Мәдениет құбылысының толық және табысты зерттеу үшін жеткізу немесе типология әдістері қолданылады. Мәдениет типологиясы – ғылыми таным әдісі, оның негізінде әлеуметтік мәдени жүйешелер мен объектілерді және олардың топталуын қорытындылаған, идеяланған үлгінің немесе тектің көмегімен бөлшектеу жатыр.
Типологияға қажеттілік құрамы, көптігі бойынша әр түрлі объектілерге ғылым ұшырасқан жағдайда пайда болады және олардың реттеу жазбасы мен түсіндірме мәселелерін шешеді. Мәдениетті зерттеу барысында типологиялық құрылым ғалымдар бірыңғай «құрылым жоспарын» іздеумен әуестене бастаған XVIII-XIX ғасырларда кең қолдана бастады. Н.Я. Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А. Тойынбидің мәдени- тарихи мектептері зерттеуді осы бағытта жүргізді. Марксизм өз жүйесін қоғамның экономикалық үлгілерінеқұрып, оның негізгі өндіріс қабілетінің өлшемін алды. Неміс әлеуметтанушысы М. Вебер идеялық үлгілерді құрудың әдісін әзірледі. Нақты өмір сүрмейтін, атап айтқанда, абстрактылы, «таза түріндегі» мәдениетің типологиялық моделі ретінде мәдениет типологиясының мәнін, тетіктерінің құрылымын М.Вебер толық қарастырды.
Мәдениеттерді типологияландыру немесе типтердің әлдебір жүйесін құрастыру, яғни мәдениеттер типологиясы екі маңызды, бастапқы логикалық- танымдық амалдардың көмегімен жүзеге асады.
Мәдениеттер типтерін көрсету үшін бөлінген жалпы маңызды сипаттамалар ретіндегі негізлердің өздері әр түрлі бола алады. Олар мыналар:
- этнографиялық критарийлер (олардың сапасында тұрмыс, шаруашылық уклады, тіл және т.б. көрініс таба алады);
- мәдениеттердің аймақтық типологиясының негізінде жататын, кеңістік- географиялық критерийлер: батысеуропалық, латынамерикандық, қиыршығыстық, африкалық, сібірлік т.б.;
- төмендегідей мәдениет типтерін көрсетуге негіз болатын, хронологиялық- уақыттық: алғашқы адамдар мәдениеті, мәдениеттің антикалық типі, орта ғасырлық мәдениет, қайта өрлеу мәдениеті, ағартушылық мәдениеті, жаңа заман мәдениеті, модернистік мәдениет, постмодерн т.б.
Мәдениет типологиясын анықтайтын басқа маңызды логикалық-танымдық тәсілге осындай жіктемелік құрастырудың танымдық мақсаттарын, міндеттерін анықтау жатады. Зерттеулік танымдық міндеттер оларды мәдениеттің осы жіктемесінің негіздерісапасында таңдап алынатын сипаттамалардың жиынтығын анықтайды. Сондықтан, міндетті орындардың бірнеше негіздері бола алады, ол осыдан мәдениеттерді типологияладырудыңкритерийлері де бірнешеу болады.
Белгілі отандық мәдениеттанушы Э.А. Орлова мәдениеттерді ойлаудың негізгі формалардың функционалдық рөлі және жүзеге асыру тентіктері критерийлері бойынша топтастырды. А.Е. Глебов осы негізде мәдениеттің екі типін атап өтеді: олардың бірі – абстрактылық басымдылығы, басқасы — ассоциативтік ойлау формаларының басымдылығы. Осыған сәйкес, бірінші типте әмбебаптықтың, концептуализацияның, жалпылаудың, генерализацияның үстемдік етуіне иеміз, ал екіншісінде – партикумеризмнің, яғни қайталанбайтын жеке-дара, ерекше мәдени сипаттамалардың басымдық танытатынын көреміз. Әмбебаптың мәдениетті анықтамағандық төмен деңгейімен сипаттайды, еуропалық абстрактылы бейнелеу өнерін қытайлық немесе жапондықпен салыстырыңыз. Ол сол немесе басқа мәдениетке мәселенің шешімін таңдау қалай жүзеге асатынын, ненің негізінде және қандай сапада ақпарат іріктеліп алынатынын, жағдайдың қалай анықталатынын көрсетеді.
