АЛДИЯР (парс. Аллаяр — Аллаңыз жар болсын) — қаратпа сөз. Ұлық адамдарға, ханға, сұлтанға, т.б. құрметпен тіл қатудың көне түрі. А. сөзі қазақ арасында ислам діні ықпалымен қалыптасқан. Қазақша мағынасында А. бағыныштылықты, жалыныштылықты, кішілікті, әдептілікті білдіреді. Ұлықтарға бұлайша тіл қату басқа халықтарда да бар. Діни қаттамдар болмаса, қаратпа сөздің бұл түрі бүгінде қолданудан қала бастады.