Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие. ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ МЕКТЕПТЕРІ

 

  1. Ежелгі Қытай мемлекеті.
  2. Конфуций мектебі.
  3. Даосистік мектеп.
  4. Легистер мектебі.

Ежелгі Қытай мемлекеті

Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дэуіріне өтуіне байланысты ауылшаруышылығы мен қала түрғындарының еңбектерінің бөлоінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой жэне дене еңбектерінің бөлінуіне, эр түрлі сатыдағы элеуметтік топтардың пайда болуына экеліп соқтырды.

Ежелгі Қытай мемлекеті — шын мэніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы — Әрі монарх, Әрі жрец жэне жалғыз ғана жер иесі болды. Әр түрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін элеуметтік сатыда — рубасылары, отбасы (семья) басылары түрды. Ал қүлдар болса, олар жануарлар сияқты элеуметтік сатыдан тыс қалды.

Заң болған жоқ, сондықтан элеуметтік сатыда жоғары түрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында эр түрлі элеуметтік сатылардың бэрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негіздіелді.

Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат қүбылыстарына жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, эдет-ғүрып, дәстүрлермен түрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап айқындайды, т.б.

Қытайлықтардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» («У цзин») аталатын кітаптарда шоғырланған. Бүл кітаптар өздерін білімді санайтын эр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы: математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің түтылу мезгілін анықтады, астрономиялық қүбылыстар мен жердегі қүбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь), уақыт есептеу, т.б. тэсілдерді ойлап табуға мүмкіндік туды.бірақ ғылым элі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бүл жағдай философиялықілімдердің деңгейіне эсер етпей қойған жоқ.

Б.д.д. III ғ. аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, түрпайы философия (натурфилософия) жэне Атаулар мектебі.

 

ДӘРІС №3 Даосистік мектеп.

ДАОСИЗМ

Даосизм (қытайша «дао цзяо» — «жол ілімі») б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император») ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан жэне ежелгі мафтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын «Жол мен ізгіліктер туралы канонда» (Дао-дэ-цзинде) жэне философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІУ-ІІІ ғғ.) «Чжуан-цзыда» баяндалады.

Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы» (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғғ.) жэне «Хуаинань-цзы» (б.з.б. II ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.

Даосизм адамга коршаган әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп цоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тэртіп) — ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар элемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нэрсе даодан жаратылған жэне соңында даоға қайта оралады. Дао бұл барлъщ нәрсе, сонымен цатар ол еш нәрсе де емес; ол — мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао — беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек «дэ» (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ — қоректендіруші. Тақуа мақсаты — даоны тану, ол оны «ғарыш үйлесімділігі» — адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.

Даосизм философиясының мэні — бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от жэне су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі «киден» (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.

Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы «эрекеттенбеу» («у-вэй») — табиғи элемдік тэртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бүзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын эрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тэртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бэрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.

«Чжуан-цзы» бойынша өмір мен өлім жалпылама метаморфозалардың тек сатылары ғана. Универсум сияқты кіші әлем — адам да мэңгілік. Оның физикалық тэні өлгенде рухы элемдік «арнаға» сіңеді. Өмір бастауы ретіндегі даомен бірііу, діни пайымдау, тыныс жэне гимнастикалық жаттығу, жыныстық тазалық, алхимия жэне с.с. арқылы ғана мәңгілікке жетуге болады.

Тақуа-даошылар табиғат аясына кетіп, үйлесімділікке жету үшін онымен тұтасуға талпынды. Ажалды жеңу мен ұзақ өмір сүру үшін кем дегенде, біріншіден, «рухты қоректендіру» қажет. Даошылар адамды көптеген рухтардың мекені, кұдіретті күштердің шоғырлануы ретінде қарастырады. Тэндік рухтардың осы жүйесіне аспандық иерархия сәйкес келеді. Аспандағы рухтар адамның жақсы-жаман істерін тізіп, санап, өмір ұзақтығын анықтап, өсиеттерді орындауға, ізгі болуға шақырады. Ұзақ өмір сүрудің екінші шарты «тәнді қоректердіру» — қатаң диета сақтау және организмге тіршілік дарытатын эфирді тарататын тыныс гимнастикасын жасау болып табылды.

ұзақ өмір сүру мен мәңгілік өмір сүру идеяларын уағыздау даошыл маггар мен уағыздаушыларға халық арасында жэне император алдында үлкен бедел әкелді. Олар жаңа діннің негізін қалап қана қоймай, сонымен қатар мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін дәрілер мен эликсирлер жасайтын «алхимияны» дамытты. Сондай-ақ даошылдар астрология, бал ашу, геомантия, магия және дерт шалған адамды айықтыруға септесетін медицинамен айналысты.

Көне даосизмнің философиялық үстанымдары ортағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даосизмнің көрнекті өкілдері Гэ Хун (VI ғ.), Ван Сюаньлань (VII ғ.), Ли Цюань (VIII ғ.), Тянь Цяо (Тянь Цзиншэн) (X ғ.), Чжуан Бодуань (XI ғ.). Конфуцийшілдік білім алған интеллектуалды элита да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты үнады, табиғатпен түтасуда творчестволық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас, әсіресе, Хань династиясы қүлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі барысында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-түжырымдарды қабылдады, буддалық үғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолык терминдерге аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті.

Магия және физиогномистикамен байланысқан оккульттік даосизм халық бүқарасын өзіне тартты, сол себепті ол билік тарапынан қарсылыққа ұшырады. Билік одан көтерілісшіл-эгалитарлық дӘстүр үшқынын сезді. Даолық көзқарастар құпия қауымдардың идеялық негізіне («Ұлы теңдік жолы», «Ақ лотос ілімі» және т.б.) және шаруалар көтерілісінің жебеушісіне айналды (мысалы, 184 жылғы «Сары орамалдылар» көтерілісі).

Барлық адамдардың анасы, туылмаған Ана-Сиванму құдайының мекені — Батыс жүмағы туралы ілімді дамытқан даошылар, баршаның теңдігі және әлеуметтік эділеттілік идеясын негіздеді. Емшілер мен көріпкелдер де осы идеяларды жақтағандықтан, олар көпшілікке кең таралды.

Даолық дін көне анимистік нанымдарды, Көкке табынуды және әулие даналар культін өзіне қабылдады. Ортағасырлық даосизм қытайдың рухани мәдениетімен тығыз байланыста болды. Даошылар күнәһарлар жаны жазаланатын әзәзілдер патшалығы мен әділетті жандар үшін дайындалған қүдайлар мекендейтін аспан бар деп сенді. Орта ғасырларда мәңгілік туралы ілім ұзақ өмір культіне, ал өмір бастауы ретіндегі дао доктринасы көп балалық культіне жэне т.б. айналды.

Құдайлар иерархиясына аңыздық ел билеушілерді, мифтік батырлар мен даналарды, конфуцийшілдіктің көрнекті қайраткерлерін, тарихи тұлғаларды қабылдаған даолық пантеон синкретизмнің айқын көрінісі болып табылды. Халық арасында әділеттілік пен ізгі істі жақтайтын сегіз мәңгілік данышпан түлғалары кең таралды (оларға адамдық және сиқырлық қасиет тэн деп саналды).

II ғасырда «Аспан ұстаздарының жолы» деп аталатын Чжан Даомин (І-ІІ ғғ. негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу күқын иеленеді. Оның «Көктен түскен үстаз» титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. IV ғасырда «Жоғары тазалық» және «Рухан асыл қазына» атты даолық мектептер пайда болды. Олар медитациялық пайымда тәсілдеріне көп көңіл бөлді.

IV-VI ғасырлардан бастап даолық ілімінің көптеген қағидалары қай қарастырылып, ресми мәртебеге ие болды. Біртіндеп кең ауқымды иерархиялық канон

КОНФУЦИЙШЫЛДЫҚ

Конфуцийшылдықтың пайда болуы мен қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.

Кун-фу-цзы (б.д.д. 551-479 жж.) кедейленген ақсүйек әскер басының отбасында өмірге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол, тек 15 жасында ғана білімге қүштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар үстазының жэне өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен түжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шыгармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген үрпақтары бүл кітапты үлгі түтып, басшылыққа алған.

Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғарғы жаратушы күш — аспан. Ол жерде эділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, эр түрлі сатыдағы топтардың болуы ол — эділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе, бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», -деуінің өзі осыған айғақ.

Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі — адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі. Олар: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп, «дао» (дүрыс жол») құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.

«Тең орта» — адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-эрекеті. Өмірде мүндай «ортаны» үстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі, адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.

Ал адамгершіліктің негізі — «жэнь» — «ата-анасын қүрметтеу жэне үлкен ағаларын сыйлау», жалпы алғанда,үлкендерді сыйлау. Кімде кім шын жүректен адамгершілікке үмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым-қатынас, конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің негізгі өзекті үғымы. Бүл эдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда: «Өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама», — дегенге сайып келеді. Аталған эдептілік қағидаларын «текті адамдар» («цзюнь-цзы») ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды.

Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбінде осы «текті адамдарға» қарапайым адамдарды қарсы қояды. «Текті адам» — заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана үсақ-түйек тапсыруға болады; «текті адам» басқалармеҮн келісімді жағдайда өмір сүрсе де, олардың артынан ермейді, өзінің жолын үстайды, ал қарапайым адам жүртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын түрады.

«Текті адам» тек қана этикалық үғым емес, ол саяси үғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі — басшының өз басының әдептілік қасиеттерін өзінен төмен түрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.

Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші — билеуші, шенеунік — шенеунік, әке — әке, ал бала — бала болып, аттарына байланысты емес, шын мэнісінде қалулары керек.

Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші — эке, халқы — оның балалары. Осы түрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, «Білу дегеніміз — табигатты емес, адамдарды танып-білу», — деп есептейді. Кейбір адамдарға «туа біткен білім» тэн болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ түрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар түрады. Оқу, білу таңдамалы түрде болуы керек те, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу дегеніміз — тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мэселелерді жан-жақты қарастыру тэсілі.

Мэн-цзы (б.д.д. 372-289 жж.) — Кун-фу-цзының ілімін эрі қарай жалғастыра отырып: «Аспан (көк) — объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі — адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді», -деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: «Адамның табигаты тек жацсылъщтан жаратылган. Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен бетер жақсы көруі керек», — деген тұжырым жасайды.

Сюнь-цзы (б.д.д. 313-белгісіз) аспан мен жерде барлық денелердің шығу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан гөрі, керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған дұрыс.

Әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын үқса, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз, бай немесе қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тэрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның өзін-өзі жетілдіруге қүлшынуы тиіс.

Конфуцийшылдық б.д.д. I ғ. мемлекеттік ілімге, ал IX ғ. бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.

жасалды. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда монахтық институттар мен монастырлар, VIII ғасырда Қытайдың солтүстігінде көптеген мектептер қалыптасады, солардың бірі -«кемелденген ақиқат ілімі» осы күнге дейін жетті.

Кейінгі даошылар өз ілімін мемлекеттік дінге айналдыруға талпынды. Олар буддалық үлгідегі өсиеттерді жинақтап, ізгі адамдардың игі істері мен қызметтерінің тізімін жасады. Мемлекетке опасыздық жасау мен көтеріліс жасағаны үшін қатал жазалар қолданылды. Тан әулеті өз тегін ресми қүдайландырылған Лао-цзыдан бастады.

Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайваньда, Сянганда және қытай эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті түрмысқа енгізген діни синкретті топтар 1960 жылы ҚХР-да кудалауға үшырады, бірақ 80-ші жылдардан бастап олар, эсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды. Белсенді эрекет ететін Қытай күдайлары пантеонында шаман — медиумдар, галлопаттар, бал ашатындар, физиогномистер қызмет жасайды. Даолық храмдарға, монастырлар мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады. Қытайдағы «Даосизм ілімін үстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы» жүмысын қайта жандандырған.