Типтері бойынша тарихи бірінші қалыптасқан мәдениеттер жіктемесіне тарихи-этнографиялық типология жатады. Ол типографияның – этнографиялық пайда болуы және этникалық тарихы туралы ғылымның шектерінде қалыптасты және бұл кездейсоқ емес, өйткені мәдениеттанудың өзі білімнің дербес саласы ретінде бастапқыда этнография шеңберінде дамығанын еске алсақ, жеткілікті. Қазіргі этнос ұғымы өзіне, бір жағынан, ерекшелігі табиғи факторлардың ықпалымен анықталатын адамның табиғи жаны ретінде өмір сүру формаларының сипаттамасын, ал басқа жағынан нақтылы тарихи әлеуметтік жүйе ретіндегі адам сипаттамасын енгізетіндіктен, этнография мәдениеттер типтерінің сипаттамасы үшін негіздер сапасына адам өмірінің, оның мәдени ортасының көптеген көрініс формаларын: нәсілге жатуын, табиғи факторлар, шаруашылық-тұрмыстық бітімдерін, тілді және т.б. қамтуға ұмтылады. Осыған байланысты мәдениеттің этнографиялық типология жүргізу тәжірибесінде түпкілікті критерийлердің үш маңызды тобын және соған сай үшін түрлі этнографиялық типологиялық құрылымды бөліп көрсетуіне болады. Оның басты критерийлері түрлі нәсілдерге жатуы ( шығуы бойынша, туысқандық), тәндік (табиғи) белгілері және территориялық ортақтық болып табылады.
Мәдениеттің тарихи-этнографиялық типологиясының екінші түрі – мәдениеттердің шаруашылық-тұрмыстық типологиясы, оның баксты біріктіруші белгісі шаруашылықтың бірегей типі, шаруашылық әрекеті, ұйымдастырудың ортақ формалары болып табылады. Бұл ортақтық ұқсас табиғи-географиялық жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық, өндірістік дамудың жақын деңгейімен анықталады.
Әрине бұл шаруашылықтың мәдени типі шеңберінде, оның қойнауларында тек дайын табиғи өнімді тұтыну емес, сонымен бірге сол шаруашылықтың белгілі бір ұйымдасу формаларын қажет ететін алғайқы еңбек құралдарын дайындау жүзеге асады. Сонда да бұл шаруашылық-мәдени типтегі басым, приоритеті, жүйе қарастырушы белгіге құралдарды жасау емес, дайынды алу жатады, сонымен бірге шаруашылықтың төмен өнімділігі және кездейсоқ факторлардан үлкен тәуелділігі себептелді, ал оларды жеңу қиын, кейде тіпті мүмкін емес болып келді.Одан ерекше басқа шаруашылық- тұрмыстық тарихи- этнографиялық мәдени тип- қолөнер, жер өңдеу мен малшылыққа негізделген шаруашылық мәдени тіршіліктің типі- отырықшылық, мүліктік теңсіздік, әлеуметтік бөлінудің бастамасы, саяси биліктің ұжымы ретіндегі мемлекеттің пайда болуы сияқты көптеген ортақ белгілеріне ие болады.
Этностық маңызды сипаттамалардың біріне оның тек ортақ пайда болуы ғана емес, сонымен бірге ортақ тілді пайдалануы жататындығы белгілі, этнолингвистикалық типология шектерінде екі түрлі мәдениет типі көрсетіледі. Олардың бірі – мәдениеттің типологиялық немесе генетикалық тілдік типі, онда ортақ мәдениет тілдерінің шығу тегі бойынша туыстығымен анықталады. Бүгін үш мың тіл саналған, олардың ішінде 3796- сы суреттелген және оларды лингвистер 13 тіл шоғырына топталған.
