Қазақ тіліне бұл терминін арабтың «маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюлық) деп анықтауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні – мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Кейінірек Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45 ж.) бұл сөздің ағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерда мәдениет сөзі «білім беру», «даму», қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі замандағы сөздіктерде мәдениетке төендегідей анықтамалар берідген: а) мәдениет – белгілі б3р халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.); б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі ( сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) агро-мәдениет ( дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғартуға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғаш рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер- анамен, оны өңдеп- баптаумен тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау- бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие.
Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктері «жетілдіру», оның ішінде ақыл- ойды, ақыл- ой болғанда «табиғи» бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл- ойды «жетілдіру» тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдық қана емес екндігі айқындалып, ендігіні жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер –махаббат, үміт, сенім және т.б. жаңа сатыға көтерілді.