Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы «ақыл-ой» мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін «жетілдіру», оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда «табиғи» бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды «жетілдіру» тұрғысынан адамзат баласының алдында келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдылық қана емес икемдігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер – махаббат, үміт, сенім және т.б. жаңа сатыға көтерілді. Адма өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адам бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда. Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігіне емес, оның Құдайға-ғаланың ықпалында болуы мен онымен рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне, осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениетті тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатталады.
Канадалық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы М. Маклюеннің айтуы бойынша, мәселенің түп-төркіні ақпарат алмасу құралдарында жатқан көрінеді.
М. Маклюэн әлеуметтік-мәдени даму процесін тіклей ақпарат алмасу құралдарының өзгерістерімен байланыстырады да, дискреттік идеяға мәдени дамудың континуалды идеясын қарсы қояды. Ол 60-жылдардың басында-ақ адамзат тарихындағы мәдени кезеңдердің тікелей негізгі ақпарат құралдарының өзгерісіне байланыстылығы туралы мәселені көтерген болатын. Мұндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз – тіл, баспасөз, ғылым, компьютерлер, теледидар және т.б. «Мәселенің бәрі – ақпарат құралдарында!» — бұл Маклюэннің осы аттас еңбегінде айтылған негізгі тезисі.
Шындығында, тіл – бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлейміз, бір-бірімізді түсінеміз. Бірақ күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда біз мынадай қызық нәрсені байқаймыз — әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен. Сол шексіз көптүрлі мағынаның болуы бір ұлтқа тиесілі ортақ тілді көптеген «социолекттілерге» бөліп-бөліп жібереді. Осы «социолекттілерді» М. Бахтин «әлеуметтік-идеологиялық тіл», «айтылған сөз» деп, Р. Барт «жазу типі» деп атайды.
Адамның бірде-бір сөзі тиянақталып, аяқталмаған, өйкені ой принципті түрде тамамдалуы мүмкін емес. Әрбір сөз әрбір адамның рухани әлемінде өзіндік өзгеріске ұшырайды. Тірі сана, тірі қарым-қатынас барысында тілді бұлжымас, қозғалмас жүйе деп қарастыру мүмкін емес. Адам үшін оны қоршаған тілдік орта да, ол адамның өзінің тілдік санасы да түгелдей дерлік көп дауыстылықтан, көп мағыналықтан тұрады. Сөз ендігі жерде, тек бір нәрсені білдіріп қана қоймайды, сөздің өзіндік «иісі» тіпті өзіндік «дәмі» де бар.
Адамдар қарым-қатынасының әмбе-баб құралы ретінде белгі түгелдей дерлік қоғаммен, әлеуметпен қатынасты әлеуметтік болмыс. Ол қашан да адамдар сұқпатына, адамдар қарым-қатынасына бағышталған. Белгілілік шығармашылық және ол шығармашылықтың мазмұнын тікелей қарым-қатынас сұқпат негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін.
Жалпы, ұғыну мәселесі ХХ ғасыр философиясындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды десек те болады. Осы мәселеге сонау Ф. Шлейермахерден, В. Дильтейден бастап М. Хайдеггер, Х.Г.Гадамер сынды ойшылдар көп көңіл бөліп, біраз тер төкті. Түсіну мүмкіншілігі туралы айтылған біраз көз-қарастарды қарастырып өткен жөн. В. Дильтей өзінің міндетін гуманитарлық ілімнің ерекшеліктерін, немесе сол В. Дильтейдің кезіндегі Германияда қалыптасқан терминалогия бойынша, «рухани ғылымдардың» өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру деп білді. Сондықтан да ол өзінің негізгі еңбегін тікелей рухани ғылымдармен жартылыстану ғылымдарының қарама-қайшылығына негіздеп, «Рухани ғылымдарға кіріспе» (1883) деп атады.
Рухани ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының ерекшелігі олардың зерттеу объектілерінің өзгешелігімен ғана байланысты емес, сонымен қатар ол ғылымдарының таным тәсілімен де, тәжірибе үлгісімен де байланысты. Табиғаттың белгілі бір мақсаты жоқ және ешқандай мағыналық құрылымы жоқ болып келеді. Жаратылыстану ғылымдарында табиғат – таным объектісі ретінде ақыл-ойды және еркі бар адамға қарама-қарсы тұр, өйткені, адам үшін табиғат қашан да «сыртқы әлем», «сыртқы» тәжірибенің материалы. Ал енді гуманитарлық ілімдер, немесе «рух туралы ілімдерде» адамның өзі таным субъектісі бола тұра өзін-өзі яғни адамды зерттейді. Сондықтан, бұл жерде объекті мен субъектінің бір болуын біріне-бірінің дәл келуін байқаймыз. Осы тұста В. Дильдей өзінің шығармаларының орталық мәселесін – адамның, субъектінің өзін-өзі түсіну, өзін-өзі танымдық объекті ету мүмкіндігі туралы жайды көтереді. Бір сөзбен айтатын болсақ, жалпы, гуманитарлық ілімдердің болымыстық мүмкіншілігн зертейді.
Адамды түсіну үшін оның дүние танымын, көз-қарасын, идеалдарын яғни рухани әлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге-көрініп тұрған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі көтеріледі.
Жаратылыстану ғылымдары зерттейтін пәніне көзімен көріп, қолымен ұстап «сыртқы» әлемнен сыртқы тәжірибе арқылы жететін болса, рухани ғылымдарға бұған қарама-қарсы тәсілмен әрекет ету керек. Рухани әлемді тек «эмпатикалық» ену, бойлау арқылы, яғни сол зерттейтін субъектінің орнына өзіңді қойып, соған айналу арқылы – бір сөзбен айтсақ, ұғыну арқылы танимыз. Жаратылыстану немесе нақты ғылымдар өз фактілерін өздері түсіндіретін болса, ал рухани ғылмдарды түсіну, ұғыну керек. Оларды суреттеп, мазмұндап беру мүмкін емес, оларды түсіну керек. Әркім өз санасынан өткізіп, өз жеке басымен сезіну керек.
