзгешеліктер емес, олардың қоғамда алатын орнына, еңбегі мен түрмыс жағдайларына жэне тәрбиесіне байланысты деп есептеген.

Батыс    Европаның        социалист    —    утопистері    көрсеткен    дей,

Чернышевский адамды өз айналасын қоршаған дүние мен тэрбиенің дэрменсіз нэтижесі демеген, ревалюционер болғандықтан, ол адам өзі өмір сүріп отарған ортасына, жағдайына белсенді араласуы тиіс, ұнамсыз ортамен күресуі керек деген. Міне, осылайша Н.Г.Чернышевский тәрбиені адамның қалыптасуындағы негізгі факторлардың бірі деп дәлелдеп, оның ролі мен маңызын анықтауда көп ілгері түрды. Бірақ Чернышевский де кейде тәрбиенің ролі мен мүмкіншілігін асыра бағалады.

Тәрбиенің маңызы жөніндегі мәселемен тығыз байланысты түрде «Чернышевский самодержавиялық крепостнойлық құрлыс жағдайындағы Рассиядағы тәрбиені, үкіметтің «ағарту» саясатын негізінен сынап өтті. Озінің «Ырымшылдық және логика ережелері» деген мақаласында елдің қараңғылығы мен сауатсыздығын сипаииайды: «Рассия империясында түрушы 65 немесе 70 миллион түрғыннан 5 миллиондай оқи білетін адамдар бар деп есептеледі, бұл цифрдің озі де артығымен алынған болар», — деп қайғыра жазды. Коп мақалаларда ол мектептердің мүшкіл халін суреттейді: «Мектеп тәрбиесінде Рассияда да, Батыста да   тоқыраушылық орын алған Мүнан 300 жыл бұрындай мектепте оқыту әдістері де төмен, баланың өз бетінше ойлауы түбірінен жойылған».

XIX ғасырдың 60 жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыстың ықпалымен Н.Г.Чернышевский орыстың ұлы педагогі К.Н.Ушинский бастаған ағарту ісінің прогресшіл қайраткерлердің жалпыға бірдей білім беру талаптарын қолдады. Бірақ ол бұл сияқты талаптардың шеңбері тар екендігін көрсетті. Чернышевскийдің дәлелдеуінше, халықтың материалдық хал — жағдайын түбірінен жақсартпайынша, халық саяси билікке ие болмайынша, оның оқып білім алуына берілген қандай прова болса да іс жүзіне аспайтын бос қиял ғана болып қалады.

Өзінің «Земледельческая газета» және «Июль» Монархиясы мақалаларында бостандық пен ағарту ісінің бір бірінен бөлінбестей байланыстылығын көрсетті, халық саяси өкімет билігін өз қолына алмай, ағарту жүйесі нағыз халықтық болмайтынын жете көре білді. «Саяси билік, материялдық әл — ауқат және білімділік — осы үш нэрсе бір — бірімен тығыз байланысты, — деп жазды ол, — кімде — кім қайыршылықта күнелтсе, ол өзінің ой — өрісін дамыта алмайды, ал ой — өрісі тар адам билік өз өмірінің пайдасына жұмсай алмайды. Саяси билікті пайдалана алмайтын адам езгіден, демек, қайыршылықтан, надандықтан арыла алмайды».

Н.Г.Чернышевский тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін де ревалюцияшыл — демократтық тұрғыдан шешті. Оның ойынша, тэрбиенің мақсаты — қоғамдық идея жағынан үстамды күрес адымын, ревалюцияшылда тэрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын, «азаматтық іскерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу. Тэрбиенің осы мақсаттары арқылы тәрбиеленетін жаңа адамдардың асамаңызды қасиеттердің бірі — отанға жэне өз халқына деген сүйіспеншілік деп есептеді. «Әрбір орыс адамының тарихи маңызы оның отанға еткен еңбегінде, оның адамгершілік азаматтығы -оның патриоттық күшімен өлшенеді», — деп жазды. Ол бүл образды өзінің атақты «Не істеу керек?» романындағы кейіпкер Рахметов арқылы береді. Сөйтіп, Чернышевскийдің педагогикалық принципінде: бүкіл жаңаның жеңіп шығуы жолындағы күресшілерді тәрбиелеу, жаңа қоғам күресшілеріне қажет қасиеттерді тәрбиелеу талаптары болды.

