АЛЕУТ АРАЛДАРЫ

АЛЕУТ АРАЛДАРЫ (Aleutian Islands) — Тынық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі архипелаг. 1867 ж-ға дейін Ресей империясының құрамында болды, кейін Аляска штатына (АҚШ) енді. Ұз. 1740 км. Абсбиікт. 2860 м. Иіле орналасқан 110 арал мен жартастар тізбегінен тұрады. Жерінің аум. 37,8 мың км2. Тұрғыны 7,5 мың адам (1994). Байырғы тұрғындары — алеуттер. А. а. су астындағы жоталардың қырқасы. Аралдардың көбі — жанартау конустары, олардың 25-і атқылап тұр. Климаты субарктикалык, мұхиттық Жылдық жауын-шашын мөлш. 1500 мм. Жері шымтезекті, тауға тән тундралық топырақты келеді. Балық аулау, аң терісі кәсіпшілігі дамыған. Басты елді мекені, әрі ірі соғыс-теңіз базасы — Уналашка аралындағы Датч-Харбор 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *