Педагогиа тарихындағы ой — пiкiрлердегi тәрбие максатының мәселесi. Тәрбие мақсаты төңiрегiндегі пiкiрталас ежелі дәуiрдің өзiнде-ақ басталған. Ежелгi ойшылдар тәрбиенiң мақсаты iзгi, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсiндi. Ал, «рақым туралы пiкiрде олардың ойлары бiр жерден шыкпады. Сократтьң түсiнiгiнше, тәрбиенiң мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзiңдi тану, аса құлықтылықты жетiлдiру. Сократтың шәкiртi Платон ақыл-ой, ерiк және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас бiлдiрдi. Ол тәрбиенi өкiметтiң өзi ұйымдастыру керек, үстемдiк етуші топтар — философтар мен жауынгерлердiң талап-тiлегiне сай жұмыс iстеу деп түсiндi. Платонның шәкiртi Аристотель, тәрбиенiң максаты жан рақымы акыл-ес псн ерiк-жiгердi дамыту деп білдi.
Я.А. Коменский тәрбиенің кушiне сендi, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы кажет: өзіңдi және қоршағак ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесi) және құдайға сиыну (дiни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенiн негiзгi максаты джентельмендi өз iстерiн акылмен және байыппен жүргізетiн адамды қалыптастыру. Ж.Ж. Руссо қоғамдык құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие максаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.
И.Г. Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабiлеттiлiгiн дамытуға негiзделудi, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесiмдi болуының биігінен көрінуі. кажеттiлiгiне тоқталса, ал ИФ. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рахымды адамды калыптастыруға, қалыптаскан карым-катынастарға бейiмделе алатын, қоғамдағы белгiленген тәртiптi сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйiнге келедi. Тәрбиенiң ең жоғарғы максатын А.Дистервег «акиқат, сұлулык және мейiрiмдiлiкке өз ынтасымен қызмет» ету деп анықтаған.Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын әлемге ұсынды. ХIХ г. 40-жылдарында В.Г. Белинский крепостнойлық право мен патшалык саясатка карсы күрескердi тәрбиелеу деп жазды. АМ. Герцен тәрбие мақсаты — коғамдағы «әдiлетсiздiкпен күресетiн еркiн ойлы, адамгершілiгi мол, қайраткер, жан-жақты дамығал тұлғалны дайындау деп санады.Бiз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершiлiк тәрбиенiң міндетi анағұрлым маңызды- деп,К.Д.Ушинский жазды.
Сол себептi, бүгiнгi тәрбиенiң максатын әлеуметтендiру мәселелерiмен бiрлiкте қарастыру өзектi мәселелердiң бiрi екенiне ерекше мән берген орынды.
Тәрбие мақсаты туралы түсiнiк. Тәрбие мақсаты — ол педагогикалық процесс пен қоғамнаң қажеттiлiгiне қарай өзгерiп отырады. Тәрбие максаты қоғамның әлеуметтiк сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсiби дайындығына байланысты келедi. Ұстаздың қызметi мақсаттылығынан басталса оқушылар оку iс-әрекетiнің мақсатын нақты ұгына отырып, тапсырманы орындауын бастайды Тәрбие мақсаты — бұл қоғамның бетбұрысына, кандай мұраттарына қол жеткiзуiне бағытталған. Тәрбие мақсаты — педагогиканың ең маңызды мәселесi. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесiнiң сипатын айқындаушы ретiлде көрiнедi. Мақсат пен мiндет бүтiн және бөлшек ретiнде ара қатынаста болады, жүйесi мен оның компоненттерiне тәуелдi. Қорыта айтқанда, тәрбиенiң мақсаты нақты тәрбие мiндеттерiнiң жүйесi.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердiң қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгiлi заңдылыққа негiздеудi есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бiрге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзiнiң қажеттi талабы мен мүддесiнің маңыздылығьн ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруiне кепiлдiк бередi. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгiлi бiр функцияларын жүзеге асыру процесiнде олардың уәждiк қажеттiлiгiнен туады. Қоғам қажеттiлiгi өндiрiс тәсiлi мен өндiрiс күшi және өндiрiс түрi қатынасының даму деңгейiмен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатыньң нәтижесi әрқашан қоғам дамуының жетiстiк деңгейiн бейнелейдi, ал өндiрiс тәсiлiн өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нактылау үшiн, тәрбие мақсатының қоғамдык-экономикалық қатынас түрiне байланысты екенiн атап өтемiз.
Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендiру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңiнен қолданылады. «Әлеуметтендiру» ұғымы адамды әлеуметтiк қарым-қатынастар жүйесiнде әр түрлi әлеуметтiк бiрлiктердiң (топтар, институт, ұйымдар) түрлерiне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендiру — мәдени элементтердi түсiндiру, әлеуметтiк мұраттар мен құндылықты игеру негiзiнде жеке тұлға қасиеттерiн қалыптастыру. Сөз жоқ, әлсуметтендiру жүйесiнің мазмұны қоғам талабымен айқындалатындығы, яғни оның мүшелерi қоғамның маңызды салаларын бiлу, өндiрiстiк қызметке қатысу, берiк үйелмен, заңды басшылыка алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мiнез-құлкы әлеуметтендiрудiң объектiсi ретiнде қалады. Бiрақ, адам бұл процестiң объектiсi ғана емес, субъектiсi болған жағдайда ғана әлеуметтенедi.
Әлеуметтендiру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бiрте-бiрте игеруi, сана мен тәртiпттiң маңызды әлеуметтiк мiнездерi, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейдi.