АЛЕПАУЫЛ ҚОРЫМЫ

 АЛЕПАУЫЛ ҚОРЫМЫ — қола дәуірінен (б.з.б. 15 — 13 ғ.) сақталған ескерткіш. Қарағанды обл. Нұра өз-нің сол жақ жағасында, Алепауыл қыстағының тұсында орналасқан. А. қ-нда дөңгелек және төртбұрышты жұмыр және текше тастардан тігінен қалаған 10 қоршау бар. 1933 ж. Нұра экспедициясы (жетекшісі П.С. Рыков) зерттеген. Қазақстан жерінде алғаш ашылған Андрон мәдениеті ескерткіштерінің қатарына жатады. А. қ-ндағы қабірлердің бірқатарының қабырғалары жалпақ тастармен жәшік сияқты етіп шегенделген. Мәйіт бүктетіліп, бір қырынан, басы оңт.-шығысқа немесе солт.- шығысқа қаратылып жерленген. Қабір ішінен адам сүйегімен бірге геом. өрнегі бар қыш ыдыстар, алтынмен апталған мыс сырға, қоладан құйылған жебе ұштары табылды. Олар Орт. Қазақстанда қола дәуірінің өркендеген кезеңінде мекен еткен тайпалардың рухани және материалдық мәдениетінің белгісі болып табылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *