АЛЕХИН Александр Александрович

АЛЕХИН Александр Александрович (31.10.1892, Мәскеу, — 24.3.1946, Эштория, Португалия; Парижде жерленген) — орыс шахматшысы, шахматтан 4-дүние жүзі чемпионы (1927 — 35, 1937 — 46), шахмат теоретигі, әдебиетші, заң ғылдокт. Шахмат жарыстарына 12 жастан, ал халықар. деңгейде 16 жасынан бастап қатынасқан. 1908 ж. Мәскеуде Б. Блюменфельдпен ойнап, оны 4,5:0,5 есеппен жеңді. Сөйтіп Мәскеу шахмат үйірмесінің турнирінде 1-орынды иеленіп, Бүкілресейлік шахмат турниріне жолдама алды. 1927 ж. Х.Р. Капабланкамен кездесті. Ол матчта ойналған 35 партияның 25-інде тең түсіп, 6 рет жеңіп, 3 рет жеңіліп, 18,5:15,5 есебімен жеңіске жетті, сөйтіп дүние жүзінің ең күшті шахматшысы атанды. Ол Будапеште (1921), Баден Баденде (1925), Кечкеметте (1927), Сан-Ремода (1930), Бледте (1931), Лондоңда, Бернде, Пасаденада (1932), Парижде (1933), Цюрихге (1934), Эрсбруда (1935) өткен халықар. турнирлердің жеңімпазы болды. 1935 ж. М. Эйвемен кездесуде дүние жүзі чемпионы атағынан айырылды, 1937 ж. қарымта қайтару кездесуінде одан чемпиондық тәжді қайтарып алды. А. айқын комбинациялық ойынды дамытқан шахматшы. Ол позициялар динамикасын дәл түсіне білді, үнемі толыққанды, салмақты ойынға талпынды. Сондай-ақ А. шахмат мәселелері теориясының негізін жасап, оны іс жүзіне асырды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *