АЛДИЯРОВ Мырзаш

АЛДИЯРОВ Мырзаш (1826 — ө.ж. белгісіз)— жолбасшы, саяхатшы. Қытайдың, әсіресе, көрші Жоңғария жерінің географиясын өте жетік білген. А. 1877 ж. Орталық Азияны зерттеуге шыққан орыс саяхатшысы Н.М. Пржевальский 2-экспедициясының жолбасшысы болып, оны Құлжадан Гаченге дейін, ал 1879 ж. оның 3- экспедициясын Зайсаннан Орталық Азиядағы Гашун-Нор көліне дейін бастап апарды. Осы экспедицияларды Азияның асқар таулары мен құлазыған шөлдерінен, орыс саяхатшыларына наразылық көрсетіп отырған жергілікті халықтың арасынан аман өткізіп, көп көмегін тигізді. Пржевальский А. туралы: “Мырзаш, біздің шекарамен өңірлес Жоңғарияны өте жақсы білетін жолбасшы болды… Оны біз еңбегіне орай Гашун— Нордан сыйлығын беріп қайтарып отырмыз”, — деп жазды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *