Орта ғасырлық қазақ мәдениеті

 

Ортағасырлық қазақ мәдениеті Ұлы Жібек жолынан басталады. Оған Ұлы Жібек жолындағы тауарлар, ортағасырлық ескерткіштер (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі және тағы басқалар), «Ақыл кітабы», «Даналық кітап», «Түркі тілдер сөздігі жатады».

Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Оның бір тармағы Суяб, Тараз және Испиджап қалаларының үстімен жүрді. Испиджаптан солтүстік-батыстағы Фараб,  Шауғар, одан әрі Сырдарияның төменгі ағысына кететін тармақтар бөлініп шықты.Жібек жолымен ең алғашқы қатынас – байланыс б.з. бұрынғы ІІІ-ІІ ғасырларда жасалған. Бұл қатынас Бадахшан тау’ларында лазурит және Жәркентдәрияның жоғарғы ағысындағы Хотан ауданынан нефрит тасынын кен орындары табылыи, өнделе бастаған кезде пайда болды. Бадахшанда өндірілген лазурит Иран, Месопотамия, Алатол, Мысыр мен Сирияға тасьшды. 1 мыңжыл-дықтың ортасында Бадахшан лазуриті Қытайға жетті. «Лазурит жолы» Орта Шығысты Жерорта теңізімен жөне Үндістанмен бай-ланыстырды. Сол сияқты Шығыс Түркістан мен Қытайды байла-ныстырған «Нефрит жолы» болды.

Б.з.-дан бұрынғы І мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» болған. Геродоттың сипаттауы бойынша ол Қара теңіз жағалауынан Донға дейін, Оңтүстік Орал маңындағы сарматтар жеріне, Ертіс пен Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген аргиппейлер еліне дейін барған. Осы жолмен былғары, аң терілері, иран кілемдері, бағалы металдан жасалған бұйымдар тасымалданды.ІХ—ХІІІғасырлар Орта Азияда қала мәдениетінің өрлеу кезеңі болды. Қалалар саны арта түсті, олардың көлемі кеңейді, қолөнер мен сауда өркендеді. Осындай құбылыс Қазақстанда да  жүріп жатты. Жетісудың солтүстік-шығысында қалалық мәдениеттің жаңа үшінші ауданы пайда болды.  Бұл аймақта VIII ғ. пайда болған қалалардың  көлемі IX—XII ғасырларда айналасынан жаңа рабадтар салынуы  есебінен ұлғая тусті, орталықтағы ескі үйлердің орнына жаңа  құрылыстар салынып, бұл қалалар ірілене түсті. Әуелде олар ірі шонжарлардың тұрағы әрі қажет төнген кезде бас сауғалайтын қамалы ретінде салынды, мұнда рудың беделді, бай адамдары тұрды. Кейін қолөнер   мен   сауда   өркендеді,   қарапайым   халық   көшіп   келе . бастады. Қытайдан жібек қағаз, айна, сырлы бұйымдар әкелінді. Батыс елдерден қытайға қас бояйтын сүрме, Вавилонның бағалы киімдері. Маржандар мен інжулер шыны, мата тасылып жатты. Қытай мен батыстың арасындағы сауда мәдени байланыста соғдылықтар үлкен рөл атқарды. Олар өз тарапынан саудаға күміс бұйымдар, түсті шыны,дәрілік және бояулық шөптер, кілемдер шығарумен айналысты.  Сауда жергілікті ақсүйектерге  айтарлықтай пайда келтірді және жорықта түсірген олжаларын сатуға да мүмкіндік берді. Византиядан, Соғды, Қытай және басқа көптеген елдерден шыққан сәнді, әсем заттар түркі шоңжарларының ордаларынын, бай қалалықтардың үйінен орын алып жатты. Археологиялық қазба кезінде Жетісудан византиялық таңбасы бар құмандар, алтын теңгелер мен қытайлық айналар көптеп табылды.

Көшпелілермен айырбас сауда оларға таяу орналасқан Испиджап, Отырар, Дех-Нуджикес сияқты ірі қалалардын өтетін жәрменкелерде жүзеге асырылды.

    Отырар, Суяб, Тараз қалаларында құйылған қаңлы, түркеш, тухус теңгелері бұл тайпалардың саудасында ақшаның да қолданылғанына дәлел бола алады.

