Алғашқы қауымдык құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және ол жүздеген мыңжылдықтарға созылды. Алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірі бұдан 2.5-2.6 млн жылдай бұрын басталып, б.з.б 2000 жылдықтың басына дейін созылған. Кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеніңде өзгеріске ұшыраған.
- Перигорд кезі әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды.
- Ориньяк кезі. Бұл дәуірде жұмсақ тастан және пілдің азу тісінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің алғашқы туындылары «венералар» деп аталды.Ол кезде әйел қауымның бүкіл тұрмыс-тіршілігін басқарған және туыстық жағын да әйелдер айқындайтын болған. Әмірші ана ұрпақтың есен саулығы мен оның өмір тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі болып саналады.Алғашқы қауым суретшілері әйел денесінің сұлулығы мен сымбаты гөрі ұрпақты көбейтер қасиеті-әйелдің салмақты күшін басымырақ көрсеткісі келген.
3.Солютре кезі. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар т.б жасала бастады.
4.Мадлен кезі. Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табиғат қыспағында өмір сүрді.
Кейінгі палеолит дәуірінің мәдениеті сан-салалы болды.Бүл кездегі адамның ең басты тіршілік кәсібі-аң аулау болған.Аңшы өзінің болмысымен жануарлар дүниесімен тығыз байланыста болады.Олар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді.Сиқыршылықтың басты мақсаты-адам бойындағы ауруды қуып шығу, жақсы көрген адамын айналдырып алу және т.б.Магияның негізінде көне заманғы діни наным-сенім тотемизм қалыптасты. Тотемизм -адамдардың өздерінің ата тегін жануарлармен, жануарлар дүниесімен тығыз байланыста қарастыруы.Австралия-тотемизм мен сиқырлаудың классикалық еліАлғашқы қауымдық құрылыс адамдарының салт жоралары қалай болғанда да мифологиямен келіп тоғысады.Олай болса үңгір қабырғаларының көрінген жеріне салынған, бір-бірімен байланыссыз, ешқандай өрнек құрамайтын сан алуан сызықтар мен шимайлар бейнелеу өнерінің ортақ композициясын құрамаса да, олардың әрқайсысын жеке қарастырғанда алғашқы адамдардың дүниетанымдық көзқарастарының хабар беретін өнер туындылары.
Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті дамуының соңғы кезеңдері мезолит, неолит дәуірлеріндеадамдар баяу болса да тұрмыс-тіршілігін табанды түрде өзгертуге кіріседі.Ол енді жалқыға емес жалпыға, жеке аңға емес, тұтас үйірге назар аударып, ортақ игілік үшін ұжымда еңбек ете отырып, дүниені рухани сезіммен анағұрлым кең әрі ұйымшылдықпен қамтыды. Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі-неолит дәуірі.Бұл дәуірдің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшеігі бар. Бұрын үңгірлердегі аңдардың бейнелері жабайы, қозғалыссыз қалыпта берілсе, ендігі жерде аңдардың бейнесін салуда сапасы жақсарды. Ең бастысы аңдар бейнесін қозғалыс күйінде көрсетуге тырысты.
Неолит дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге бөлуге болады. Олардың алғашқысы аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Жануарлардан қолға тек қана итті үйреткен, тамақты қыздырылған тас салу арқылы ағаш ыдыстарда пісірген, қызыл қарағайдан сапалы әрі мықты кайықты жасауды меңгерген.Қозылар мен ешкілердің жүнінен көйлектер мен жамылғыш плащтар тіккен.Солтүстік Американы мекендейтін индеецтердің арасында «сыйлық»деп аталатын ғұрып етек алған.Бұл ғұрып бойынша мейрамдар кезінде бай адамдар жиналғандарға өз дүниесін тарататын болған, осылай олар қоғамдағы беделін көтеріп нығайтқан. Ұндістербің ойып жасаған заттарының композициялық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар екендігін ерекше атап өткен жөн. Бұл өнер туындылары әдетте тік етіп жасалады. Оған мысал ретінде зергерлер қолынан шыққан төрт бейнелік топты алып қарастырсақ.Бұл туындының ең астында кит, оның үстінде ер адам, оның басында түрегеліп тұрған әйел, ал әйелдің басында отырған бүркіт бейнеленген. Бұл «спорттық пирамида» қоршаған дүниені және оның тұтастығын көрсетеді. Неолит дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты.Егіншіліктің алқашқы түрі көшпелік сипатта болған бірақ көп ұзамай ақ бұл кәсіптің қыр сырын меңгерудің арқасында адамдар отырықшылыққа көше бастады. Адамдардың отырықшылыққа көшуіне байланысты шаруашылықтың жаңа салалары егіншілік пен мал шаруашылықтары пайда бола бастады. Егіншілер мен малшылары шаруалар болды. Олардың діндері анимизм болды. Анимизм рух жан деген мағына береді. Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім.
Алғашқы қауым адамдарды сиқыршылықта жиі қолдады. Бірақ аңдық сиқыршылыққа қарағанда егіншілік сиқыршылығының өзіндік ерекшелігі болды. Шаруа үшін жер құдай-ана болып табылады.Сондықтан да егіншілікке байланысты маусымдық ритуалдар маусымдық сипатта болды.Егіншілікке байланысты әдетғұрыптардаер адамдар басты рөльді атқарды. Жын перілермен арпалыс кезінде құдай өліп те кетуі мүмкін. Міне, осындай қиын сәтте оған көмекке әйелі немесе қарындасы келді. Олар құдайды жер асты патшалығынан іздеп тауып алады да, жер үстіне шығарып, күннің көзіне қояды, сәйтіп құдай қайта тіріледі. Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі-фетишизм. Фетишизм — табиғат заттарыменқатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштергетабыну.Тотемизм, фетишизм, анимизм барлығы қазіргі заман мәдениетінде, дүние жүзінің халықтарының салт дәстүрінен кеңінен көрініс тауып отыр.
Қорыта келгенде Қоғамдық даму барысында өнердің сан саласы жетіліп жаңа мазмұнға жаңа формаға ие болды.Адамзат баласының даму жолындағы қарышты қадамының әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамаша өнер туындылары ұрпаққа мәдени мұралар болып қалады. Адмзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетін негізін қалауда орасан зор роль атқарады.Ол негіздер: әлеуметтік ұйым. салт дәстүр, наным сенім т.б Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар-адамзат тіршілігінің басты мән мағынасына айналды.
Қазақ мәдениеті еуразиялық ұлы дала көшпелілерініңмұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық ерекшеліктер мәдениетімен бастайық. Номадтар (грекше ру, бөліну; көшіп қонуы) — шаруашылық қызметімен оған байланысты тұрмыс салтының ерекше ұлгісінде өмір сүретін әлеуметтік топтың өкілдері.»Номадизм» термині адамдар тобының кеңістікте жылжуы деген мағына берді. Тұрғылықты орны болмайтын номадизмдердің отбасында ауыспалы формалар көп. Бұл жартылай номадизм, көлдеңен номадизм, периодсыз номадизм.