АЛЕКСЕЕВКА

АЛЕКСЕЕВКА — қола дәуірінің қонысы және зираты. Қостанай обл. Қостанай ауд. Алексеевка кентінен 4 км жерде, Тобылдың сол жағасында орналасқан. 1930 — 35 ж. Мемл. тарихи мұражай экспедициясы (жетекшісі О. А. Кривцова-Гракова) зерттеу жүргізген. Ескерткіш қола дәуірінің соңғы кезеңі — б.з.б. 1 -мыңжылдық басына жатады деп есептелінді. Кейінгі зерттеулер А. кешені ертерек кезеңге, б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысына жататынын көрсетті. Ұз. 1 км жерді алып жатқан зираттан 21 дөңес пішінді топырақ қабір ашылды. Шығысқа қарай діни-ғұрыптық орын, оңт.-шығысында қоныс орналасқан. Төбе үстінде ғибадатхана тәріздес құрылыс орны байқалады. Қалған белгілерге қарағанда, негізгі табынушылық түрі төбе үстінен қазылған кішірек шұңқырларға арнайы сүт, өсімдіктен істелген тағамдарды құйып әкелген қыш ыдыстарды көму, сондай-ақ үлкенірек шұңқырларда ет тағамдарын өртеу болған. Құрбандық шалынған жерлерден 59 қыш ыдыс табылды. Қоныстың 2500 м2 жері қазылып, 5—6 тұрғын үй зерттелді. А. кешенінен өте көп қыш, металл, тас, сүйектен дайындалған түрлі бұйымдар алынып, жерлеу, үй-құрылыс, металлургия, діни-ғұрыптық көзқарастар туралы маңызды деректер зерттелді. Солт. өлкенің Алакөл кезеңіне жататын А. кешенінің тұрғындары мал өсіру және егіншілік кәсібімен айналысқан, металлургия ісін жақсы меңгерген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *