АЛДЫН АЛА ҚАМАУ – қылмыстық процесте: қамауға алу (тұтқындау) түрінде бұлтартпау шарасын қолдану арқылы айыпталушыны (сезіктіні) немесе сотталушыны уақытша бас бостандығынан айыру. А.- а. қ-дың мерзімдері, тәртібі мен шарттары қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген. Сот оны жазаны өтеу мерзіміне қоса есептейді. Айыпталушыны (сезіктіні) тұтқындау шарасы тек прокурордың санкциясымен, не соттың шешімі бойынша қолданылады; тұтқындау мерзімі 12 айдан аспауға тиіс, бұлтартпау шарасын алып тастау немесе өзгерту тек прокурордың келісімімен ғана жүзеге асырылады.