М.Бахтин таным объектісі – шындықты екі қатарда қарастыруға болады дейді: Табиғаттың таным субъектісінен тысқары жатқан объективті процестерінің қатары және адам туралы, немесе таным субъектісі туралы қатарға бөлуге болады. Олардың біріншісі «әлем туралы ой» болатын болса, екіншісі – «әлемдегі ой» болып табылады. Біріншісін тануда түсіндіру қажет, ал соңғысында түсіну қажет. «Түсіндіруге бір сана, бір субъект қатынасты, ал түсіну үшін ең кемінде, екі сана қажет. Объектіге деген сұқпаттық қатынас болуы мүмкін емес, сондықтан түсіндіруге сұқпатқа орын жоқ. Ал ұғыну, түсіну қандай да бір мөлшерде сұқпатты қажет етеді».
Гуманитарлық ілімдердің негізгі тәсілі – түсінудің, ұғынудың сұқпаттылығы қазіргі герменевтикада өзінің жалғасын тауып отыр. Алдымызда жатқан, бізге берілген тексті түсінудің, ұғынудың қажеттілігі бізге, интерпретаторға, талдаушыға, осы текст сұрақ қояды дегенді білдіреді. Сондықтан ұғыну интерпретаторға қойылған сұрақпен тікелей байланыста жүріп отырады. Тексті түсіну, әлгі қойылған сұрақты түсіну.
Гуманитарлық танымның объектісі – текст (жазбаша текст болсын, ауызша текст болсын). Мұндағы текст деп отырғанымыз өзіңді жеткізудің, көрсетудің бір түрі, өзіңді «ойлай білетін субстанция» ретінде табу жолы. Тіпті Құдайдың өзі де алғашқыда өзін сөз арқылы табады. «Бастапқыда сөз болған … » Адамның өзін-өзі табу, өзін-өзі басқаға жеткізу құралы ретінде іс-әрекетті, қылықты да айтуға болады. Іс-әрекет, қылық та өзіндік текст ретінде түсіндіріле алады. «Адам іс-әрекеті потенциалды текст және ол өз уақытының сұқпатық контексі арқылы ғана түсіндіріледі».
Текст (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан біреуге бағышталған әрі сол бағышталғандығыен ғана құнды, бағалы. Текст авторының ішкі дұниесімен қатар өзіндік көзқарасы, дүниетаным шеңбері бар. Әлемде бірдей ойлайтын, бірдей түсіп, бірдей ұғынатын екі адамды кездестіре алмайсыз. Әлем дегеніміх әрқашан түрлі дауыстар, түрлі тсініктер, түрлі сана-сезімдер полифониясы.
Х.Г.Гадамер ұғыну мәселесіне келгенде текст, немесе сұрақ көкжиегінің басымдылығына көңіл аударуды талап етеді. Тексті түсіну. Сұрақты түсіну дегеніміз зертттеуші мен зерттелушінің көзқарасының біріне-бірінің қосылуын, бірігуін білдіреді. Ал М.Бахтин үшін бірігудің міндетті еместігін көреміз, ең бастысы – тәуелсіз екі көзқарас шеңберінің кездесуі, сұхбаты болса болғаны. Зерттеуші өзінің ізденіс объектісінің қарайтын айнасы, айнадағы бейнесі болып қалай, текстінің жаңа мәнін туғызатын белсенді қатынасушысы, шығармашыл бастамасы болу керек. «Жекелеген жалғыз сөйлем, сөз, ой болуы мүмкін емес. Оның алдында да артында да көптеген сөйлемдер, сөздер, ойлар, қоршауы тұр.
Бірде-бір сөйлем не соңғы не алғашқы бола алмайды. Ол — әрқашан бір тізбектің байланысатын бір бөлігі ретінде ғана қарастырылуы мүмкін.
Үлкен уақытта барлық мәдениеттер бір- бірімен коян- қолтық араласа, бірін-бірі айқындай, бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді. Мәдениетті талқылау, түсіну принципті түрде ашық, аяқталмаған,тәмәмдалған процесс Сондықтан да гуманитарлық ілімдер, әсіресе мәдениеттанудың өзі табанды түрде аяқталмаған. Оның таным ақпараты да үйеленіп, тиянақты жетілмеген, сондықтан болар, оның терминдерінің жылжымалылығы, таным- тәсілінің қатаң сақталынбауы, нақтылықтың аздығы және т.с.с…
Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ісденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады.
Фрейдтің және т.б. концепциялары соның куәсі. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап батыс ойшылдарының арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік «тілді адам тіршілігінің негізгі, маңызды анықтаушысы деп бір ауыздан қолдап отыр». Бүгінде тіл негізгі коммуникативті құрал ғана емес, адамның бүкіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым. Фрейдизм, феоменология, экзистенциялизм, антикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология, т.с.с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарым- қатынас саласы ретінде анықтайды. Рухани әлемдегі мұндай өзгерістердің лебі мәдениеттану саласынан да байқалады. Мәдениеттің өзін мететіл ретінде анықтап, оның бойындағы коммуникативтік мүмкіншіліктерді негіздеу барысында лингвистикаға басты назар аудару заңды іс. Өйткені, соңғы 50-60 жылдар аралығында қарым- қатынас, коммуникация мәселесін жан-жақты зерттелген бірден- бір сала – осы лингвистика.