Кореяға даосизм Лао-цзы мен Чжун-цзы идеяларымен бірге орта ғасырда үш патшалық кезеңінде Қытай арқылы ене бастап, саясат, мэдениет жэне күнделікті өмір салтына таралды. Даосизм Кореяда басты орындардың бірін алмаса да, қуғынға үшырап отырды, дегенмен, қазіргі замандық корей қоғамында даосизмнің эсерлері байқалады.

Даосизмнің қазіргі күні әлемде кең таралған оккулытік практикасы фэн-шуй немесе геомантияға ерекше назар аударуға болады. Сөзбе-сөз фэн-шуй «жел жэне су» -өмір ағымының қозғалысы деп аударылады. Бүл — адамның ішкі дүниесін үйлесімділікке келтіріп, сыртқы ортадағы заттардың көмегі арқылы элеммен гармонияда болуы.

«Фэн-шуй» жүйесі — адамның жанында энергетикалық үйлесімділік қүру эдісі ретінде танылады. Бұл жүйемен шүғылданушылардың пікірінше, заттарды дүрыс орналастыру мен түрлі түстердің гаммасын орынды қолдану арқылы денсаулыққа, энергетика тұрғысынан жетістік пен табысқа қолайлы жағдайларды жасауға болады. Адам бүл жүйеде ғаламның энергетика заңдылықтарына бағынатын кішігірім объектісі ретінде қарастырылады.

Фэн-шуй ТМД аумағына Қытайдан емес, Батыс елдері, соның ішінде Англия мен Германиядан келген. Батыста халықаралық «Фэн-Шуй» орталығы қүрылған, ал оның Қазақстандағы филиалы 2000 жылдың 3 мамырында тіркелген. Алматы мен республиканың бірқатар ірі қалаларында фэн-шуй жүйесін практикада қолдану бойынша жүмыстар атқаратын орталықтар бар.

Геомантия немесе фэн-шуй идеялары медицинаның, яғни шөппен емдеудің қытайлық әдістері, акупунктура, инемен емдеу жолдарына бастама берді. Фэн-шуйден басқа даосизм іліміне негізделген бағыттар цигун — тыныс алу гимнастикасымен байланысты психологиялық-физиологиялық практикалар, сондай-ақ дэстүрлі ушу өнерінің кейбір стильдері де танымал.

Жалпы алғанда, даосизмнің қытай мэдениетіне үлкен эсері болды. Алхимиямен шүғылдану химия, фармакология саласында бай эмпирикалық материалдың жиналуына ықпалын тигізді. Даолық ғалымдардың шығармаларында металдар мен минералдар, қағаз жасау сыры, оқ-дәрі, фарфор, жібек, дәрілер рецептін баяндайтын деректер сақталған.

ЛЕГИСТЕР

Легистердің (заңгерлер) негізгі өкілдері: Шан Ян (б.д.д. IV ғ.), Хань-фэй-цзы (шамамен б.д.д. III ғ.). легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі, «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дэріптейді.

Елде тәртіпсіздік болмас үшін:

1 .мацтаудан жазалау көп болу керек;

  1. аямай жазалау арцылы халыц арасында үрей тудыру кажет;
  2. үсац цылмыс жасагандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен цылмыс жасамайтын болады;
  3. адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру цажет.

Осы қағидаларда бүлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды жэне керек болса, өлімге де барады.

Мемлекеттің негізгі мақсаттары:

  1. ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру;
  2. осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру.

Осы түрғыдан өнерге, білімге деген қүштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.

Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жүмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс.

Конфуцийшылдар: «Мемлекет үлкен отбасы, оның  басшысы — халыцтыц әкесі».

Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.

Легистер: «Мемлекет — өз алдына бір машина сияцты қүбылыс, билеуші -өзін ата-баба аруагынан да, халықтан да, аспаннан да жогары қоятын деспот».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *