- Үздіксіз педагогиклық практиканың мақсаты, міндеттері, мазмұны.
- Педагогиклық практика кезіндегі тәрбиелік жұмыстар.
- Педагогиклық практика барысында кездесетін проблемалық жағдайлар.
Кәсіби білім беру саласында педагогикалық практика болашақ мамандардың өздері таңдаған кәсіптерін практика жүзінде, тереңірек танысып көруіне негізделіп ұйымдастырылады.
- ЖОО-ғы өткізілетін педагогикалық практикалар болашақ ұстаздардың теориялық білімдерін шынайы педагогикалық процесс жағдайында шығармашылықпен іске асырып, өздерін педагог ретінде сынап көрулеріне, болашақ кәсіптерінің қыр-сырымен тереңірек танысуларына бағытталған.
- Педагогикалық практика болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерліктері мен кәсіби құзіреттерін дамытудағы және қалыптастырудағы ЖОО-ғы педагогикалық процестің ажырамас бір бөлігі.
- Болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлықтарының сапасын жоғарлатуға бағытталған педагогикалық практиканың білім берушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық қызметтерінің мүмкіншілігі өте жоғары.
Білім беруді ізгілендіру, демократияландыру, және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді-шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие іс-әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу-тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек. Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнынының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Практиканың міндеттері:
- мұғалім мамандығының әлеуметтік мәнін және оның оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әсерін студенттердің сезіне білуі.
- болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын, педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.
Практиканың мазмұны:
Бекітіліген нормативтік құжаттарға сәйкес әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жүйесімен таныстыру.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына», психологиялық-педагогикалық пәндердің кешендеріне сәйкес, студенттерді оқытудың барлық кезеңдерінде әрбір курста үздіксіз педагогикалық практика өткізіледі және мыналарды қамтиды:
- білімді реформалау жағдайында мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру
- Мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен таныстыру
- мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесі мен таныстыру
(директордың, директордың орынбасарының іс-әрекеті);
- мектеп құжаттарымен таныстыру (мектеп жұмысының жоспары, сынып жетекшісінің жоспары және т.б.)
- әртүрлі әдістерді (сауалнама, бақылау, сұқбат, мектеп құжаттарымен танысу және т.б) пайдалануды негізге алған пән мұғалімінің мен сынып жетекшісінің қызметтерімен таныстыру
- мектеп психологының қызметімен таныстыру
- мектептің санитарлық гигиеналық жағдайымен таныстыру
- сабақ кестесі, тамақтану тәртібі, күн тәртібі, физикалық даму ерекшеліктерімен таныстыру
- мектептің материалдық-техникалық жабдықталу жайымен таныстыру
Педагогикалық практиканың мақсаттары:
- студенттердің мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікке және тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу;
- студенттің өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезініп, үздіксіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;
- студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту.
- мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;
- тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;
- педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық, зерттеушілік әдісін дамыту;
- мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.
Мектеп әкімшілігінің студенттердің үздіксіз педагогикалық практикасын басқарудағы жұмысы. Мектеп директоры:
— педагогикалық практиканың дұрыс өтілуіне жағдай жасайды, мұғалімдер мен қызмет істеушілермен және оқушылармен педагогикалық практика мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді;
— студенттерді оқу – тәрбие мекемесінің жұмысымен, мұғалімдер құрамымен, құжаттармен оқу — өндірістік базамен (кабинеттермен, шеберханалармен, кітапханалармен,және т.б) оқу — өндірістік және тәрбие жұмыстарының жалпы жүргізілуімен, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен таныстырады, практиканттарға педагогикалық кеңестің, пәндік (бейімдік) тексерушілердің атаа – аналар комитетінің жиналыстарына қатысуға мүмкіндік береді, олардың жұмыс жоспарымен таныстырады.
— практиканың топ жетекшісімен бірге студенттерді сыныптарға (топтарға) бекітеді;
— Судент практиканттардың іс – шараларына (таңдап) қатысады және де оларды талқылауға қатысады;
— педагогикалық практика жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
— оқу – тәрбие мекемелерінде педагогикалық практика қорытындысы бойынша жиналыс өткізеді және мүмкіндігінше институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларға қатысады.
Пән мұғалімдерінің міндеттері
— өзіне бектілген студенттерді өзінің оқу – тәрбие жұмыстарының жоспарымен таныстырады, ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізіп, оларды талқылауды ұйымдастырады;
— практиканың топтық жетекшісімен бірге студенттердің арасында сабақтардың тақырыбын және пән бойынша сабақтан тыс шараларды бөліп белгілейді;
— студенттерге үйірме жұмыстарын өткізуге, дәптер тексеруге, көрнекі құралдар жасауға, кино және диафильмдерді демонстрациялауға, зерханалық жұмыстарын дайындауға және т.б жұмыстарды тапсырады;
— студенттерге мінездеме береді және олардың оқу жұмысын бағалайды;
— педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша оқу – тәрбие мекемесінің жетекшілерімен өткізген жиналыстарға, сондай – ақ мүмкіндігінше институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы
конференцияларға қатысу.
Сынып жетекшісінің міндеттері
-студенттерді сыныптан жалпы ерекшеліктермен, негізгі тәрбие міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады;
— педагогика пәнінің оқытушысымен және топ жетекшілерімен бірігіп студенттерге тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын қдағалап, кеңес береді;
— психология пәнінің оқытушысымен бірге практиканттардың оқушыларды және сынып ұжымын зерттеу жұмыстарына, психологиялық – педагогикалық мінездеме жасауына жасауына жетекшілік жасайды;
— студенттердің өз бетінше жасаған тәрбиелік іс – шараларына және оны талдауға, баға қоюға қатысады;
— студенттерді сыныптың (топтық) күнділікті тәрбие жұмыстарына тартады;
— студенттерге мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды;
— педагогикалық практика бойынша оқу – тәрбие мекеме жетекшілерінің өткізген жиналыстарына, сондай – ақ институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларға қатысады.
Педагогикалық практикалар мына шарттар арқылы өткізіледі:
- мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі — тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
- студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студентердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.
- психологиялық-педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.
- бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау;
- педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағыттылығы;
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- Үзіліссіз педагогикалық практиканың негізгі мақсат, міндеттері қандай?
- ЖОО-ғы үзіліссіз педагогикалық практиканың құрылымы қандай?
- Педагогикалық практика кезіндегі тәрбиеләк жұмыстардың маңыздылығы неде?
- Тәрбиелік жұмыстардың қандай түрлерін атай аласыз?
Әдебиеттер
- Станкин М.И.. Психология общения: курс лекций. М. — 2000. — 304 с.
- ЖОО-ның І-ІV курс студенттерінің үзіліссіз педагогикалық практикасы. Типтік бағдарлама. А,:2006ж
- Введение в педагогическую деятельность. А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, и др. — М., 2000. — 208 с.
- Виктор Пекелис. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976. -196 б.