Мәдениеттің басқа лингвистикалық типі — морфологиялық, онда тілдер ортақтығы тілдердің шығу тегіндегі туыстығы бойынша белгіленеді. Бұл белгілер бойынша романдық халықтар және соған сай романдық мәдениет, ағылшын – саксондық, славияндық, арабтық, түркілік, латынамерикалық және т.б. халықтар мен мәдениеттер болып жіктеледі.
Н.Я. Данилевскийдің мәдениеттер типологиясы.
Н.Я. Данилевский локалды «мәдени- тарихи типтер» ілімін құрастырды. Және бұл типтер өз дамуында туындау, құлдырау, гүлдену және жойылу кезеңдерінен өтеді делінеді. Алайда Н.Я. Данилевскийдің көрнеккті жетістігіне мәдениеттер типологиясын жүзеге асыра отырып алғашқыларыдң бірі болып, мәдениеттер жіктемесінде мәдениеттің әрекетшіл табиғаты тұрғысынан келгені жатады. Қалыптасқан, әсіресе, қазіргі деңгейге дейін жеткен адамның әрекеті біртекті болмағандықтан, осыны жақсы түсіне отырып, оның түрлі типтерге жіктелетіндігіне, жүзеге асатынына ол басты назар аударды.
Н.Я. Данилевский төрт түбегейлі әрекет түрлерін атап өтеді:
- Ол, біріншіден, өзінің құдайға қатынасын қамтитын діни әрекетті бөліп көрсетеді, оның пікірінше, ол адамгершілік және кез келген басқа әрекеттің негізінде жатыр.
- Әлдебір дербес түр ретінде құрастырылған әрекеттің басқа түрі- бұл, Н.Я. Данилевскийдің өзінің айтуы бойынша, адамның сыртқы дүниеге қатынасын қамтитын және теориялық- ғылыми, эстетикалық- көркем, техникалық өнеркәсіптік формаларда жүзеге асатын мәдени әрекеттің өзі.
- Н.Я. Данилевский бөліп көрсеткен дербес әрекеттің үшінші түрі – бұл өзіне қалай ішкі, солай сыртқы сан- сатты енгізетін саяси әрекет.
- Ақырында әрекеттің төртінші дербес түрі – нәтижесінде белгілі бір экономикалық қатынастар мен жүйелер құрастырылатын экономикалық әрекет.
Бірінші типті дайын сатылардан соң ілескен және әрекеттің бір түрі негізінен айқын және толық көрініс табатын бірнегізді мәдениеттерқұрастырады. Мәдениеттердің осындай типіне, оның пікірінше, діни- дүниетанымдық әрекет басым болған, християндық негізгі қалаған, монтеистік дінді әлемге әкелген, еврейлік мәдениетті жатқызады. Мәдениеттің бұл бірнегізді типіне ол өзіндік мәдени әрекетті жүзеге асырған, жетекші әрекет ретінде өнер мен философия көрініс тапқан грек мәдениетін жатқызады.
Сонан соң қоснегізді мәдениеттер ілеседі, Бұд типке ол герман-раналдық немесе еуропалық мәдениетті жатқызады. Оны ол саяси- мәдени тип деп атайды, себебі әрекеттің осы екі түрі- саяси және жеке мәдени – оның сенімділігі бойынша, еуропалық халықтардың бүкіл шығармашылық әрекетінің негізі болады.Н.Я. Данилевскийдің пайымдауынша, мәдениет бағдары үшінші- төртіншімізді типке орай бұрылған. Бұл тип, оның айтуынша, тек енді ғана қалыптасып келеді, бірақ ол- болашақтық. Бұл Н.Я. Данилевскийдің ойы бойынша, адамзат мәдениеті тарихындағы, барлық төрт әрекет түрлері үйлесімді дамитын, соған сай құндылықтардың негізгі түрлерін шын сенімді, саяси дәне экономикалық әділдікті, еркіндікті ғылымды, ақиқат пен өнерді үйлесімді сәйкестендіретін рекше тип болып табылады, Н.Я. Данилевский осындай тип ретінде, егер ол еуропалықтапрдан дайын үргілерді алуға бейімделіп кетпесе, славияндық мәдени тип қалыптаса алады дейді.