Н.Г.Чернышевский жан -жақты жетілген жас өспірімдер тэрбиесін жүргізудегі шешуші жол — жалпы білім беру, ал оны оқытып, үйрететін, онымен қаруландыратын орын мектеп деп есептеді. Ол халық мектептерін дамыту ісіне аса зор маңыз берді.

Чернышевскийдің зер сала көңіл бөлген мэселесі — осы мектепте берілетін білімнің көлемі мен бағыты жөніндегі мэселе еді. Ол осы кезде орыстың белгілі педагогы Н.И.Пироговтың «Өмір мәселесі» деген мақаласында негізделген мектепте алдымен жалпы білім беру жөніндегі ойларын қолдайды.

Жаңадан құрылатын мектеп, Чернышевскийдің көрсетуінше, жаңа дидактикалық негізде, ескі мектептің әдістерімен басқа, жаңа оқыту әдістерін анықтауда оқушылардың ерекшеліктерін, олардың ой — өрісі мен қабілеттерін    қатаң еске алуды, материалдың біртіндеп    және    тізбектеп «берілуін әрдайым сақтап отыруды, мазмұндауда да, анықтамаларда да қортындылар мен тұжырымдардың анық та дэл айтылуын талап етті. Сондай — ақ шәкірттердің ойлай білуін дамытудың және де өздігінше білім алатын дағдылар етудің маңызды кұралы ретінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына зор маңыз берді.

Чернышевский әсіресе мұғалімнің сабақтағы баяндауы мен әдістемесіне басаназар аударды, сабақтың тартымды формада, қарапайым да ұғымды, көп сөзді болмай, орынды дәлелдер, айқын мысалдар, анық деректер келтіріп жүргізілуін талап етті.

Н.Г.Чернышевский жас өспірімдерге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлеріне, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік сапалар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патротизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыра білу, кішіпейілділік, әдептілік т.б.

Патриотизм, Чернышевскийдің көрсетуінше, адамгершіліктің басқа бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Ортақ іске қызмет ету үнемі адамгершілікті керек етеді дей отырып, Чернышевский гуманизмді теріс ұғынушыларды сынады, оның пікірінше, шын гуманист адам айналасындағы адамдарға зор сүйіспеншілік және қүрмет сезімімен қарауы, қайырымды болуы, зиянды әрекеттер мен істерге қарсы шығуы адам баласының мүң -мұқтажын біліп отыруы, жамандық атаулының бэріне келіспес, мейірімсіз күрес жүргізе білуі тиіс. Ол жастарға М.В.Ломоносов пен Н.В.Гоголь патриотизмін үлгі етті.

Тәрбиенің әдістері жөнінен Чернышевский сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқудың өзітэрбиеге күшті әсер ететіпдігін ескертті.

Тәрбиенің әдістері жөнінен Чернышевский сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқудың өзі тэрбиеге күшті әсер ететіндігін ескертті.

Чернышевский оқу мен тәрбиедегі негізгі жауапкершілік мүғалімге жүктеледі деп есептеді, сондықтан мүғалімнің педагогикалық қызметі мен қоғамдық орнына ерекше мән берді. «Саяси эканомияның очерктері» деген еңбегінде мұғалімді өз халқы мен Отанына қызмет етуші қайраткер деп бағалады.

Ғылыми және идеялық мазмүны жағынан Н.Г. Чернышевскийдің педагогикалық көзқарасы педагогика туралы Маркске дейінгі ойшылдар айтқан пікірлердің ең құндысы болып табылады. Педагогика мен ағарту ісіндегі реакцияшыл көзқарастарға қарсы күресте онын, көзқарасы Рассияның прогрессившіл күштерінің тамаша құралы болып табылады.

Пайдаланғань әдебиеттер:

  1. Қ.Бержанов, С.Мусин «Педагогика тарихы» Алматы 1984.
  2. Н.Г. Чернышевский. Шығармаларының толық жинағы. ІҮ том, 695 бет

ХҮ том, 89 бет

ҮІІ том, 97 — 98 беттер

II том, 311 — 312 беттер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *