Өзінің табиғаты жағынан сан қырлы,әрі жан-жақты болып келетін христиан мәдениеті-Иисус Христос дінін қабылдаған барлық халықтарға тән мәдениет болып саналады. Христиан діні б.з.б. І ғасырда құдіретті Рим империясының
шығысында қалыптасты. Алғашқы кездегі иуданизмнің бір тармағы ретінде пайда болған бұл дін б.з.б 50- ші жылдары қасиетті Павелдың арқасында миссионерлік дін дәрежесіне жетті. ІVғасырда Рим императоры Константин Константинопольде христиан дінін мемлекттік дін деп жариялады. 1054 жылы христиан діні: католиктік және провославиелік болып екіге бөлінсе, ал XVI ғасырда бұл діннің жаңа тармағы — протестанттық ағым пайда болады.
Христиан дінінің қалыптасып, оның кеңінен таралуына көптеген ғұлама-даналар өздерінің қомақты үлестерін қосты. Солардың бірі-б.з.б.20-шы және б.з. 54-шы жылдарында өмір сүрген, Ф.Энгельс «Христиан дінінің нағыз атасы» деп дәріптеген Филон Александрийский болды. Филонның діни сарындағы белгілі еңбектерінде гректің идеалистік философиясы мен иудейлік мифологияның көзқарастары жан-жақты талқыланады.
Христиан дінінің болашағы мен оның өмірлік тағдыры Сенеканың(б.з.б.4-ші жыл мен б.з. 65-ші жылдары аралығындағы өмір сүрген ) атымен де тығыз байланысты. Сенеканың пайымдауынша, табиғи материя-дүниенің төменгі бастамасы болып табылады, ал оны тірілтуші құдай. Құдай барлық тіршілік атаулының иесі,адамзат баласының, одан қалды бүкіл тіршілік атаулының тағдыры тек қана соның қолында.
Христиан мәдениетінде құдайдың бейнесін бейнелеудің өзі де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Көне Грекиядағы құдайлардың адамдардан басты айырмашылығы –олардың мәңгілік өмір сүретіндігі мен құдіреттілі еді. Бірақ,ол құдайлар жер бетіндегі тіршілік иелері-адамдарға өте ұқсас болып келді, өйткені олар адамдар ішті жеді,өмірге сәби келтірді және т.б.
Христиан дінінің,христиан мәдениетінің мән-мағынасын тереңірек түсіну үшін, оның құндылық бағытарына да көңіл бөлген жөн, өйткені құндылық бағыттар- жеке адамның жан дүниесінің басты элементтері болып табылады.Ол адамның өмірінде жинаған бай тәжірибесіне, оның жан-дүниесінің толғаныстары мен ішкі сезімдік қасиеттеріне тығыз байланысты болып келеді.Демек, мәдени құндылық бағыттар адамның іс-әрекетіне ерекше мән-мазмұн береді. Құндылық бағыттар-адамның философиялық, саяси,эстетикалық,адамгершілік көзқарастарының, ой-пікірлерінің мәнді жиынтығы болып саналады.
Христиан дініндегі басты этикалық құндылық-құдайдың өзі. Құдай— ол махаббат, махаббат болғанда құдайды шын көңілмен мойындап қастерлейтіндерге ғана арналған шынайы махаббат. Құдай дүние жүзіндегі өмір сүріп жатқан халықтардың ешқайсысында алдамайды,бәрін тең санайды. Ендеше, христиан діні бір халықтың екінші бір халыққа үстемдік жасауын ешбір қолдамайды.Христиан дінінде Інжіл шарттарын жүзеге асырудың басты жолдарының бірі— монахтық өмір болды. Монахтық өмір-христиандық өмірдің және христиан дінінің ғасырлар бойғы бай тәжірибесінің таңғажайып құбылысы болып саналады. Монахтық өмірдің басты орталығы-ежелгі Мысыр мемлекеті болды. Өмірдің рахаты мен қызығынан саналы түрде безген тақуалық өмірдің негізін салушы-Ұлы Антоний еді. Ол ен далада құдайға құлшылық етіп,шыдамдылық пен қажырлылықтың керемет үлгісін көрсетті.
Неміс князьдері 1526 жылы өз қарамағындағы халықтың қай дінде болатындығын шешу құқығына ие болған болатын, бірақ Шпейер рейхстагы бұл мәселені қайта қарап,оны заңсыз деп тапты. Бұл заңсыз әрекетке қарсы бір топ неміс князьдері 1529 жылы «Қарсылық»(Протест) жариялады,міне, осы тарихи оқиғаға байланысты «протестанизм» термині пайда болды.
Протестанизм ағымының басты мәселесі-әр адамның өз күнәлерін өтеуіне тығыз байланысты болды,Протестанизм адам өз күнәларынан арылу үшін монастырьларда өзін-өзі азапқа салмауы және индульгенцияларды сатып алмауы тиіс, өйткені, бұлардың бәрі де Інжілге жат джеп санады. Протестанттардың пікірінше, құдйтағаланың өз күнәһарларынан күтетіні- олардың өз күнәларын шын жүректен мойындап, қапалануы болып табылады.
Протестанизм адам еркінің құдайға толық тәуелді екндігі туралы қағиданы халықтың санасына берік орнықтыра отырып, адам қоғам үшін қажырлы еңбек ету барысында өз бойындағы күнәлардан біртіндеп арылуға және алдына қойған мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік алады деп түйіндеді.
Протестанизм ағымын ғылыми тұрғыдан зерттеумен айналысушы белгілі социолог М. Вебердің пікірінше, «Капиталистік қоғамдағы кәсіпкерлік протестанизм ағымының тұрғысынан қарастырғанда мүлде басқаша сипатқа ие болды. Олардың пайымдауынша,кәсіпкерлікпен шұғылданушылар қалталы байлар, ұятсыз алыпсатарлар болмауы керек. Бұл маңызды істі қоғамның мүддесіне сай жүргізе білетін іскер, табиғатынан байыпты, өз ісіне адал, әрі жетік білетін адамдар жүргізулері қажет және «қызмет адам үшін емес,керісінше адам қызметі үшін жаратылуы»принципі жүзеге асырылуы дұрыс болады.
Қорыта келгенде,христиан дінінің екі мың жылдық тарихына тереңірек үңіле қарасақ өнердің түрлі салаларының, оның ішінде әсіресе сәулет өнерінің,музыканың, хормен ән айтудың, сурет өнерінің,шіркеу әдебиетінің және т.б. туындап, кейіннен заман ағымындағы өзгерістерге байланысты бүкіл халықтың игілігіне айналғандығын байқаймыз. Христиан өнері бүкіл Еуропа халықтарының мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады. Кейінгі замандардағы талай дарынды жазушылар,ақындар,сазгерлер,суретшілер және т.б. өнер адамдары христиандық мәдениет пен ізгілік қағидаларын өз шығармаларының арқауы етті.