Жергілікті теңгелер аймақішілік сауданың болғаның дәлелдесе, Соғды  (VI ғасырдың соны мен VIII ғ. Басында) түркі теңгелері, Ферғана, Бұхар билеушілері,қытайлық Таң әулеті шығарған теңгелердің табылуы халықаралық сауда жүйесінде қалалардың маңызды рөл атқарғаның айқындай түседі.  Жазба деректерде « Саудагерлер қаласы » деп аталатын Тараз маңында ірі сауда орталығы болған. Ал Суяб қаласы туралы «Онда әр елдің саудагерлері кездеседі, ал халқының жартысы саудамен айналысады» деп жазылған.

Ортағасырлық қазақ мәдениеті негізіндегі қала мәдениетімен тығыз байланысты. IX-XII 5асырларда Орта Азияда қала әдениетінің өрлеу кезеңі болды. Қалалар саны арта түсті, орлардың көлемі кеңейді, қолөнер мен сауда өркендеді. Осындай құбылыс Қазақстанда да жүріп жатты. Жетісудың солтүстік-шығысында қалалық мәдениееттің жаңа үшінші ауданы болды бұл аймақта VII ғ пайда болған қалалардың көлемі IX-XII ғасырларда айналасынан жаңа рободтар салынуы есебінен ұлғая түсті, орталықтағы ескі үйлердің  орнына жаңа құрылыстар салынып, бұл қалалар ірілене түсті. Әуелде олар ірі шоңжарлардың тұрағы әрі қажет төнген кезде бас сауғалайтын қамалы ретінде салынды, мұнда рудың беделді, бай адамдары тұрды. Кейін қолөнер мен сауда өркендеді, қарапайым халық көшіп келе бастады.

Көшпелілердің отырықшылыққа көшуінің бір дәлелін тұрғын үй мен қыш ыдыстарынан білеміз. Қазақстанның оңтүстігінде XI ғасырда тұрғын үйдің жаңа түрлері –анфиладалы, айқышты бөлмелі және қатарластырыла салынған үй-жайлар пайда болды. Жетісуда қалалық үйдің қасында жазда тіршілік ететін киіз үйлердің тігілуі де бұған дәлел.

Көшпелілер керамикасында кертікті тапсырма біліктермен және сызып түсірілген оюлармен әшекейленген қыш құмыралар көп кездеседі. X-XII ғасырларда көшпелілердің әсерімен ыдыс қақпақтарын ою, бедерлеу және жапсыру арқылы әшекейлеу стилі қалыптасты. IX-XII ғасырларда бұрынғыша Жібек жолының маңызы басым болды.

      Осы арадағы сауда жолдарымен Енисейдегі хакастарға әр үш жыл сайын жібек тиеген керуен өтіп тұрған.Қала үшін төңірегіндегі дала тұрғындарымен сауданың маңызы зор болды. Бұл сауда екі жаққа да тиімді болғандығына мына бір селжұқ құжаты дәлел: «Көшпелілердің әкелген заттары отырықшыларға көп пайда түсіріп,байлығын арттырды. Бұл игіліктің пайдасынан ақсүйекткер мен қарапайым халық та өзіне тиесілі үлесін алып отырды» Жібеук жолы арқылы екпе өсімдіктер: жүзім, шабдалы мен қауын, дәм-татымдық шөптер мен қант, көкөністер мен жемістер таралды.Алайда саудадағы басты тауар жібек болды. Жібек алтын сияқты халықаралық валютаға айналды, оны патшалар мен елшілерге сыйлық ретінде ұсынды, жалдамалы әскер ақысына және мемлекеттік борышты өтеуге пайдаланды.

Қыпшақ тайпаларынан шыққан атақты жырау, күйші және философ Қорқыттың өмірі мен шығармашылығына байланысты мәселелер сөз етіледі.  « Қорқыт ата кітабы » атақты « Шаһнамаға » ұқсас және сол кездегі түрік мәдениетінің энциклопедиясы деуге болады.Қазақ  аңыздары бойынша, Қорқыт ата өзінің желмаясына мініп алып, халыққа мәңгілік бақыт әкелктін жерұйықты іздеген. Ол философиялық өте маңызды мәселе өлім мен өмірдің мағынасы туралы, шектеулікті жеңіп  шығудың  жолдары туралы талай тамаша пікірлер айтады.Мәңгі өмір іздеген Қорқыт үнділік Будда сияқты, қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, көктем-жаздағы жас желек күзде сарғайғаны тәрізді, өмірде де «өлмейтін нәрсе жоқ» екендігі туралы қорытындыға келеді.Енді ол мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді.Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарға  өлмес күйлерін қалдырды. Қысқаша айтқанда, «Қорқыт ата кітабы» түрік халықтарының алтын қорынан  өзіне тиісті орнын алып отыр.Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма – «Диуани хикмет»(«Ақыл кітабы»).Қожа Ахметтің өмірде жасаған бір ерлігі оның 63 жасқа келгеннен кейін, «пайғамбар жасына жеттім, одан әрі өмір сүру, жарық дүниені  көру күнә» деп бар байлығын мүсәпірлерге таратып, өз еркімен жер астындағы үңгірде тіршілік етуімен байланысты. Оның пәк өміріне риза болған атақты Асқақ Темір ғажайып Қожа Ахмет Иассауи ғимаратын салдырды.Қазақстан жеріндегі Реннесанс көріністерінің бірі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». Осыдан IX ғасыр бұрын жазылған (1069-1070ж.) бұл дастанда түрік мәдениетінің негізгі нышандары айқындалып, бақытты өмір сүру мұраттары тұжырымдалады.Жүсіп Баласұғын Хас- Хаджибтің бұл еңбегі шын мәнісінде ортағасырлық түрік мәдениетінің энциклопедиясы деп қарастыруға болады.Жүсіп Баласұғын Шығыс Рененссансының кемелденген кезінде өмір сүрген және Әл-Фараби бастаған Шығыс перипатетикасынан, әрі сопылық поэзиядан нәр алған. Сондықтан оны белгілі бір мәдениет ағымына үзілді-кесілді қоса салған дұрыс емес. Ол өзіндік бір дәстүр бастаған ұлы тұлғалардың қатарына жатады.тарихи-мәдени ағын талай арнадан қуат алды. «Құтадағу білік» ( «Құтты білік») -6520 бәйіттен тұратын философиалық-тәлімдік шығарма. Дастанның аты Жүсіп Баласағұнның өмір тірегіқұт, яғни парасатты, нұрлы өмір деген басты принципке сүйенген. Жүсіп Баласұғынның түп-тамырларын тек Ренессанс идеяларынан ғана емес, ең алдымен  тағдыры ұқсас түрік халықтарының мәдени мұралары төңірегінен іздеу керек. Яғни, «Құтты білік», кейбіреулердің айтатынындай, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда Х – XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірлік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Кунтуды-әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, ақыл-парасаттылықтың иесі, елге бақ-дәулет, яғни құт әкелетін Айтолды бейнесі арқылы ашылған. Күн мен Ай қашаннан кіндік Азия халықтарының пір тұтқан күш-қуаттары еді. Уәзірдің ақылды ұлы Ұғділміш-осы мәдиниетке тән білімділік пен парасаттылықтың көрінісі. Әдеп пен тәртіп,байсалдылық Ұғділміш бейнесінде философиялық тәсілмен суреттелген. Түрік тайпалары Шығыс Ренессансының жай ғана шеткі аймағы емес екенінің бір куәсі – Махмұд Қашқаридың  (ХI ғ.)  « Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы ») атты туындысы. Бұл сөздікті тек тілтанулық құрал демей, сонымен бірге ортағасырлық түрік мәдениетінің озық өркениетке қосқан бір үлесі деп қарастырған жөн. Мұсылман әлемін баурап алған мәдениетке өзін әлемге таныту қажеттігі туды. Оны Махмұд өзінің теңдесі жоқ шығармасында ойдағыдай жүзеге асырады. Махмұд Қашқаридың негізгі зерттеген мәселесі – түрік тайпаларының мәдениеті. Осы мақсатпен ол бүкіл түрік тайпаларымекендеген кеңістікті аралап шықты . «Мен түріктер , түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын, қыстық пен жайлауларын көп жылдар кезіп (аралап)  шықтым, лұғаттарын жинадым, түрлі сөз қасиеттерін үйреніп, анықтадым. Мен бұл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылық тарды да анықтау үшін істедім. Әйтпесе мен тілде олардың ең білгір адамдарынан, ең үлкен мамандарынан , көрегендерінен, тайпаларынан шыққан, соғыс істерінде мықты найзагерлерінен едім. Оларға ден қойғаным сондай, түріктер, түркімендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар және қырғыз тайпаларының тілдері түгелдей көңіліме қонып, жатталып қалды. Солардын бәрін мұқият бір негізде жүйеге салдым ».    

Ортағасырлық қазақ мәдениетіндегі ескерткіштер, қазақ-жыраулардың жыраулары, ортағасыр ақындарының кітаптары қазіргі мәдениеттің дамуына кең жол ашты. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *