АЛДАШЕВ Ахмет Алдашұлы

АЛДАШЕВ Ахмет Алдашұлы (4.9.1937 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Еңбекшілдер ауд. Кішкентай а.) — мед. ғыл. докт.(1973), проф. (1978). Қазақстанның еңб. сің. ғылым және техника қайраткері (1988). Қарағанды мед. ин-тын бітірген (1960). 1961 — 66 ж. сонда патофизиология кафедрасының ассистенті. 1966 — 75 ж. Респ. Өлкелік патология ин- тында сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, 1975 — 82 ж. КСРО Мед. ҒА Тағам ин-тының Қазақ филиалында директордың орынбасары, директоры болды. 1982 жылдан Респ. дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының директоры әрі гигиена кафедрасының мең- герушісі. Негізгі ғыл. еңбектері тағамтану, тамақтану гигиенасы және витаминология мәселелеріне арналған. Ол құрқұлақ, рахит, ақшам соқыр ауруларының пайда болуы витамин тапшылығымен қатар амин қышқылдарының және сүт тағамдарындағы кальций, фосфор тұздарының жетіспеушілігінен болатынын дәлелдеп, биохим. механизмін ашты. Сондай-ақ үлкен қалалардағы экологияның бүлінуіне электромагниттік толқындардың әсер ететінін анықтады. А. Құрмет белгісі және Парасат (1998) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *