Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

 

Өркениет(цивилизация)семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің-«civilis»сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» —олардың түсініктері бойынша, азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.

   Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:

  1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер(И. Гердер, Б.Тайлор).
  2. Өркениет-мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы(Ж.Ж. Руссо,Ш.Фурье,О.Шпенглер).
  3. Өркениет-мәдениеттің прогресі,болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф.Вольтер, Д.Белл).
  4. Өркениет-тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
  5. Өркениет-этностар мен мем лекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби,Н.Я.Данилевский және т.б.).
  6. Өркениет-мәдениеттің техникалық даму деңгейі,оның материалдық жағы.

    Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің жолмен   бөленуі,қалалардың пайда болуы,жазбаша мәдениеттің дамуы,қолөнер мен сауданың өркендеуі,азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.

Мәдениеттің өзекті бөлігі-өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан,халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз,өнер әлемінсіз,қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да,өнер-мәдениеттің алтын қазынасы,адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке,сұлулыққа ұмтылуы.

Мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат,ақыл-ой,ізгілік пен әдемілік заттандырылып,игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет-адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам-«хайуани мадани»,яғни,мәдениетті жан.

Мәдениет пен табиғатты қарама қарсы қоюдың бір түрі-адамның табиғи антимәдениеттілігі жөнінде ілімдер еді(киниктер,Ницще). Контрмәдениет атты ХХ ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім-мәдени антропология. оның негізін салушылардың бірі-Э.Уилсон.

Мәдениет-адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес,керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік жіне рухани қыл-көпір. Осы үндестікті(гармонияны) одан әрі жетілдіру-адамзаттың алдындағы келелі міндетАдам және мәдениет мәселесін тереңдете түсінетін тағы бір мәселе адамның көп мағыналылығына, жан-жақтылығына,шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады.

Ж.П.Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге  еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиасы –адамдағы                                                                                                                                   «Мендік».Одан сыртқа ерекше бір нүр – азаттық, жауапкершілік , адамгершілік сәулес  інүр  шашып  тұр. Мәдениетте  адам  ғажап биік  деңгеиге  көтеріледі. Мәдениет  дегеніміз-менің  өмірім , меннен  бөлінген, мен  өлгеннен кейін  де тірі  болатын –менің  шығармашылығым.

 Қоғам — әлемінің  бір  бөлігі , белгілі  бір мақсаттарды  іске  асыру  жолында  әрекет  етіп  жатқан  субъектілердің  (тұлғалардың , топтардың, этностардың , мемлекеттердің ) байланыс  нысандары . Яғни , қоғам  ұғымындағы  негізгі  мәселе – адам  және  оның  ұйымдасу  нысандары , бұл  ретте  қоғамды  зерттейтін  басты ілімді  әлеументтану  деп  атайды. Ал  мәдениет  осы  тұрғыдағы  қоғамның  белгілі  бір  қасиеті , көрінісі , сипаты  мазмүнында  қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *